Еліміздегі өнеркәсіптің дамуы

 

 

 

Күні:

 

Сынып: 10Т2

Қатысқан оқушылар саны:                                   

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Еліміздегі өнеркәсіптің дамуы

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.​3.​1.​1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау

10. 5. 1. 1 көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: күрделі сөздерді табады, жасалу жолын түсіндіреді;

Көпшілігі: стилдің түрін ажыратады, ойын дәлелдейді;

Кейбірі:мәтіндегі ақпараттың негізінде өз ойын айтады.

Бағалау критерийлері

Мәтінді оқып, стилдің түрін ажыратады, ксетені толтырады;

Күрделі сөздердің жасалу жолын біледі;

Отандық сүт өнеркәсібі жайында өз ойын айтады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Құндылықтарды дарыту

Әлем алдындағы жауапкершілікті сезіну, тақырып аясында бір-бірінен үйрену.

Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру

Өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, өзін-өзі тану,

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарын қолдану

Бастапқы білім

Еңбек нарығы және сұраныс

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

 

Сабақтың басы

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыр

Сабақты жұмбақ жасырумен бастау.

 

(Ұ) Не сүйек өсіреді?

 

… — сүйек өсіреді. (сүт)

 

Сүттің қандай пайдасы бар? (кластер құру)

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 


Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Т) Мәтіндерді оқып, стилін ажыратып, ойларыңызды дәлелдеңіздер.

 

А мәтіні

 

Жадыра АҚҚАЙЫР: Үйде үнемі болуы тиіс азық-түліктің бірі – сүт. Өйткені өз басым кофені өте қатты жақсы көремін. Бір қызығы, шайға сүт қоспайтын болсам, кофені тек сүтпен ғана ішемін. Сонымен бірге таңғы асқа нанға қаймақ жағып жеп не болмаса сүтке езетін дайын тағамдар жейтініміз бар. Осыны есепке алсақ, үйімде неге үнемі сүт болады деген сауалға жауап алуға болады. Енді отандық сүт өнімдеріне келейік. Шыны керек, бұрын бағасына қарай ғана сатып алатынмын. Қайсысы қолжетімді болса, соның тұтынушысы едім. Бүгінде арзан болуына емес, сапасына мән береміз. Азық-түлік аларда тәжірибе жасағанды ұнатамын. Бір жолы бір фирманы алсам, келесіде – басқасын. Осылайша өзім үшін шешім шығарамын. Сүт өнімдерінде де солай. Мәселен, айран алғым келсе – «Амиранның» 2,5 пайыздық «Табиғи айранын», сүт болса, 3,2 пайыздық «Айналайын», қаймақтан «Адалдың» өнімдері дегендей әрбірінде фавориттерімізді белгілеп алғанбыз. Байқап отырсам, дастарханымызда тұратын отандық өнімдер екен. Бағасы жөнінен де аса қымбат емес. Үнемдеуді ұнататындар үшін де қаптамалардың түр-түрі бар. Сүт өнімдері жайлы айтқанда, құрт, сүзбе де ұмытылмауы тиіс. Мәселен, Алматыдағы дүкендер сөрелерінде облыстық фермалардың құрттарын көп көреміз. Кейбірінің бағалары тым қымбат. Арзандарының ішіне көбіне әк қосылады. Жалпы алғанда ауылдың құртын таныс арқылы арнайы тапсырыспен алдырған дұрыс деп ойлаймын. 

 

Ә мәтіні

Сүттің минералдық құрамы

Сүтте адам организміне жететін барлық минералды заттар бар. Минералды заттар организмде ферменттердің жұмысын реттеуге, клеткаларға керекті заттардың алмасуына көмектеседі. Сүттің құрамындағы кальций мен фосфор жас нәресте мен жас төлдер сүйектерінің өсуіне, олардың тістерінің қатаюына мүмкіндік береді. Жас нәрестелер мен жас төлдер 75% кальций мен 50% фосфорды анасының сүтінен қабылдайды. Өзімізге белгілі, егер организмде кальций мен фосфор жетіспесе, сүйек жұмсарып, адам остеомаляцияға шалдыға бастайды. Остеомаляциямен кейде ересек кісілер де ауырады. Бұл ауру, әсіресе, әйелдер арасында көп кездеседі. Фосфор тек сүйектің ғана құрамында болып қоймай, етте де, нерв клеткаларында да, қанда да, тағы сол сияқты организмнің кез-келген тұсында болады.

Организмдегі барлық биохимиялық процестерге қатысатын микроэлементтердің көбі сүттің құрамында болады. Олар: темір, цинк, марганец, йод, молибден, мыс, фтор, бром, алюминий, бор, қорғасын, күміс, титан, никель, литий, кадьмий тағы басқалар. Микроэлементтердің көбі ферменттердің құрамына кіріп, клеткаларда жүретін реакциялардың жылдамдауына көмегін тигізеді.

 

 

 

Стилі

Дәлеліңіз

А мәтіні

 

 

Ә мәтіні

 

 

 

Бағалау крийтериі:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, стилін ажаратады;

Стилдің ерекшелігіне қарай ойын дәлелдейді;

Дәлелдеу барысында мысалдар келтіреді.

(ЖЖ) Күрделі сөздерді теріп жазыңыздар. Жасалу жолын түсіндіріңіздер.

 

А мәтіні

Ә мәтіні

Азық-түлік, бүгін, сүт өнімі, түр-түрі,

Кез-келген, микроэлемент,

 

 

 

 

 

(Ж) Екі мәтіндегі ақпарат пен теріп алған күрделі сөздердің көмегімен, «Отандық сүт өнеркәсібінің пайдасы» деген тақырыпқа өз пікіріңізді білдіріңіз.

 

Бағалау крийтериі:

Екі мәтіндегі ақпаратты орынды пайдаланады;

Сөйлеу барысында күрделі сөздерді орынды қолданады;

Ойын дәлелді, әрі көркем жеткізеді.

 

Сабақтың соңы

 

5 мин

Кері байланыс «3-2-1»

 
   

 

 

 

 

 

 

 


Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық тудырған 2 аспект

Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *