«ТОРҒАЙДЫҢ ҮШ ӨСИТІ »
⠀
Бір торғай жем іздеп жүріп құсшының құрған торына түседі.Қолымен қыса ұстаған құсшыдан құтылудың амалын іздеген торғай:
— Мені жібер. Кішкентай ғанамын, жегеніңмен бәрібір қарның тоймайды.
Одан да мен саған өмірлік азық болар үш ақыл айтайын, — дейді.
⠀
Құсшы:
— Мейлі, айт. Тыңдайын, — дейді.
⠀
— Бірінші ақылымды алақаныңды ашып тұрғанда айтамын. Екіншісін ағаштың бұтағында отырып, ал үшінші ақылымды ұшып бара жатып айтамын, — дейді.
⠀
Құсшы келіседі.
Ол алақанын ашқанда:
— Өткен іске ешқашан өкінбе, босқа әуре боласың, — дейді де торғай ұшып кетеді.
⠀
Ағаштың бұтағына қонып:
— Енді екінші ақылымды тыңда.
Өз көзіңмен көрмеген нәрсеге ешқашан сенуші болма! — дейді.
⠀
— Үшінші ақылыңды айт енді, — дейді құсшы.
Торғай:
— Ей, құсшы, менің жемсауымда сенің алақаныңдай гауһар тас бар, сойғаныңда әп-сәтте байып шыға келер едің, — дейді.
⠀
Құсшы отыра қалып: — Қап, байлықтан айырылып қалдым-ау, — деп санын соғып, өзін-өзі кінәлап өкінеді.
Тоқтамай өзін-өзі жазғырып ұзақ жылайды.
⠀
Осы кезде торғай:
— Өткенге өкінбе дедім, ал сен жарты сағат өкініп жыладың.
Көзбен көрмегенге сенбе дедім, сен менің өтірік сөзімді сараламай-ақ сене салдың. Сенің алақаныңдай тас менің ішіме қалай сыяды? Тыңдамайтын адамға айтқан сөз бен кеткен уақыт зая, — деп ұшып кетеді. Торғайдың миындай ми жоқ деген сөз осыдан шыққан..Енді ойланып көріңізші, осы торғай құрлы болмай, өткен іске өкініп, көзбен көрмегенге сеніп, өміріңізді босқа өткізіп жатқан жоқсыз ба?
⠀
Әңгімеден не түйдіңіз?
Әрбіріңіздің жауабыңыз маңызды 😍👇