ӨНДІРІС ПЕН САУДА САТТЫҚ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
ІІ. Шыңғыстың 92 жылы моңғол жерін шарлаған Плано Карпинидің жол дерегінде: «Моңғолдың байларына қыс айларында ілгері өлкелерден тары, астық жеткізілетін. Кедейлері тері-терсек, тірі қойға айырбастап алатын. Және де, Қытай, Парсы қатарлы елдерден жібек маталар келетін. Орыс, Болғар, Башқұрт, Мажар. Қырғыз т.б. елдерден бағалы тері бұйымдар әкелінетін. Жаз айларында торғын-торқамен киінеді. Қыс айларында аңның терісінен жасалған киімдер киеді. Терілердің бірінің жүнін ішіне, келесісін тысына қаратып, қабаттап киеді. Кедейлер қабат киімін ешкі мен иттің терісімен жасайды. Байлар киімінің ішіне жібек мата күседі. Кедейлердің киімі жұмсақ жабағыдан жасалады. Жабағының үштен біріне жылқының жалының қылын қосып, арқан, жіп еседі.
Моңғолдардың әйел, еркектерінің киімінде айтарлықтай айырмашылық болмайды. Әйелдері үлкен дөңгелек керегелі, төрт қырлы биік төбелі,бір шынтаққа таяу биік, кейбірі бұдан да биік тымақ киеді. Оның төбесіне тоғыстың немесе өзге де сәнді құстардың қауырсынын қадап, меруерт, гауһар тастар мен жібек, мақпал секілді асыл бұйымдамен әшекейлейді. Бай әйелдер бағалы аңның терілерінен жасалған тымақтармен сәнденеді.
Әйелдер еркектер сынды тақымына ат мініп, бір жағына қырындай тырады. Садақ, жебе асынады. Моңғолдың әйелдері босанғаннан кейін жатпайды. Кейбір әйелдер беттеріне опа, бояу қолданады.
Теріні илегенде ешкінің ашыған сүтімен жібітеді. Сиырдың терісін түтінге кептіріп, әсем саба жасайды. Жылқының терісінен сәнді етіктер тігеді. Әйелдері сүттен май, құрт, ірімшік өндіреді. Малдың иленген терісінен жасайтын киім-кешек, бұйымдарды малдың тарамысынан ширатылған жіппен тігеді», — деп жазады.
Және де, сол кездегі моңғолдардың шаруашылығы жөнінде: «Моңғолдың маплы әсте көп болады. Он түменнен астам әскерлер түгелдей екіден үшке дейін қосалқы ат жетектейді. Артыс, міністің бәріне қолдануға да жетеді. Қарапайым халықтың көші-қонындаесепсізмал айдалатын», — деп келтіреді. Осы жазылғандарға қарағанда моңғолдардың малға бай ел болғаны бірден аңғарылады. Демек, сол кездің өзінде мал шаруашылығы жоғары деңгейде дамыды деген сөз.
Шыңғыс қағанның тұсында моңғолдар мал шаруашылығымен қоса, аңшылық өнерді де кәсіп етіп, қол өнері арқылы өздеріне қажетті бұйымдарды жасай білген көрінеді. Мысалы: Күнделікті киім-кешектен тартып, үй жабдықтарын өз қолдарымен жасап, соғыстың сайман- құралдарын, жүк тиегіштерді, дәлірек айтсақ, барлық соғыс құралдарын өздері жсап, қолданған екен.
Сондай-ақ Шыңғыс қаған жаулап алған елдерінің ұста-зергерлерін ешқашан өлтірмей, оларды дұрыс пайдалана білгені себепті, сол кездің өзінде моңғол жұртына бөгде елдердің озық үлгілі өнері даму сатысына көтерілген. Соның нәтижесінде әскери құрал-саймандар мен халықтың күнделікті қажетін өтейтіналуан түрлі жабдықтар, көрікті бұйымдар пайда болған.
Сол кездегі моңғолдар малдарының ет-сүтінауқат етіп, жүн-жұрқа, терісін өңдеп, күнделікті киім-кешек, қажетті жабдықтарына жарата білген. Соның үшін шетелдің бұйымдарын соншалықты қажет етпеген. Өз жерінен, өз малдарынан шығатынбайлыққа сүйеніп өмір сүрген.