Тар заман көркем фильмі жайында

Тар заман көркем фильмін көрген едім. Бейне фильмдегі қазақ зиялыларын көріп, олардың сымбаттылықтарына, ұқыптылықтарына сүйсіндім. Алаштың өмірі жолында мерт болған ұлы тұлғаларымыз өте келбетті болыпты. Көгілдір экранизациядағы образдары сәтті шыққан. Сыртқы келбеттерін ғана емес, ішкі жан дүниелерін таза ұстай білген ағаларымызды  тұтас әлемнің эталоны, яки, сұлулық пен ой ұшқырлығының парадигмасы деп қарастыру-ақиқаты толастамайтын (фактісі жетерлік) дұрыс концепция. Менің айтпағым,  гуманды адам болуды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Қазақ жерінде  сабаз жандар  көп болған. Олардың қатарынан өздеріңізді көргіңіз келсе, тар заман кино туындысын көруге кеңес беремін.  Алаш партиясын негізін қалаған аталарымыздың ұлт намысы жолындағы күресі сіздің сана кеңістігіңізге  серпін беріп, жаңа қадамдардан қорықпауға, батыл, қайсар болуға үйретері анық.

Асыл тұлғаларымыздың ізгі жолы жас ұрпаққа үлгі боларына нық сенімдімін. 

Алтыншаш КУРМАНАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *