Блок бойынша таңдап алу. Блок бойынша таңдап алу әдісі кезінде барлықуақытта орынды бола бермейді. Себебі мәліметтер жиынтығы ретімен орналастырылған баптардың бір-біріне ұқсас сипаттамасы болып, мәліметтер жиынтығының басқа жерінде орналасқан басқа баптардан айырмашылығы болмайтындай етіп құрылуы мүмкін. Блок бойынша таңдап алу операцияның немесе баптардың қатарында орналасқан сандарды іріктеуден тұрады.
Іріктеу әрбір бабы бойынша аудиторлық процедура өткізілгеннен кейін аудитор:
-үлгіден табылған қателерді талдауға тиісті;
-іріктеу тәуекелдігіне қайта бағалау жасауға тиісті.
Іріктеудегі қателерді талдау. Үлгідегі табылған қателерге талдау жасау кезінде, аудиторға бірінші кезекте қарастырылыпотырған бапта шын мәнінде қате бар екендігін анықтау қажет.
Іріктеуді жоспарлау кезінде аудитор аудиттің мақсатын есепке ала отырып, қатені құраушы жағдайларды анықтайды.
Іріктеу тәуекелін қайта бағалау. Еге болжанған қателер ұйғарылған қатеден көп болса, онда тәуекелділікті қайта бағалау қажет. Осының нәтижесінде қосымша процедураларды жүзеге асыру қажеттілігі пайда болуы мүмкін.
2. Аудитті жүргізу этаптары. Аудитті жоспарлау процесі.
Қаржылық есеп беруге аудит жүргізу масштабын анықтау кезінде үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады:
1.Аудиторлық процедураларды жоспарлау және даярлау
2.Қаржылық есеп беру элементтерін тексеру
3.Пікірді қалыптастыру және тұжырымдаманы құру
300 «Жоспарлау» халықаралық аудит стандартында жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тимді жүргізуді қамтамасыз ету екендігі көрсетілген.
Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласында қажетті көңіл бөлуге, потенциалды мәселелерді анықтауға және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі.
Тексеруге қатысы бар дәлелдеулерді жеткілікті жеткілікті көлемде жинау аудитор өзіне кәсіби жауапкершілікті алу үшін қажет. Сонымен бірге, жинақталған дәлелдеулер құны төмен болуы керек. Аудиторлық дәлелдеулердің ең төмен құны үшін қам жеу жұмысты жоспарлау қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, аудиторлар әр тексеру үшін мақсаты төмендегідей болатын жоспар құруы керек:
-Аудиторлық процедуралардың қажетті көлемін анықтау;
-Тексеруді жүргізу шығындарын бағалау;
-Аудитті жүргізу сапасын қамтамасыз ету.
Аудит жоспарын құру аудитті жүргізудің жалпы принциптері, сонымен бірге келесідей принциптерге сәйкес іске асырылады:
-Жоспарлаудың кешенділігі;
-Жоспарлаудың үздіксіздігі;
-Жоспарлаудың оптималдылығы.
Аудитті жоспарлаудың кешенділігі принципі, жоспарлаудың алдын-ала аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құруға дейінгі барлық кезеңдердегі өзара байланыспен келісімдікті қамтамасыз етуді көздейді.
Аудитті жоспарлаудың үздіксіздігі принципі аудиторлар тобына өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезеңдерін, мерзімдері мен құрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстыруды көздейді.
Аудитті жоспарлаудың оптималдылығы принципі аудиторлық ұйымның өзі анықтаған критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының оптималды вариантын таңдау мүмкіндігі үшін жоспарлау варианттылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Жоспарлау – бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңдердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Аудитор өз жұмысын тескерілетін ұйымммен танысудан бастау қажет.
Жоспарлау процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады.
1. Алдын ала жоспарлау
2. Клиент туралы жалпы ақпаратты жинау
3. Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау
4. Ішкі бақылау жүйесін бағалау
5. Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау.
Алдын ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының келесі кезеңдерін қамтиды:
— Клиентті таңдау және аудитті орындау туралы шешім қабылдау;
— Аудитті орындау үшін персонал таңдау;
— Жұмыс жағдайларын келісу;
— Аудитті жүргізу жөнінде клиентпен шартқа отыру.