Көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру керек дегендер туралы

Көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру керек дегендер туралы
Соңғы жылдарда қазақты тегіс жерге отырғызу керек деген мəселелер туып жүр.
Əрине, дұрысына қарағанда, келесіні көздегенде, қазақ халқының қазірден бастап жер иеленуі қажет. Қысы – жазы дамылсыз салдырлап көшіп қонудан қолы тимей, тіршіліктің тізгінін табиғаттың таңдауына беріп жүргенше, бір жерге орнығып, шаруашылықтың өнімді жағымен алмасқаны жақсы. Шарушылықтың өнімді түрі табиғатты өзіне қаратып, бағындырып алса ғана болады. Сондықтан, табиғаттың күшімен пайдалану үшін мына істермен айналысу керек. Ол үшін жер иелену керек. Тіршілікті тұрақты күйге салып, боран соқпайтын, жүн жемейтұғын орнықты кəсіппен айналысуы керек.
Көшпелі қазақтардың көрген күндері күн дерлік емес, олар қолдарындағы баққан малдарының игіліктерін өздері тегісімен көреді деуге болмайды. Малдың санына шағып, жиған жүні бар, малы сиярлық бір жерге қысқы малдың өмірі, тегімен табиғаттың қолында болады.
«Айдаса желдікі, соқса сайдікі» дегенді көшпендінің қонысы оң болып, малының аман шығуы, жүрген жердің отынан, қарынан, суығынан болады. Халық қар жауып, мұз болса, боран соқса, қазақтың күні қараң, малдан айырылғаны бұрынғы байлығында. Барлығы да көрген түстей болып, көзден бірақ өшеді. Көшпелілер малым бар деп жыл шыққан соң көктемде ғана айта алады. Қыстап қалған малды иеленеді.
Көшпендінің көрген күні құрысын. Оларға өмірінше тыныштық жоқ, салдырлап қысы-жазы көшумен жүргені.
Қысы қызылға кетеді. Бұқара, Үргеніштің қолтықтарына шейін барады. Одан қар кеткесін қайта кейін көшеді. Қарақұмды, Шу бойын жайлайды, алды Арқаға да барады. Ну-Қостанай, Троицкі қолтықтарына да баратұғындары да аз емес. Міне, осымен 12 айдың ұзын бойына жержердің сонысына 10 шақты күннен ғана отырмаса, кіл көшумен жүреді. Өмірін осымен өткізеді, сөйтіп, жүрумен бір жерде боранға ұшырап, суыққа шалдықса, малдан айрылады. Көше алмайтын жатақ болып қалады. Қазақтың осы күнгі отырықшыларының көбісі осындайдан отырған деуге болады. Онымен, олар дұрыстап мерзімді жер иеленіп, мəдени кəсіпке айналысып жерінің игілігін еміп отырған жоқ болса, бір жерде қозғалмай тұрған қыстауы бар, аздап пішен шабар егінмен де айналысуы аз өлместің күнін көріп отырады.
Міне, осының барлығы да қазақтың қазіргі кəсібінің күн көруі үшін керексіз екендігін көрсетеді. Тіршілікке төзбейтұғынын, рахатсыз екендігін аңғартады.
Ол онымен тұрсын, ендігі ескеретұғын мəселе – қазақ осы тұрмысты тілеп алды ма болмаса, оларды осындай болуға итеретұғын табиғи реттер бар ма? Енді осыған келейік, адам баласының өсіп өнген тарихына көз салсақ, біздің қазақ түгіл қай халықта əуелгі осылардай кездерінде көшпелі болған. Мал шаруашылығымен айналысқан. Осы күнгі кент болып отырғандардың қай қайсылары да жер айдау кəсібін үйреткен соң ғана барып жерге отырып қала болған. Ал мал шаруашылығынан олардың қол үзгендері кешегі жақында ғана. Олар білімін күшейтіп жерді, суды, тауды, тағы да сол сияқты табиғатқа тəндік заттарды адамның пайдасына жарата білген кезден бері қарай.
Біздің қазақта ол өнерлердің ұрпағы да жоқ. Мал бағудан басқа кəсіп қазір де қазақтың қолынан келмейді. Содан соң мал өсіреді. Малдың жайын қылу үшін шөптің сонысы керек. Қоныс аударып тұру қажет. Өйткені, үнемі бір жерде отырса, шаруашылықтың жайы болмайды. Сондықтан, қазақ амалсыздан күн көрген малын сақтау үшін соның қамына көшеді. Осы айтылған аз əңгімелердің өзінен қазақтың көшпелілігінің кəсібі мал өсіру екен. Сол үшін де қазіргі һалде көшпелі тұрмыстың керектігі көрініп тұр.
Бірақ, қазақ қалпын өзгерткен жоқ екен. Кəсібі, күнкөрушілік əдеттері баяғы бойдан бұлжымай тұр екен деп қарап, ізінше тұрған бөтендер жоқ: күннен күнге заман өзгерілуде, алға басуда, тіршіліктің талабы да күн санап қиындап барады. Енді бұдан былай дəуірде сүру үшін мəдени талаптар керек. Былайша айтқанда олар білімнің көрсеткен қол кəсіптерін табиғаттың кəріне қарсы жұмсап, күнелтпесе болмайтұғын болды. Жұттан қаншасы қалады деп көзін жұмып, қолды қуысырып отырудың реті жоқ. Онан да малды жұттан аман алып қалудың лажын істеу керек. Ол үшін малға шағып шөп шабу, жанға шағып егін салу қажет.
Көшпелілерге шөп шауып, егін салу үшін бір жерге орнығып жерге отыруы, жер кəсібіне айналуы керек. Қазақтың жерге отырғызу керек деген соңғы кездердегі сөздер осыдан шыққан. Бірақ ол үшін жерлігіп отыруға төзімді жер қазаққа табыла ма? Оған келсек, Түркістан Республикасында, көпшілігі көшетұғын Ақмешіт һəм Қазалы уездерінде, Қазақстанда Ырғыз, Торғай һəм Адай уездерінде, Ақмешіт пен Қазалы уездерінің көшпелілерінің қоныстары Қызылқұм, Қарақұм, Мойынқұм, Шу, Сарысу бойлары. Қызылқұм деген жеріне сексеуіл һəм ақшөптер шыққан сусыз шөл құм: Ел мұнда қысқа қарай қар түскеннен кейін қарап келеді. Болмаса, құдығы да сирек һəм терең 30-40 құлаштан болады. Қызылда жылқы, мал күнелте алмайды. Жері аз, оның үстіне жылқының шөбі жоқ. Қызыл көшетұғын елдің мал еткендері, қой мен түйе болады. Жердің сілесі бар ғана уақытта, қыстың 2-3 айында болмаса, қызылда жаздыгүні ел отыра алмайды. Өйткені, судың тапшылығынан жəне күннің ыссылығынан жаз бұл жерлерде мал ұстап, берекет қылып отыруға мүмкін емес.
Егіншілік қылуға екі бастан мұнда тіпті болмайды. Қарақұмды алсақ, бұл Арқаға тəндік жер қызылдан. Мұның күні салқын. Қай түлікке болса да шөбі дайын, құдығы таяз. Бірақ, бұл да қыстау мен егіншілікке кем. Шабын шығытын жері жоқ. Шығатұғын шөбі: томар жусан, ақ жусан, сілеу, айғыр үйірі қияқ һəм ой, ой баттауық, бұлар басыбайлы шабын болуға жарамайды.
Таңдап жүріп шұңқыр-шұңқырға бір пұт, жарым пұт сеппесе, Қарақұм егіншілікке де кеміс. Шуасары су бойларын алсақ, оларда жаз жайлауға болмаса, қыстауға, егіншілікке жарамайды. Қазақстанның да жалғыз өз алдына жүретұғын Адай уезі болмаса, көбінесе, көшпелілердің келіп кететұғын жерлері осы аралар. Адайлардың да жүретұғын жерлері тақыр, құм, тастақ болса керек.
Осы айтылған жерлердің қай-қайсысының да маңызын қарасақ, екіүш айлық мазасы болмаса (онда да мезгілді уақытта), табан теуіп өне бойы отыруға қол бере алатұғын емес. Өйткені, жоғарғы айтылғандардан бұл жерлерде отырықшы болып, ылаж қылуға болмайтындығы көрініп тұр.
Мерзімдеп жер иеленіп отырса да, болмаса бұрынғы бойымен көшіп жүрсе де қазақтың күн көретұғыны – қолындағы бар жерлері табиғи түрде мал үйіруге болмаса, жер шаруашылығына қолайсыз жерлері жоғарыда айтылған Қызылқұм, Қарақұм сықылдылар. Сондықтан, ол сықылды жерлерде көшіп қана жүріп күнелтпесе, отырықшылықтың мүмкін еместігі көрініп тұр.
Біз көрген жерлердің қазақтарының жатақ дегендерін де тақадымы жоқ қара сирақ кедейі болмаса, жарты көшпелі деуге болады. Өйткені, қысы – жазы бір жерде қозғалмай олар да отыра алмайды – қырға шығып мал жайып қайтады. Қырды жерленгендер қысқа қарай малдарын ішке айдап, Сырды жерленгендер жаз қырға жіберіп отырады.
Бұл айтылғандардан көшуден қол үзсе, қазақтың күн көре алмайтындығы көрініп тұр.
Осының барлығынан аңғаратұғын көшпелілікті қайта жамандап қол көрмегенмен, қазақ жерінің табиғи əрекеттерінің өзінің керекті қыла тұғындығы. Қазақ бар жердің көбінде көшіп жүріп күнелтпесе болмайтындығы сондықтан. Қазақты тегіс жерге айналдырып, отырықшыландырамыз деушіліктер қате. Біздің өмірімізге көшпелілік қойылмады.
Темірбек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *