Кино- өнер саласы

Сынып:

Қатысқаноқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Кино- өнер саласы

 

 

Белгілі бір  оқыту  мақсаты

10.​2.​3.​1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

10.​4.​2.​1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі);

Бағалау критерийі

 

Оқушылардың барлығы: Шығармадан дәлел келтіре отырып, сұрақтарға жауап береді;

Оқушылардың көбісі: Көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;

Оқушылардың кейбірі: Жазылымда көркемдік тәсілдерді орынды қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

 

білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары  (талдау, жинақтау, бағалау)

Сөйлеу әрекетінің түрлері:

тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

Құндылықтарды

игерту

«Мәңгілік ел» құндылығы:

Тіл және мәдениет

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Пәнаралық

байланыс

Тарих

АКТ –ны

қолдану

дағдылары

Таныстырылым

Тілдік

міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Оқушылартүсінедіжәнесипаттайды…

Диалог жәнежазылымғапайдалытіркестер:

Меніңойымша,…  Мен оған мынадай дәлелдер кетіре аламын,…

Алдыңғыбілім

 

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Жоспар

Сабақкезеңдері

Жоспарланғаніс — әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сергіту сәті. Оқушылар қоржыннан  туыстық атауларды таңдап алып, мағыналарын түсіндіреді.

Жеңге – ағаның әйелі

Нағашы – анаңыздың туыстары

Жиен – қыздан туған бала

Бөле – әпкелі-сіңлілердің балалары

Оқушылар сабақтың мақсатымен таныстырылады.

 

Таныстырылым

Сабақтың  ортасы

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазылымалды тапсырма

Төмендегі сұрақтар жұптарға беріледі.

«Ыстық микрофон» әдісі бойынша оқушылар өз таңдаулары бойынша  сұрақтарға шығармадан дәлел келтіре отырып, жауап береді.

1.Қамажай өзінің інілері мен сіңлісінің болашағы үшін басын бейнетке тігіп, бар қиындыққа төзеді. Мұның сыры неде?

2.Анасының аманатын орындады ма?

3.Адамның бақыты дегеніміз не ?

4.Пьесадағы қай кейіпкер ерекше ұнады ? Себебі?

5. «Бақыт деген-жеңіс немесе жеңіске апарар күрес»  деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз? Жауаптарыңызды шығарма идеясымен байланыстырыңыздар.

Бағалау дескрипторы

1.Сұрақтарға  өмірмен байланыстыра отырып , жауап береді;

2.Ойын жеткізуде шығармадан дәлел келтіреді;

3.Көркемдік тәсілдерді қолдана отырып сөйлейді.

Оқушылар   бағалау дескрипторы бойынша «Екі жұлдыз,1 тілек» әдісімен бағалайды.

Жеке жұмыс. Жазылым тапсырмасы

     Адамның жеке өмірінің болуына  өздері себепші. Інілері мен сіңлісі жайында болашағын ойлаған Қамажай өз тағдырын ойламады. Бәлкім, Қабен оның шын бақыты болған шығар. Ал ол бақыт құсынан өзі бас тартты. «Әр адамның өзінің жеке өмірі болуы керек» деген пікірмен келісесіз бе? Көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, эссе жазады (келісу-келіспеу  эссесі)  Сөз саны – 180-200.

Эссенің құрылымдық  картасы

 

 

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

 

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,  көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады

1.Эссе құрылымын сақтап жазады;

2.Тыныс белгілерін орынды қолданады;

3. Мәселені шешуге байланысты өз көзқарасын білдіріп жазады;

4.Шығарма  бойынша  лексикалық құрылымдарды өзіне керегін іріктей алады.

 

Сабақтың соңы

 

2 минут

 

 

Керібайланыс

Эссе жазуда қандай қиындық болды? Неге?

Шығармашылықпен жазуға кедергілер болды ма? Неліктен?

Уақытты тиімді пайдалана алдыңыз ба? Неге?

Үй тапсырмасы: Драмадан үзінді жаттап, мәнерлеп рөлге ене отырып, оқуға  дайындалу.

 

 

 

           

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *