ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ ТҰСЫНДАҒЫ МОҢҒОЛДАРДЫҢ ТҰРМЫС-САЛТЫ МЕН ШАРУАШЫЛЫҒЫ (Ананд Амар)

ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ ТҰСЫНДАҒЫ МОҢҒОЛДАРДЫҢ ТҰРМЫС-САЛТЫ МЕН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
І. Моңғолдадың сол кездегі тұрмыс-салты мен шаруашылығын дөп басып айту қиын болғанымен кейбір тарихи жазбалар мен сол тұста моңғол жерін шарлаған саяхатшылардың, ғалымдардың белгілеулерін негізге ала отырып сөз етуге болады.
Моңғолдар Шыңғыс қағанды дәуірлемес бұрын өте қатыгез халық болған. Шыңғыс қаған оларды мәдени тәрбиеге көшіріп, мейірімді, қайырымды етіп өзгертті-мыс, деседі. Дәл осы жөнінде кейбір жазбаларда: Моңғолдың қалың елі ұдайы ұрлық, тонау жасау мен әйел тағдырын аяққа басып, ажырасу жағдайы тіптен көп еді. Ұлы әкесін тыңдамайтын, ері әйеліне сенбейтін, білім-біліктілікті қаламайтын, барлығы да бас-басына кеткендіктен қарасы ханына бағынбайтын, ерекше бір бүлінген жұртеді, дей келіп, Шыңғыс қаған дәуірлеген соң заң, жарғы қалыптасып, адамгершілікті әдет-салтқа көшірді. Қалың елді басқаруды ондық, жүздік, мыңдық, түмендік жүйеге қалыптастырды, деп жазады.
Бұдан кейін Шыңғыстың 85 жылы Моңғол жерін шарлап өткен Еуропаның көпесі, моңғол өлкесінде ұрыс-керіс пен адамды өлтіру сияқты қылмыс болмайды екен. Адамдардың бір-бірімен ара қатынасы аса сыпайы, айтыс- тартысы жоқ, ұры-қары болмайтындықтан небір мүлік, абдыра-сандықтарын құлыпсыз далаға қояды. Кей кездері бір мал жоғалтатын жағдай болғанымен, жоғалған иалды тапқан адам бағып-қағып, мүмкіндік туған кезде иесіне жеткізіп береді немесе жүрген-тұрғандардан хабар айтады екен, десе, Шыңғыс қағанның тұсында жасаған қытай ғалымы Мин Хун: «Моңғолдың арасынан ұрыс-төбелес шыққанын көрмедім», — дейді. Және де, Арабтың бір ғалымы: «Моңғолдардың арасында жылқының ұрлығы болмайды екен», — деп жазады. Моңғолдар бір-бірін сыйлап, өзара тым тату өмір сүреді. Азық- түлігін де бөлісіп керектенеді. Екі-үш тәулік бойы нәр татпай жүрсе де, тоқ адам секілді әнге басып, ойнап-күліп жүре беретін өте бір көмпіс халық. Ыстық пен суықты жақсылықпен өткізе алады. Бір-біріне жамандық ойлауды білмейді. Шама-шарқының жеткенінше біріне-бірі көмек-жәрдем көрсетеді. Және оны бұлдамайды. Моңғолдар асырап шыдарлық дәрежесіне қарай қатын алады. Шыдамы жеткендері бес, он әуелі одан да көп қатын алады. Қатындарының беталды жүріс жасайтыны естілмейді. Көп қатындарының бір-бірімен ұрысып, төбелескені де көрінбейді. Мас болғандары бір-біріне боқтық айтып, балағаттамайды екен», — деп жазған деректерге қоса, «Моңғолдардың туадан өш-кектері мол болады», — деп жазғандары да кездеседі.
Моңғолдардың ол кезде ұлттық жазбасы болмады. Соның үшін барлық жазбаларын ұйғыр жазуымен жазып қалдырды.
Моңғолдардың діни нанымы жөнінде кейбір жазбаларда: «Моңғолдар табыну құралдарын арнайы арбаларға тиеп, үйдің есік алдына қоятын. Оған кейбір ас-тағамның түрлерінен, аң аулағандағы тапқан олжаларынан, сүт тағамдарынан шашыратқы жасау арқылы табынатын. Және де, оларды түрлі торғын-торқа, әсем жібектермен қаптап, әшекейлеп тұтынатын», — деп баяндағанымен кейбір жазба деректерде: «Моңғол жеріндегі будда діні үш мәрте жойылып, қайта жанданған», — деп те жазады. Мұның – алғашқысы Күннү мен Тоба, Юанвэй мемлекеттерінің тұсында , келесісі – Шыңғыс қаған мен Өгедей ханның тұсында, Соңғысы – Түметтің Алтын ханы мен Абтай (Авдай) ханының кезінде еді. Алғаш будда діні Тибет арқылы емес, тура Үнді, Ұйғыр, Соғда арқылы таралады. Сонан моңғол жеріне қырғыздар уақытша иелік құрған тұста, олар будда дінін жойып жібереді де, сол кездегі адамдардың жартысы тәңір дініне, енді бірі христосқа табынған. Қалғандары ешбір дінге мойынсұнбаған.
Бұдан кейін Шыңғыс қағанның тұсында тараған дін туралы жоғарыда сөз еткен едік. Енді соның қосымшасы есебінде кейбір ғалымдардың жазғандарын келтіріп көрелік: «Өгедей хан әкесі Шыңғыс қағанның бұйрығымен Қарақорұм қаласына480 діни ордалар салдырып, онда моңғол, ұйғыр ламалар жиналып, уағыздар өткізетін. Сөйткен шақта күндердің бір күні батыс өлкеден Мұхаммет (ислам) пен христостың діни өкілдері келіп, Қарақорұмның үлкен ордасының алдында қоңырау ұрып, діни жиын өткізіп жатқан моңғол, ұйғыр ламаларды көреді. Сонан олар да өз діндерін насихаттауға кіріседі. Бірақ, Өгедей хан ислам діндарларына тиым салады. Әлгі дін уағыздаушыларды ел-еліне қайтарып жібереді,», — деп те жазады. Сондай-ақ осы тұста ханға табынушылық та болған сияқты. Себебі: «Бату ханның тұсында орыс нояны Михаил деген адам Бату ханға табынып, Шыңғыс қағанның суретіне табынбағаны үшін өлтірілді», — деген дерек айтылады.
Тағы бі деектерде: «Моңғолдар күн, ай, от, су, аспанға табынатын. Күнделікті ас-тағамдарынан соларға шашыратқы жасайтын. Оның сыртында түрлі тиымдарға, ырым-жоралғыларға сенім-наным арқылы бал аштырып, бақсы-балгерлерге көрінуді де қолданатын. Адам қайтыс болғанда оның мәйітін төрге отырғызып, алдына астау толы ет тартып, шараяққа қымыз толтырып қоятын. Құлынды бие, ертоқымды ат байлайтын. Және бірер ат сойып, оның терісіне ағаштан сирақ жасап, мәйітпен бірге көметін. Үлкен шені бар басшы, нояндар қайтыс болса, оның қабірін бөгделерге көрсетпей жасырып тастайтын» десе, келесі бір көне жазбаларда: «Моңғолдар әке- шешесі қартайып, қайраты қайта бастаған кезде, көмекейіне қойдың құйрық майын тығып, асық жілікпен нығап өлтіретін», — деп жазады.
Моңғолдардың және шығыс халықтарының тіптен көне заманғы жазбаларында: «Қандай бір хан немесе ұлық адам қайтыс болса, оның көмекшілерін түгелдей өлтіріп, қоса жерлейтін», — деп жазады. Бірақ, Шыңғыс қағанның заманындағы моңғолдарда ондай салт болмағанға ұқсайды. Ал, Шыңғыс қағаннан кейін жасаған кейбір моңғол хандарының кезінде мұндай салт қолданылған», — деген деректер бар. Демек, мұндай деректерге сену қиын. Біз оны жаңсақ айтылған деректер деп білеміз.
Моңғолдар сол кезде де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Әсіресе, жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкіге аса бай болған. Кейбір саяхатшылардың жазғанына үңілсек, «Дүниежүзінде бұлардан өзге малға бай ел жоқ», — деп таңданғанын көреміз. Және де дәл сол кезде моңғолдар дәл қазіргілері сияқты киіз үй тігіп, көшіп-қонып жүрген. Бі ғана айымашылық болған. Ол – кейбі көзбен көрген саяхатшылардың жазғанындай: «Әл-ауқаты жеткен мықтылардың киіз үйлерін үлкен арбаның үстіне қондырып, көшкен кезде оны жығып, тиеместен, жиырмадай атан өгізбен сүйретіп жүрген. Және де моңғолдың хан, нояндарының алып ордасын сүйреткен арбалы өгіздерді талай кездестірдік», — деген де дерек сақталған.
«Сол кезде моңғолдар қыста ілгеріге қарай көшіп, жаз айларында қайта кері келіп қоныстайтын. Жаз айларында биенің қымызы, қой, сиыр, түйе сүтінен жасалған тағамдар мен құрт-ірімшікті қорек еткен. Қыс айларында көбінде етке сүйеніп, ақ тағамдарды қоспа есебінде керектенген. Бай, ауқаттыларына ілгері өлкелерден481 ұн, күріш жеткізіліп тұрған. Кедейлері ұн, күрішті тері- терсек, қойға айырбастап алатын. Сүттен ашытылған ішімдікті де көптеп қолданған. Той-томалақтарда арақ-шарапты да керектенетін. Бірақ, ондай арақтарды сырт елдерден әкелетін еді», — деп те жазады. Моңғолдар қымыз тойын жасағанда, қымызды босағаға жақын орналастырып, оның қасына атқобыз ұстаған адамды отырғызады. Қымызды әйел, еркек демей көп ішеді. Адамдарға түгел іштіру үшін, ішпегендердің құлағынан тартып, қарсы алдына тұрып билейді. Немесе екі жағына екі адам тұрып, енді біреуі шараяққа толтырылған қымызды алдына ұстап билейді. Қымызды әлгі адамға жақындата келіп, қол созып ұмсынған тұста, лезде қайта шегініп, өзгенің тәбетін ашып, қоздыру қимылдарын жасайды. Ән салып, көңілін тербейді. Сөйтіп асқазаны сіресіп, шараяқтағы қымызға қарай алмай отырған адамды қашан бір алдына келген қымызды байқамай сіміріп салғанға дейін ән мен биді тоқтатпайды. Үйдің иесі қымызды қолға ала бастаған тұста, қобызшы сазды әуенге басады. Үлкен тойларда еркектер үй иесінің, әйелдер оның жұбайының алдына шығып билейді. Тіпті біздің өлкеде көрінбеген небір түрлі сазды аспаптарды да кездестірдік», — деп жазады тағы бір деректе. Сол кездегі моңғолдар ән мен күй, сазды аспапқа біршама бай болғанға ұқсайды. Қытайдың бірер оқымыстыларының жазғанына сүйене отырып, Владимирцов былай дейді: «Шыңғыс қаған шабуылға аттанғанда ханымдарымен бірге әнші-күйшілерін де бірге алып жүретін. Бұлар – он жеті-он сегіз жас шамасындағы өңшең сұлулар еді. Сазды аспаптарда өте шебер ойнайтын. Және де, Құбылай білге ханның тұсында жазылған «Тарихтың ақ дәптері»482 деген шежіреде: «Төрт мезгілдің тойы деген болған. Оның әуелгісі – көктемнің соңғы айының жиырма бірінде483 Шыңғыс қаған тоқсан тоғыз биелерін байлап, ұлы той жасайтын. Ол «ақтың тойы» деп аталатын. Жаздың ортаңғы айының он бесінде әлемдік кие – ақ туын қондырып, тоқсан тоғыз бозының тұқым-тұяқтарына ақ құятын. Оны жазғы мысал той дейтін. Күздің соңғы айының он екісінде құлындардың ноқта- шылбырын алып, күзгі дастархан жайылатын. Күзгі той сол еді. Қыстың алғашқы айының үшіндеШыңғыс қаған Мялиаг-тардың тойын тойлайтын. Бұл – қыстың тойы деп аталатын, — деп жазады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *