Астары мол фильмдер жиынтығы

Фильмдер адамның түпсана кеңістігін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Терең мағыналы фильмдерді көру һәм қабылдау арқылы біз прагматизмге ұмтыламыз. Жетістікке жеткен адамдардың көбі бос уақыттарында астары мол кино-туындыларды тамашалайды. Бұның мәнісі неде деп ойлайсыз? Тек абсурдық түсініктен алшақ кино-картиналар ғана бізге жаңа серпін беріп, келешекке деген ынта-жігерімізді артырады. Әрине, сізге  киноқұмар бол  дегіміз келмейді. Арнайы уақыт табылғанда адамға ой саларлық, пайдалы бейне-фильмдерді көргеніңіз жөн. Сонымен қатар, кітап оқуды күнделікті дағдыңызға айналдыруды ұмытпаңыз.

Қазіргі ахуалды ескере отырып, мен сіздерге көруге тұрарлық фильмдердің тізбегін тағайындап қойдым.

  1. «Анаға апарар жол» көркем фильмі. Ананың махаббаты ешқашан өшпейді. 
  2. «Әлек болған әйел» (Орысша баламасы: «Инглиш-Винглиш») атты кино-туынды. Бас кейіпкердің ағылшын тілін меңгеру жолындағы тар жол, тайғақ кешулері  іштегі үрейден қорықпауға үйретеді.
  3. «Шерлок Холмс» кино-картинасы. Ізбасар адамның ақылдылығы үстіртін пікірді тұжырымдамас бұрын барлығын тиянақты ойластырып алу қажеттігін көпке үндейді.
  4. «Сын сағат» (Барлық бөлімдері) фильмі. Екі серінің ақиқат жолындағы күресі көпшілікті әрқашан қайсар да мейірімді болуға үйретері хақ

Аталмыш фильмдердің қазақша нұсқасын  (қазақ тіліндегі дыбыстамасымен бірге) https://kinokor.kz/ сайтынан тамашалай аласыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *