Күні: |
||||||||
Сынып: 10Т2 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Еліміздегі өнеркәсіптің дамуы
|
|||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру; 10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру |
|||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды; Көпшілігі: маңызды және маңызды емес фактілерді ажыратады; Кейбірі: фактілерді өмірмен байланыстыра отырып, түсіндіреді. |
|||||||
Бағалау критерийлері |
Сұраққа жауап беру арқылы, өз идеяларымен бөліседі; Кестені толтыру арқылы негізгі ойды анықтайды; Мәтіндегі фактілермен жұмыс жасап, ойын білдіреді. |
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Пән лексикасы және терминология: Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; |
|||||||
Құндылықтарды дарыту |
Әлем алдындағы жауапкершілікті сезіну, тақырып аясында бір-бірінен үйрену. |
|||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру |
Өмір бойы білім алуға тәрбиелеу. |
|||||||
Пәнаралық байланыстар |
Тарих, өзін-өзі тану, |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Ғаламтор ресурстарын қолдану |
|||||||
Бастапқы білім |
Еңбек нарығы және сұраныс |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) |
Дереккөздер |
||||||
Сабақтың басы 2 мин
|
Бейне материал не туралы? Ұлттық нақыштағы ойыншықтардың қандай пайдасы бар? Ойыншықтың сапасына кім жауапты? Дүкендегі сатылатын ойыншықтардың сапасы бірдей ме? Болмаса неліктен? Отандық ойыншық өнеркәсібінің қызметкері болсаңыз нені өзгертер едіңіз?
(Ұ) «Идеялармен таныс» әдісі.
(Оқушылар идеяларын стикерге жазып, тақтаға іледі.) |
|||||||
Сабақтың ортасы
|
(Ж) Мәтінді оқып, әріптермен белгі қою арқылы негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Отандық ойыншықтар неге аз? Бүгінгі күні бала тәрбиесіндегі бірден-бір құрал – ойыншықтар. Бір өкініштісі, қазақ балаларына ермек болар ұлттық ойыншықтарымыз көп емес. Бүлдіршіндеріміз түр-сипаты түсініксіз Шрек, Бэтмен, Спанч Боб, Өрмекші-адам, вампир-қанішерлер, түрлі роботтарды жандарына серік етуде. Мұндай шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлері ұрпақ санасын улап қана қоймай, баланың ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат болып ер жетуіне кедергі болады. Ал бұған тосқауыл қоятын ата-аналар да тым бейқам. Ойыншық тәрбиенің бастауы болса да, үлкендер оны баланы жұбату мен алдап, көңілін аулаудың құралы ретінде пайдаланып, «ойыншық қой» деп немқұрайлы қарауын жалғастырып келеді. Қазақ баласына қазақы ойыншықтың қажеті екендігін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Бірақ бұған үкімет те, ата-ана да, кәсіпкерлер де назар аударар емес. Әрине, отандық ойыншықтарды өндіретіндер мүлдем жоқ деп аузымызды құр шөппен сүрте алмаспыз. Алайда олардың арасынан Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» ойыншықтарынан өзгесінің атын ести бермейміз. Мәселен, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет бүлдіршіндерге арналған ойыншық шығаратын цех іске қосылғанын да айта кету керек. Бүгінде «Пластик Наурыз» кәсіпорнында түрлі өлшемдегі америкалық «МАК» ауыр жүк көліктерінің модельдік ойыншықтары, баланың өзі де отырып айдай алатын «Талакар» ойыншық көлігі, құрастырмалы ойыншықтар және құм жинайтын қалыптар шығарылады. «Айгөлек», «Тазша бала», «Алдар көсе» сияқты отандық өнімдердің өзі кем дегенде 7-8 мың теңге тұрады. Бұл қарапайым отбасы үшін аз ақша емес. Кеңес үкіметі кезінде Алматыда пластмасса өңдейтін «Қызыл Ту» зауыты жұмыс істеген. Сол зауыт жанынан бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар шығарылатын. Бірақ нарықтың тар соқпағынан өте алмаған бұл өндіріс орны 90-жылдары құрдымға кетті. Бірақ кейінірек оның орнын «Сұңқар» атты қазақстандық ойыншық зауыты алмастырды. Бұл да өз кезінде елдегі жалғыз ойыншық шығаратын кәсіпорын болған еді. Бірақ өзімізде өндірілді деген аты болмаса, ойыншыққа керекті заттардың бәрін көрші мемлекеттерден тасу зауытқа еш табыс әкелмегендіктен, өз жұмысын тоқтатты. Содан бері отандық ойыншықтарды өндіру ісі елімізде күрмеуі шешілмеген мәселе болып келеді.
(ЖЖ) Кестені пайдаланып, мәтіннің негізгі ойын жұбыңызбен анықтаңыздар.
(Т) Тыңдалым және оқылым мәтіндеріндегі маңызды және маңызды емес фактініатаңыздар. Неліктен? Түсіндіріңіздер.
Бағалау крийтериі: Мәтіндердегі маңызды және маңызды емес фактілерді анықтайды; Анықтаған фактілері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді; Тыңдалым мен оқылым мәтіндеріндегі ақпаратты қолданады; Ойын өмірмен салыстыра отырып, жүйелі жеткізеді.
(Ж)Негізгі ойға қатысты өз пікіріңізді 1-2 сөйлеммен түсіндіріңіз. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. |
|
||||||
Сабақтың соңы
5 мин |
Кері байланыс
|
|
||||||
Күні: |