Үлкен Тәңір мен Еркілік

Үлкен Тәңір мен Еркілік
Әлемді бір-біріне қарама-қайшы екі құдірет билейді. Соның мейірімдісі – Үлкен Тәңір және оның мәңгілік бітіспес жауы – Еркілік (жамандық құдайы). Бұлардың екеуіне де көптеген жын-перілер бағынады. Үлкен Тәңірге ізгі ниетті – ару-немелер, Еркілікке қара ниетті – қара-немелер бағынышты.
Үлкен Тәңір – өте ақпейіл әрі мейірбан Құдай. Ол адамға еш уақытта жаманшылық жасамайды. Еркілік сайтан – Үлкен Тәңірдің мәңгілік қас дұшпаны. Ол адамға қаскүнемдік жасамай тұра алмайды. Кейде адамға қарсы арамдықтарын тоқтатқандай болады да, аз уақыттан соң қитұрқысын қайта бастайды. Жер бетіндегі барлық бәле-жала Еркілік сайтаннан шығады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *