Сұранысқа ие өнеркәсіп өнімдері

Күні:

 

Сынып: 10Т2

Қатысқан оқушылар саны:                                   

Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы

Сұранысқа ие өнеркәсіп өнімдері

ББЖБ №2

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.​4.​1.​1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу;

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: публицистикалық және ғылыми стильдің жанрын анықтайды;

Көпшілігі: Мәтіндердің стильдік ерекшелігіне сай тілдік құралдарды орынды қолданады;

Кейбірі: Жағдаятқа сай интервью жазады.

Бағалау критерийлері

Стильдердің ерекшелігін еске түсіреді, мысал келтіреді;

Мәтіндерге сай кестені толтырады, талдау жасайды;

Жағдаятқа сай интервью жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Құндылықтарды дарыту

Әлем алдындағы жауапкершілікті сезіну, тақырып аясында бір-бірінен үйрену.

Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру

Өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, өзін-өзі тану,

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарын қолдану

Бастапқы білім

Еңбек нарығы және сұраныс

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

 

Қызығушылықты ояту

 

(Ұ)Оқылым алдындағы тапсырма

Топтастырайық.

Сөздерді қай стильде көбірек қолданылатынына қарай топтастырып, неге олай топтастырғандарыңды топта айтып, ой бөлісіңдер.

Сөздер:мақала, азот, үндеу, жұрнақ, жолдау, мыс.

 

Отандық киім: кім өндіреді, кім киеді? сұрағына оқушылар өз ойларын ортаға салады.

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ж)

Оқылым тапсырмасы

Мәтіндерді көзжүгіртіп оқыңдар.

Жұпта қысқаша мазмұнын айтыңдар.

Талдап көрейік.

 

А мәтіні

«Astana Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» – жеңіл өнеркәсіптік өнім өндірісімен, техникалық реттеу саласындағы стандарттарды жетілдірумен айналысатын Қазақстандағы алдыңғы қатарлы компания.

Кәсіпорын жылына 2 млн-ға тарта бұйымды шығаруға қауқарлы. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан серіктестік бүгінгі таңда 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Компания жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтуда. Сол себепті мұнда еңбек ететін адамдардың саны да үнемі артып отырады. Кез келген жұмыс берушіге білікті әрі тиісті салада тәжірибесі бар мамандар қажет. Нарықта бәсекелестікке қабілетті болу үшін «Astana Ютария Ltd» ЖШС-нің жетекшілігі тігін фабрикасының базасында Оқу орталығының жұмысын ұйымдастырыпты. Мұнда «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шеңберінде Астананың жұмыссыз жүрген азаматтарының тігінші мамандығының қыр-сырын меңгеруіне жағдай жасалады. Арнайы курстың мерзімі аяқталған соң, оның оқушыларына компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша фабриканың оқу орталығында қазір 18 адам білімін жетілдіріп жатыр. Солардың бірі – Нәзира Қасымова. Ол  3 айлық курсын тәмамдағаннан кейін «Astana Ютария Ltd» ЖШС-де жұмыс істеп, кәсіпорынның қарқынды дамуына, өнімді көптеп шығаруына өзіндік үлесін қоспақшы.

Толықтай отандық өнім

Ә мәтіні

 

Кейбір маталарды (крепбарқытшибарқыт) декатировкалаудың қажеті жоқ. Киімді үйде пішіп тігу үшін сантиметрлік лента, қағаз, қарындаш, сызғыш пен тіктеуіш(угольник) дөңгелек формалы лекал сызғышқайшытүйреуішмата түстес жіп пен түсі басқа көктеу жібі, иіс сабынның сынығын немесе бор, оймақ, түрлі нөмірлі инелер, ені 30—40 ем, ұзындығы 80—100 ем картон қажет. Қағазға үлгіні (бұл үшін газет, балалар клеенкасын қолдануға болады) түрлі-түсті қарындаш пен сызғыш, тіктеуіш және лекалоны пайдаланып түсіру керек. Ал матаның бетіне сызық түсіру үшін борды немесе құрғақ сабынды пайдаланады. Матаны қию үшін кәдімгі қайшы қажет (қалың матаны тігіншілердің арнайы қайшысымен қияды), бұйымдарды үтіктеу үшін жеңді үтіктейтін қондырғысы бар стол қажет. Кейбір сән журналында бірнеше киім үлгісі салынған қағаздар болады, бұл үлгілердің әрқайсысында шартты белгі бар, яғни сызық түсі басқалардан өзгеше түседі. Мұндай үлгілерді арнайы көшіргіштің көмегімен бастырып алған жөн. Бұл үшін үлгінің бетіне үлгі толығынан сиятындай жұқа қағаз салып, шартты сызықтардың бойымен қарындашты жүргізеді. Үлгінің жанындағы шартты сызық түріне қарап детальдарды анықтайды. Адам мүсінін өлшей келе үлгіні бұдан да гөрі жетілдіруге болады. Киімнің шшіемін алу үшін кісінің бойы, содан кейін тігілер киімнің фасоны ескеріледі. Өлшем алғанда сантиметрлік лентаны пайдаланады (өлшеген кезде лентаны бос ұстауға немесе қатты тартуға болмайды. Өлшем алардың алдында белдің ауқымын анықтап алу керек, ол үшін шыжым жіп немесе белдік қолданылады.Сантиметрмен өлшегенде размерді толық жазады да, ал қағазға көшіріл үлгі сызғанда жарты өлшемге түсіреді.

 

(ЖЖ) Мәтіндерді мұқият оқып шығып, кестені толтырыңдар.

 

Мәтін

Стильдік ерекшеліктері

Тақырыбы

Түрі

Құрылымы

А мәтіні

 

 

 

 

Ә мәтіні

 

 

 

 

 

 

(Т) Оқылымнан кейінгі тапсырма

Ой бөлісейік.

Мәтіндерді салыстыра талдағандарыңды топта оқып, себептерімен бөлісіңдер.

 

(Ж) Тақырыпқа сай интервью жазыңыз.

 

Өнімді қайда сатып алуға болады?

Оның бағасы қаншалықты қолжетімді?

Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеген елорда әкімдігі медиа орталығының тілшісі өндіріс орнында болып, заманауи жабдықтардың көмегімен тігілетін киімдерді шығару жұмысының барысын өз көзімен көріп қайтты.

 

 

Сабақтың соңы

 

5 мин

Рефлексия.

 

 

 

         

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *