Ғаламның әлемдерге бөлінуі

Ғаламның әлемдерге бөлінуі
Күндіз Күн нұрын төккен, түнде Ай сәулесін шашқан ғаламда тоқсан тоғыз әлем бар. Олардың әрқайсысының өзінің Күні мен Айы, Көгі мен Жері болады. Жерінің астында Тозақ орналасқан.
Ғалам Жоғарғы, Орта және Төменгі әлемдерге бөлінген. Жоғарғы әлем – Қан (Құрбыстан, Тенгере). Мұндағы жер Алтын Телегей деп аталады. Оны Манғызын-Матмас билейді. МанғызынМатмасты Үлкен Тәңір бастық қылып қойған. Жоғарғы әлемнің тозағы Манғыс-точири-там деп аталады. Тозақтың бас әміршісі – Батпан-Қара.
Тоқсан тоғыз әлемнің ортаншысы Эзрен Тенгере деп аталады. Онда Бильгейн-кере-атту-Тяран-Мызықай – Аса Құдіретті билік жүргізеді. Ортаншы әлемдегі жер – Алтын Шарқа, ал оның иелігіндегі тозақ – Тепкен-қара-там. Мұндағы тозақтың билеушісі – Батпан-Қарақшы.
Біздер, адамдар өмір сүріп жатқан әлем тоқсан тоғыз әлемнің ішіндегі ең кішісі және ең төменгісі болып табылады. Ол Қара Тенгере (Қара Аспан) деп аталады. Ондағы басты әмірші – Майтөре.
Қара Тенгере әлемі аспанының отыз үш қабаты бар. Олар бірбірінен жоғары орналасқан. Бұл әлемнің еншісіндегі тозақ Таптан-қара-таш деп аталады. Тозақта Керей хан, яғни Жауыз билік жүргізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *