ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ ӨЗ ҚОЛЫМЕН ҚҰРҒАН ТӨР ҰЛЫСЫ (Амар Ананд)

ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ ӨЗ ҚОЛЫМЕН ҚҰРҒАН ТӨР ҰЛЫСЫ
Шыңғыс қаған Орта Азияның төріне моңғол нәсілділер мен Моңғол ұлыстарын біріктіріп, шексіз қуатты Ұлы мемлекетті орнату арқылы шығыста Гаоли484, ұлысы, батыста Үндістан өлкесіндегі Үнді дариясынан Кавказ тауларының түстігіне дейін, оңтүстікте Сар дария деп аталатын Қатын өзенінен ілгеріге дейін, солтүстікте Байқал теңізі мен Саян тауының сырт өлкелеріне дейінгі ұланғайыр жерлерді мекен еткен ұлт-ұлыстарды біріктіріп, Азия мен Еуропа құрлығының арасында бұрын-соңды болмаған алып мемлекетті биледі. Солайша аса маңызды тарихи ісімен Моңғол ұлысының атақ-абыройын күллі ғаламға паш етті. Сонымен қоса ол, Азия мен Еуропа құрлығындағы жасаған өзге де алуан түрлі ұлт-ұлыстардың алдында мәңгі өшпес маңызды істі атқарған адам.
Шыңғыс қағанның ұзақ-ұзақ жолдарды жүріп, ат тұяғы жеткен елдерді біріктіруі – Азия мен Еуропа құрлығының халқына төр ұлыс, білім-мәдениет, шаруашылық, сауда саттықістерін екі жақты дамытуына негіз салып, зерттеушілер мен саяхатшыларға жол ашты. Мысалы: Күн шығыс елінен Елюй Чуцай сияқты ғалымдар шығыстың ұлы мәдениетін моңғол жері арқылы батыс елдеріне, сондай-ақ Ұйғыр, Сартуыл қатарлы күн батыс елінің ғалымдары Батыс Азия мен Еуропаның ұлы мәдениетін Моңғол, Қытай еліне таратты. Және де Шыңғыс қаған Азия мен Еуропа құрлығындағы елдердің әскери айла-тәсілдері мен қару жарақтарының қолдану ерекшеліктерін де өзара байланыстырып берді. Һәм екі құрлықтағы елдердің ғажайып өндірісінің құпия шеберліктерін бір-біріне дарытып, үлгілі өнер туындатты. Екі құрлықта қолданылатын алтын, күміс теңгелерді айырбастау, күнделікті саудаға енгізуісін де жолға қойды. Осылардың нәтижесінде сол кездегі Моңғол ұлысы Азия мен Еуропа құрлығының халықтарының нелер бір озық мәдениетін, төр ұлыстың, сауда қатынастың, білім, өнерлік үлгілерінің нақты нәрін өн бойына сіңірген қуатты орталығына айналды-мыс.
Шыңғыс қағанның кезіндегі гүлденген моңғол ұлысының қуаты одан кейінгі таққа отырған Өгедей, Күйік485, Мөңке, Құбылай хандардың тұсында да өз маңызын жоймаған.
Әуелі Шыңғыс қағанның кезіндегіден де кеңге етек жайды. Мәселен, шығыста Қытай, Тибет елдерін тұтасымен, Үндінің батысындағы Бам елін, Үнді Қытайды486, Үнді мұхиты мен Тынық мұхитының аралығындағы елдерді Филиппин аралына дейін біріктіріп және де Жипэн487 ұлысын қаратып алу үшін неше мәрте жорық жасаған. Батыс және оңтүстік батыстан Парсы, Орыс, Мажар, Болғар, Румын, Полша қатарлы елдерді біріктіріп, Антарктида мұхитының жағалауы мен Полшадан өтіп, Аустрия, Алманияның кейбір қалаларын жаулау арқылы атақ-даңқын арттырып жүріпті.
Шыңғыс қаған әуелгі кезде Онон, Керулен, толы өзендерінің бойын орталық еткенімен одан кейінгі таққа отырған хандардың тұсында Қарақорұмға ұлы орда салдырып, соны астана еткен. Осы Қарақорұмдағы ұлы орданы бір кездерде Азия мен Еуропаның кіндік қаласы, моңғол ұлысының мәдени ошағына айналдырып, барша дүниені бағындырып тұрған.
Құбылай білге қаған Қытай ұлысының құрамындағы түгел елдерді бағындырып алғаннан кейін ұлыс елін Ұлы Моңғол488 ұлысы деп атап, Қытай ұлысын басқарып тұруға қолайлылығын ойлап, қазіргі Бежін489 қаласын орнатып, ордасын сонда көшіріп, орналасады. Бұдан кейінгі өткен хандар да Бежінді астана етеді.
Құбылай хан тегіннен білге, тура мінезді. Оның үстіне сол кездің шығыс білімін жетік игерген біліктілігінен моңғол мен қытай өлкесіне бейбітшілікті нығайтып, ұлыс-елді біліммен басқарып, көптеген жарғы, заң, салтанат шараларын орнату арқылы шын мәнінде шығыс елінде бұрын-соңды қайталанбаған істерді қолға алған тарихи тұлға.
Моңғол ұлысының ең дәуірлеген кезі де, ең көп ел-жерді бағындырған шағы да Құбылай ханның тұсы еді. Бұл жөнінде Юан ұлысының толық шежіресінде: «Қытайдың алғаш ұлыс болғаннан бергі тарихында Юан ұлысының кезіндегідей кең байтақ өлкеге иелік құрған емес. Юан ұлысы Шанму490 өлкесінен қуат алып, Сиюй491 өлкесін біріктіріп, Батыс Ся ұлысын құрып, Нюижиді492 құлатып, Гаоли ұлысын көмекші етіп, Ішкі өлкені493 құрып, сонан дәриядан ілгерідегі494 жерге қоныстанғаны себепті дүниежүзі бір ғана топқа айналған. Юан ұлысы сияқты шексіз өлкеге билік құрған өзге ұлыс болмаған. Қытай ұлыстарыннан үлкен билікке ие болған Хань ұлысы мен Сүй ұлысы да, мұндай иелікке қол жеткізе алмаған. Тек Құбылай білге қағанның тұсында ғана түгел құрлықтарды біріктіріп, жақын маңайдан жау боп шабатын ұлыссыз, дүние тегіс тыныштыққа бөленіп, жүзден аса жыл ғұмыр кешкен, — деп жазады.
Құбылай білге қаған Шыңғыс қағаннан кейінгі төртінші ұрпақтан хан болған адам. Осы Құбылай білге қағаннан кейін моңғолдың хандығы он ұрпаққа дейін жалғасқан. Жалпы Шыңғыс қаған дүниеден озғаннан кейін бір жүз қырық бір (141) жыл бойы Ұлы Моңғол ұлысы Қытай мемлекетін қол астына алып, аса мол қуатпен дәуірлеп тұрған. Ұлыстың соңғы қағаны Тоғантемірдің тұсында Қытай мемлдекетін Мин ұлысы тартып алады. Әйтсе де, Тоғантемір хан моңғолдың ата қонысына қайта оралып, Моңғолдың ұлыс- мемлекетін билеу билігін жалғастырған. Соның нәтижесінде тағы да он алты хан Моңғолдың төр билігін басқаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, Тоғантемірден кейін бір жүз жетпіс алты (176) жыл бойы Моңғол ұлысы жеке мемлекет болып тұрған. Бұдан кейін Моңғол ұлты ішкі, сыртқы екі ұлысқа бөлініп, жеке-жеке билік құруы себепті бастапқы күш-қуаты әлсірегенімен екеуі де өз билігінен, туған тіл, жазба мұрасынан, ата жұрт топырағынан қол үзбестен бір жүз қырық төрт жыл бойы ұлттық бітімі мен тәуелсіздігін қорғап, білім мәдениетін дамыту арқылы Манжұрия үстемдігіне дейін жеке-дара ұлыс-мемлекеттігін сақтап келген.
Моңғол ұлтының төр-ұлыстық қуаты мен тәуелсіздігі осылайша қзақ жылдарға жалғасуы шын мәнінде Шыңғыс қағанның мықтылығының жемісі екендігі ешқандай дау тудырмаса керек. Солай бола тұрса да, кейбір тарихшылардан шыңғыс қағанды қайтыс болысымен-ақ көп кешікпей (кебіреулері отыз жылдан кейін деп келтіреді.) Моңғол хандығы жойылып, құлдырау жолына түскен, деп жазады. Бұл дегеніміз – шын мәнінде Моңғол хандығының қалай дәуірлеп, қалай құлдырағаны жөніндегі қисынды есептен мақұрым, хандық мемлекеттің қалай құрылатыны жөніндегі заңдылықтардан бейхабар, надандардың айтқан шалағай сандырағы.
Негізінен шыңғыс қағаннан кейін Ұлы таққа мұқрагер болған Мөңке ханның тұсында оның туыс-жұрағаттарының арасынан таққа таласушылардың шыққаны рас еді. Бұдан кейін Құбылайды хан тағына отырған тұста да, Моңғолдың кейбір басшылары Қарақорұмдағы інісі Арғабөкіні хан сайлап, әкесіне қарсы шабуыл ұйымдастыруға дейін апарған. Және де, жошы мен Шағатайдың ұлыстары да, жеке-жеке билік жүргізіп тұрған. Осындай себеп-салдардан ішкі жанжал етек ала бастаған кездер болған. Тарихымыз туралы сөз алған шетелдік кейбір ғалымдар Моңғол хандығын осы тұстардан бастап, құлдырағанға жатқызады.
Шын мәнінде Мөңке хан мен Құбылай білге қағанның тұсында әлгіндегі айтылғандар сияқты қырқыс-талас туындағаны рас болғанымен бұл қақтығыстар моңғол хандығын құлдыратуға себеп бола алмаған. Мөңке хан мен Құбылай білге екеуі ондай кішігірім қақтығыстарға дер шағында тосқауыл қоя білген. Әрі ұлыс-мемлекетінің тәуелсіздігін күшейтіп, билік тізгінін нақтылап қолға ұстаған-ды. Моңғол хандығының әлсіреп, құлдыраған тұсы мен төр билігі нығайып, қуаттануы негізінде моңғол ұлтының ұлттық мемлекет құрып, дәуірлеген шағымен өлшенетіндіктен тәуелсіздік маңызы Қытайдың алып ұлысын бағындыруы мен бағындыруына да тікелей сабақтасып келеді.
Және де, Моңғол хандығының әлденуі мен ілсіреуі Жошы, Шағатайлардың билігіндегі ұлыс-елдердің әрекетіне бағынбаған. Шыңғыс қаған өзінің атақоныс – Моңғол ұлысына ұлы Өгедейді билік жүргізуді мұрагер еткен. Соның үшін Шыңғыс қағаннан кейін Ұлы таққа иелік етіп, билік құрғандар Өгедей, Күйек, Мөңке, Құбылай хандар мен және де бұлардан кейін Ұлы таққа иелік етуші көптеген хандар екені даусыз шындық
Жошының иелік еткен ұлыс-елдері шын мәнінде бір кездегі шапқыншылықтың табысы болатын. Сол себепті мұның әлденуі мен әлсіреуі Моңғол хандығының қуаттануы мен құлдырауына қатыссыз деп түсінген жөн. Әйтсе де, Жошы мен Шағатайдың иелік еткен ұлыс-мемлекеттері тым ұзақ жылдар бойы дәуірлеп тұрды. Олардың өз ішінен туындаған түрлі қақтығыстарды дер шағында жою нәтижесінде билік тағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, нақтылап айтсақ, моңғолдардың Манжұрияға бодан болған кезіне дейін жеткен-ді.
Шындығына келсек, Моңғол ұлысы Қытай ұлысын соншалықты ұзақ жылдар бойы өз билігіне қаратудың да нақты мәні жоқ еді. Солай бола тұрса да, Қытай ұлысы ұлы мемлекеттің үстемшіл саясатымен Моңғол ұлысын бодан етуді көздеп, ұдайы тыныштық көрсетпеген. Туған жер-суын, атақонысын қас-жауынан қорғаған моңғолдардың күресі Шыңғыс қағанның кезіне дейін жалғасып келіп, сол күрестің нәтижесінде моңғолдар жеңіске жетіп, ұлы Қытайды өздеріне бағындырып алады. Сөйтіп, моңғолдар Қытай ұлысының төр билігін тұтастай қолға алып, жүзден аса жыл бойы басқарушы міндет атқарған.
Егерде, Қытай ұлысы солайша моңғолдарға үстемдік танытып, дүркін- дүркін шабуыл дасап, мазасын кетірмесе, онда моңғолдар да оларды жаулап алуға құштарланбас еді. Сондықтан Моңғол мен Қытайдың арасында болған соғыс-жанжалды, әрі Қытай ұлысының бодандыққа айналуын тек қана өздерінің үстемшілсаясатының кесірінен туындаған іс екенін түсінген жөн. Бұл жөнінде кейбір тарихшылардан: «Құбылай білге қаған Қытай жеріне терең бойлап, қоныс тепкендіктен, ақыр-аяғында Моңғол хандығы төр билігінен айрылды», — деп келтіреді. Дәуірлеу шегіне жеткен дүние қайта құлдырауы – заңдылық. Олай болса, моңғолдар ғаламдағы ең көп адамы бар алып елді өздерінің аз санына қарамастан басып алып, әрі оны жүзден астам жыл билеу дегеніміз – күллі адамзаттың әрі халықаралық деңгейдегі ең үлкен жетістік екенін мойындау керек. Тіпті, қазірдің өзінде қуаты шарықтаған талай мықты мемлекттердің Қытай елімен тіл табысу үшін барлық мүмкіндігін жұмсайтындығы жасырын емес.Ендеше, Шыңғыс пен Құбылай қағанның кезіндегі іс-әрекетті бір жақты бағалап, оған сын айтудың қажеті қанша?! Керісінше, тартып алу, басып алу озбырлығымен әйгілі болса да, бар айласының Шыңғыс пен Құбылай қағанға жете алмағандығын аяныш етуіміз керек.
Құбылай білге қаған Қытай өлкесіне терең бойлап, қоныстанғандықтан, Моңғол хандығы құлдырауға тап болды дегені жөнінде Қытайдың басымшылдық сезімімен ойлар болсақ, қай жағынан да бірдей болғанымен, әуелі қытайларды Қытай мемлекетінде басқарып, ұзақ жылдар бойы қуатын жоймай тұруы шын мәніндегі табысы екен. Соңында құлдырауға тап болған күннің өзінде, атақонысындағы моңғолдың ежелгі ел-жерінен айрылып қалмай, қайта өз елінде билігін жалғастыруы үлкен ерлік деп бағалануы тиіс. Тек, соңғы кездерде ғана моңғол ұлты жеке-жеке бөлініп, соның салдарынан Манжұрияның қол астына бағынуы Құбылай білге қағанның қателігінен емес, сол кездегі моңғолдардың әлсіздігінен, елін-жерін, діні мен ділін қорғап шыдай алмаған шарасыздығынан болған нәрсе.
Моңғолдардың адамының саны аз бола тұра, оңы мен солындағы иеленген жері ұшы қиырсыз. Кейінгі ұрпақ оның іргесін қорғап, бірлігін сақтап тұруға тіптен қиын болғаны себепті, Шыңғыс қаған да солайша батыс жақтың қаупін батыс жақта, шығыс жақтың іс-әрекетін шығыс жақта басқартқаны үшін, Құбылай білге қағанның да ұлыс астанасын Қытайға орналастыруы Қытайдың қаупін Қытайдың өз ішінде жөнге салудың амалы болған. Әрі атақоныс моңғол ұлысына қандай бір дау-жанжал жасатпастан қорғаудың ғажайып жолын ұстанған. Моңғолдың кең байтақ өлкесіне біздің қазіргі кезге дейін сырттан қандай бір суық қарулылар жоламай, бөгделер басып кіріп иеленбей, сол баяғы еркін байтақ қалпында сақталуының өзі бабалардың ақыл-ойының арқасы екенін ұғынған дұрыс. Тек бұдан кейінгі кезеңдерде оны қалай сақтап қалудың амалы келер ұрпақ пен біздің мойнымызға жүктеліпті. Бабаларымыз бізге сан мыңдаған жылдыр бойы атақ-абыройымен үлгі етіп, осынау байтақ өлкені сыйлағаны себепті, біз де кейінгі келер ұрпақтарымызға үлгі боларлықтай өнегелі мұра қалдыруға міндеттіміз. Әрі, дүниеде Моңғол аталатын ұлыс-мемлекеттің қаншалықты ұзақ жылдарға жасауын бір жақты етіп, түбегейлі шешіп беру міндеті де бүгінгі біздерге анықтап айтсақ, әрбір моңғолдың алдына өзін моңғол санайтын кез-келген адамның бүгіні мен болашағы жайлы ойланып, толғанатын нақты ісі шын мәнінде осы төңіректе болуы тиістігін ақыл-есі бар әрбір адам көкейіне алатын шағы да келгендігін ұмытпауы қажет.
Және де, кейбір тарихшылардың жазбаларында: Құбылай білге қаған мен одан кейін билік ұстаған хандарды Қытай мәдениетіне шексіз кірігіп кетті, деп сөгіс айтады. Демек, Құбылай білге қаған мен одан кейінгілер Қытай мәдениетіне көзсіз мойынсұнып, кіріккендігі шын болса да, сол кездегі күллі шығыс өлкесіндегі ең озық, үлгілі де, қоспасыз мәдениет саналатындықтан, моңғолдардың да білім-мәдениетіне пайдалы ықпал келтірген. Әйтсе де, Құбылай білге қаған мен оның мұрагерлері түгелдей өз кезектерінде қытай мәдениетіне бас ұра бергені тағы жоқ. Сонымен қоса өз ұлттық мәдениетімізге де нақты көңіл бөліп отырған. Мысалы: Құбылай білге қаған қандай бір салтанатты іс-шараларды өткізу, заң бұйрықтар шығару кезінде моңғолдыңәдет-салтын басшылық етіп, ұлыс билігінің басшыларын неғұрлым моңғол, ұйғыр ұлтының адамдарынан таңдаған. Қалың аймақты өлкелер мен сиан жоу басшыларын моңғол адамдарынан сайлаған. Қытай ұлтының адамдарын бұлардан төменгі билікте ғана ұстаған. Мұның сыртында Шыңғыс қағанның өзі төр-ұлысының ісіне ұйғыр жазуын қолданғандығын Құбылай қаған іс қағазына жарамсыз деп танып, ұлттық төрт бұрыш жазуын жасатып, ұлыс бойынша қолданысқа енгізген. Мектеп- медреселерде төрт бұрыш жазуды үйреткізіп, оған моңғолдың балаларын көптеп қатыстырған. Және де, сол кездегі тағы бір ерекшелік, моңғолдың хандары Шыңғыс қағанның аманат-өсиетін сақтап, моңғол мен ұйғырлардан әскери басшыларды тағайындап, Шыңғыс қағанның қайын жұрты қоңыраттан ханым алатын салты болған. Осылайша байырға хандарымыз ұлттық қасиеттерді ерекше қастерлеген.
Тарихшылардың тағы біреулері: «Құбылай қаған ыдыраудың есігін ашқан», — деп жазады. Құбылай қаған Мөңке ханның туған ұлы. Шыңғыс қағанның көзі тірі тұрған кезден бастап, ұлыс ісіне араласып, Қытай, Тибет сияқты Азия құрлығындағы үлкенді-кішілі көптеген ұлыс-мемлекеттерді бағындырған білікті қолбасшы, әрі Шыңғыс ұрпақтарының ішіндегі ақыл- ойымен де ерекшеленетін тұлғалардың бірі болған. Білім, мәдениетті басқару ісіне де жетік болғандықтан, хан ұрпағынан таңдалып, таққа отырған. Сөйте тұра бір топ адам Құбылайдың інісі Арғыбөкіні хан сайлап, бір-бірімен жауластыруға дейін барған себепті, бір елде екі хан болмайтынын ескеріп, әрі хан тағының мұрагері Құбылай өзі болғандықтан шарасыздан інісі Арғыбөкіге қарсы ұрыс ашады. Бұл ұрыстың бір ғана Құбылайдың дегенімен емес, түгел ұлыстың шешімімен болғаны белгілі. Қандай бір ұлыс-мемлекетті құру барысында мұндай әрекеттер көптеп кездесетіні себепті тек бұл үшін Құбылайды бір жақты сынап, қателестіруге болмайды. Сондай-ақ Арғыбөкінің қаншалықты білімді, қандай мінезді адам екені жөнінде де нақтылы дерек ұшыраспайды. Соған қарағанда , егер ол хан тағына иелік еткен жағдайда дәл Құбылай қаған сияқты біліктілігіне сүйеніп, ұлы Қытай елін өзіне бағындыра алады, моңғол ұлтының да көсегесін көгерте алар еді, деп нақты айта алмаймыз.
Шын мәнінде моңғол мемлекетінің ұзақ жылдар бойы қуатын жоймай дәуірлеп бүгінгі күнге дейін моңғол ұлтының бейбіт те, тыныштықта өмір сүріп келуінің өзі білікті де, білгі қолбасшылар Шыңғыс қаған мен Құбылай білге қағанның жасаған істерінің нәтижесі екені сөзсіз. Шыңғыс қағанның ұлыс-мемлекеті үшін айтқан өсиетінде:

«Алтын денемді тынық етсем,
Алып төрім уыстан кетер.
Тұла бойымды тынық етсем,
Тұтас ұлысым сандалып кетер.

Алтын денем қажыса, қажысын,
Алып төрім уыстан кетпесін!
Тұла бойым шалдықса, шалдықсын,
Тұтас ұлысым шашылып кетпесін!»,

— деген сөз бар. Шыңғыс қаған осылайша алып күш, алысты болжаған қуатымен Моңғолдың төр мемлекетін мәңгілікті жойылмас етіп, берік орнатып шыдаған.
Моңғолдардың көнеден бергі мекен еткен жері шығыста Хянған тауына дейін, батыста Тәңір тауы, Іле өзеніне дейін, солтүстікте Байқал теңізіне дейін, оңтүстікте Аққорғанға дейінгі аралықты құрайды. Шыңғыстың ата- бабалары онон, Керулен өзендерінің бойы мекен етіп, Тайшұт, татар, қоңырат қатарлы өзге ұлт тайпалары олардың шығыс және оңтүстік жерлерінде қоныс тепкен. Ілгеріде Аққорғанның сырт өлкесін оңғұт дейтін ақ татарлар, селенге жағын Кілге өзеніне дейінгі аралықты меркіт тайпалары, Байқал теңізі мен Барғұжын маңында бұраттар, Толы өзенін керей тайпасы, Алтай тауларын найман тайпалары мекенденген. Баыс және солтүстік батыс өлкелерін ойрат, дөрбет, ұраңқай, қазақтар мекендейтін. Және Іле, Тарбағатый, Тәңір тауы, Тарым өзенінің бас сағасы, Қотан, Жәркен, Қашқар, Ыстық көл, Іле өзендерінің бойы ерте кезде моңғолдар қоныстанған жерлер. Әсіресе, Қара Қытан (Дайляо) ұлысы мекенденген жерлер деп айтылады. Шыңғыс қағанның орнатқан төр мемлекетінің баяны осылайша тым ұзаққа созылады. Біз соның белгілі мөлшерде қысқартылған баянын ғана сөз еттік. Шыңғыс қағаннан кейінгі таққа отырған үлкенді-кішілі көптеген хандардың мұрагелері мен Шыңғыстан соң моңғолдың төр мемлекеті қалай дәуірлеп, қалайша әлсірегені жөніндегі толық тарихты бұдан кейінгі екінші кітапта анығырақ жазылмақ себепті, бұл жолғы сөзді осымен тәмәм етуді жөн санадық. Шыңғыс қағанның ұлы тағына үшінші ұлы Өгедей хан мұрагер болғанымен, төртінші ұлы толұй шартты мезгілде хан таңбасын ұстаған. Осы жөнінде де, үшінші кітапта сөз етеміз.
(Соңы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *