Шыңғыс қағанның әскери тәсілі мен оны жасақтау әдісі (Ананд Амар)

Шыңғыс қағанның әскери тәсілі мен оны жасақтау әдісі
Шыңғыс қаған өте күрделі әскери тәсілдерді қолданған. Әрі, жасырын, құпия түрде ұйымдастырылатын оның әскер жасақтау, ұйымдастыру әдістерін шешіп айтып, терең құпиясын ашып білген адам, тарихшы болмаған. Тек қана, қытай тілінде бірлі-жарым дерек әңгімелер жазба түрінде сақталған. Ал, моңғол тілінде күні бүгінге дейін жазба түрінде немесе басқа елдің тарихшыларының жазған еңбектерінен аударған деректің өзі табылмай отыр.
Сондықтан біз осы тақырып төңірегінде кейбір тарихи, шежірелерде айтылған азды-мұзды деректерге сүйеніп, әрі шетел жазбаларынан көзімізге түскендерін негізге ала отырып сөз етпекпіз.
Шыңғыс қаған әсте жас кезінен бастап, әскери іске араласып, қол бастап үйренген. Соған сәйкес ұлыс-елінің ішкі құрылымын да машықталған әскери бағытқа көбірек негіздейтін. Әрі, ғұмырын басынан аяғына дейінгі уақытты жорық, шабуыл жолында өткені сеепті бұдан өре тәсілмен ұлыс-елін басқару уақыт онда болмаған. Шыңғыс қағанның ұлысты бөлеу амалы мен әскерді басқару тәсілі бұрын-сонды болмаған, …. тосын, әдіс еді. Азия құрлығында алғаш рет қолданылған талай-талай айла-тәсілдер Шыңғыстың атымен байланыстырылады. Көшпелі, жаайы кейіптегі моңғолдарды әскери тәсіл- тәрбиеге баулып, нағыз әскери кейіпке енгізіп, қатардағы қарапайым әскерден басқару биіктегі түмендердің ноянына дейінгі барлық адамдарды ір тәртіпке жұмылдыра білді. Егер тәртіп бұзса қылмыстыны дер кезінде айыптап, тиісті жаза қолдану, ақыл-кеңес беру арқылы жөнге салып отырды.
Осы бір темірдей берік, қатаң тәртіп арқылы қоластындағы халқы ойлаған мақсатына бір адамдай жұмыла кірісті. Ханның алдында шалапың… танытудан сақталды. Соның нәтижесінде Шыңғыс қаған адам баласының ойына келмейтін ғажайып ерліктерге қол жеткізді.
Шыңғыс қағанның әскерінің санын он бір түменнен он бес түменнің арасында болған, Шығыста Корейдің батысына дейін, батыста Кавказ таулары мен Үндістанға дейінгі кең өлкені иеленіп, сансыз қалың ел мен ұлысқа билік жүргізген дейді.
Оның әскерінің құрылымы он, жүз, мың, түмен деп.. өрлей сатылап келетін. Он адам ең төменгі билік, он адамның ішінен біреуі басшы болады. Он төменгі биліктіні біріктіріп бір жүздікті құрайды. Ондық биліктілердің ішінен ең мықты біреуін жүздіктің басшысы сайлайды. Он жүздікті біріктіріп, бір мыңдықты құрады, жүздіктің басшыларынан мыңдық басшысы етеді. Он мыңды біріктіріп, бір түменді жасақтайды. Мыңдықтың басшыларының мықтысынан түменнің ноянын сайлайды. Мұндағы тәртіп түмен ноянынан ондық әскеріне дейін бірдей қолданылады. Әскери тәртіпті бұзса, түгел адам бір жаза тартады.
Өстіп Шыңғыс қаған өз әскерін қатаң тәртіппен басқарып, ұлыс- мемлектінің ісі үшін жанын аямаған, қатарындағы серіктерінее де соны талап еткен. Әйтсе де адам өолынан келмейтін істі жүктемеген. Осы жзөнінде Шыңғыс қаған өз әскерінің қолбасшысына: «Әскердің басшысы болу деген ашығу, шөлдеу, шаршау кездерде қол астындағылардың қамын ойлау, өзгелерді ең әлсіз шаршағанның деңгейінде қанықтыру», — дейді.
Шыңғыс қаған қолбасшылық етіп, жорыққа шыққанда неғұрлым кең өлкені қамтуды мақсат етеді. Сол үшін мынадай үш тәсілді тұтынады: Бірінші әскердің азық-түлігін оңай жолмен жеткізу; Екінші иеленген жеріне сырттан келетін азық-түлік, дүние-мүліктің жолын кесу,; Үшінші соғыстарда үнемі жетек атпен жүруді алға қояды. Және де соғыс-ұрысқа кірерде алдын-ала жоспар жасамайды. Жасаған кездің өзінде тек жақынды ойлап қана алғашқы шабуылды қалай ұйымдастыру төңірегінен асырмайды. Бірақ, әскер аттандырған сайын міндетті түрде бұйрық шығарып, әмір береді. Соғыс сайын бір жаңа тәсілді қолданады. Төтенше тәсілді қолданар болса, оны да сол кездің жағдайына сәйкестіреді. Қандай бір жағдайда да жазбаша бұйрық қолданбаған. Әскер аттанғаннан кейін жолын барлап, келесі бұйрықты шығарып отырған.
Жауға кіргендегі әскерінің соғысу тәсілі көбінде ең әуелі үш-төрт шамалы оқ жұмсау, жеңе алмастай болса, дереу артқа шегініп, жаудың әскерін неғұрлым өз бекіністеріне жақын келтіру. Егер жаудың әскері қуып келмесе, олардың бекінісін қоршауға алу сияқты тәсілдерді қолданады. Жаудың әскерінің саны айрықша басым болса, тіптен ұрыс ашпастан екі-үш күндік жерге дейін шегініп, жолай екіге бөлініп, кезіккендерді бағындырып алу амалын ойластырады. Бұл да қолдарынан келмесе онда жаудың әскерінің ыдырап, бөлінуін күтеді де, бөлінген тұсын пайдаланып, жеңіске жетеді. Және де жаудың қолға түскен әскерлерін салып, өздері қатын-балаларына дейін қаруланып, алыстан тобырды көбейтіп, бақылап тұрады. Немесе адам сұлбасын жасап, алдарына салып жүру тәсілін де қолданады.
Жаудың әскерінің саны көп жеңе алмастай болса, жауды қашып шығуына мүмкіндік жасап, қашқандарын қуалап өлтіру амалын ұстанады. Мұны көбінде жоғарыда айтқан шырға салу тәсілімен қоса қолданып, мықты алғыр әскерлерге тасадан барып, жау әскерінің екі бүйірінен соққы беру арқылы іске асырады. Және де қандай бі қала-бекет кезіксе, сырттай қоршауға алып, іштен-сырттан өтетін жолдарды жауып, күндіз-түні тоқтаусыз соғысу арқылы қоршаудағылардың мазасын кетіріп, әбден тозып, шалдыққанға дейін тыным бермейді. Сөйтіп, іштегі жау оңай қолға түсетін халге жеткен кезде, сырттан кезекпен оқ атқылап, кезекпен тынығып алған әскері жеңіл жеңіске жетеді. Мұның сыртында өзен-суларды бөгеп, қалаға ағызу, қала қорғанының іргесін қазып кіру, саты жасап, қорғаннан асып түсу сияқты көптеген тәсілдермен қалаларды басып алады. Әсіресе, мықты күзетілген қала-бекеттерді алу әдісіне ерекше шеберленеді.
Тас ататын сайман жасау арқылы, осыған дейін ешбір жерде болмаған түрлі тас, оқ-саймандарды қолданысқа енгізеді. Мысалы: Сартуыл ұлысының Нишапур қаласын қоршауға алған кезде, Толұйдың жарлығымен шідер серпер деген тасатқы сайман үш мың, өрт қойғыш май түйдек ататын жеті жүз домба, қорғанға өмелейтін төрт мың саты, тас оқ екі мыңды жасатады.
Сол кезде моңғолдар үлкен-кішісіне қарамастан, түгелдей садақ тартып, аң аулауға машықтанған болатын. Әуелі төрт-бес жастағы балаларына дейін ат мініп, өздеріне шақ келетін садақ-жебе ұстап, оны атып үйренетін. Әйелдері де еркектермен тең ат мініп, асау үйрететін, садақ тартатын.
Моңғолдардың негізгі қаруы садақ, қылыш, қанжар, найза, қажетті кезде сауыт, дулыға қолданатын. Мініс атына да қалқан салатын. Және де ұшында қармағы бар ұзын сүмбі ұстайтын. Оны көбінде ат үстіндегі адамды түйреп тарту, құлатуға пайдаланатын. Бір адам үш қорамсақ толы жебе асынатын. Жебелері төрттен бес қарыс ұзындықты, ұшына екі қырлы түйреуіш қондыратын. Моңғол әскерлері аштыққа өте төзімді келетін. Қымыз, жас ет, ірімшік-құртты тағам қылатын. Мініс аттарына арнайы азық-шөп дайындамайтын, жол бойы өрісті керектенетін. Әр әскердің екі азық қоржыны болатын. Оның біріне сусын, біріне құрғақ тағам салып алып жүретін. Бұл жөнінде кейбір тарихи жазбаларда: «Әскер адамының жүректілікті сақтауы, сауда адамының дүние-мүлік жинауымен бірдей» деп келтіреді.
Моңғол әскерінің әрқайсысы үштен-төрттен мініс ат ұстайтын. Жорықтарда өзен-көлдерден өтуге, әрі атты әскерге қолайлылығын ескеріп, әрбір әскерге тұлып-қоржын асып жүруге міндеттелетін. Үлкен өзен, көлдерден өткенде тұлыпқа қару-жарақ, киім-кешектерін салып, оны ат құйрығына байлап алатын. Кей-кейде осындай үлкен тұлыптарға адамды отырғызып, өзен-судан өткен кездері де болған.
Шыңғыс қағанның ісін жалғастырушы сенімді әскер жасағы мен күзет әскерлерінің құрылымы және де барша әскерінің үш қолының жасақтау тәсілі бәрі-бәрі атты әскерінің соғыс тәсіліне ыңғайлы етіп жасалған. Оны басқаруға, жеке-жеке жорыққа аттандыруға тіптен жеңіл әрі қандай бір іс- қимылға жұмылдыруға оңтайлы болатын. Мұның бәрі де алдағы тарауларда айтылып кеткендіктен, бұдан әрі сөз ету артық сияқты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *