Тәңірдің жаралуы туралы миф

Тәңірдің жаралуы туралы миф
Бағзы замандарда Ұлы Даланы мекендеуші көшпелілер Көк Құдайы – Тәңірге сенді. Осыған орай олардың ұстанған діні тәңіршілдік деп аталады.
Тәңір дүниедегі жан иелерін жаратушы, барлығына тіршілік лебін үрлеуші Бас Құдай делінеді. Бірақ Тәңір пайда болғанға дейін ғаламдыбұлдыраған тұман, буырқанған мұхит басып жатқан. Бабаларымыздың, ежелгі түркілердің, мифтерінесү йенер болсақ, іздің әлеміміз осы мұхиттан жаратылған.
Ол былай суреттеледі:
«… Баяғыда көк те, жер де болмаған, тек бір ғана шетсіз-шексіз мұхит болған. Күндердің бір күнінде мұхиттың ортасында Ақ Жарық көрініп, одан нұр шашқан алтын жұмыртқа шыққан. Оның ішінде күллі әлемнің болашақ түп атасы Тәңір жаралған.
Тәңір өте ұзақ, миллиондаған жылдар бойы ұйықтады. Ақыры, бір күні оянды да, жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шықты. Жұмыртқаның үстіңгі жағынан Көкті жаратты, ал төменгі бөлігінен Жерді жасады. Көк Жерге құлап кетіп, жер жүзінде тағы да аласапыран орнамас үшін Тәңір олардың арасына асатаяқ – темір қазық қойды. Ол Аспан таяғы – Темірқазық жұлдызы. Тәңір Темірқазыққа Көк жүзін айналып жүретін аспан арғымақтарын – жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды байлап тастады».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *