КӨКЕЧҮ БАҚСЫНЫҢ ӨЛІМІ:
Шыңғыс қағанның жақын туысы қонқотан аймағының Меңлік ебүгенінің461 жеті ұлы болады. Сол жеті ұлдың төртіншісін Теп-Теңгір462 деп атайтын.
Кейіннен оны Көкечү бақсы деп атап кетті. Ақылгөй, білгілігінің арқасында көпті аузына қаратып, үлкен құрметке ие болған Көкечү бақсы Шыңғыс қағанның өзіне тура сөз айтып, ақыл кеңесін берген.
Күндердің бір күнінде Меңлік ақсақалдың жеті ұлы Қасырмен шығысып, соның кгін алу үшін қағанға келіп, Қасырды жамандайды. Шыңғыс осы жалған сөзге иланып, Қасырды жазалап жатқан жерінде, Өгелүн шешей ара түсіп, арашалап алады. Сонан Көкечү бақсы бастап, ағалы-інілілер Шыңғыс қағанның інісі Отшығынды мұқатады. Бостан босқа жәбірленген Отшығын көзіне жас алып, Шыңғыс қағанға келеді. Бұл жолы әңгімеге Бөртгөлжін ханым араласады. Қағанға былай деп уәж айтады: «Қонқотанның жеті ұлы бұдан бұрын Қасырды соққыға жыққан еді. Енді міне, Отшығынды жәбірледі. Кейіннен қай адамыңды соққыға жығарын кім білер!» деп жыламсырайды. Бөртгелжін ханымның сөзін естіген Шыңғыс қаған Отшығынға: «Деу-тәңгірді осында келтіремін, өзің біліп, жазасын бер!» дейді. Көкечү бақсының келетінін білген деу-тәңгір үш бірдей түйе балуанды ертіп келіп, үй сыртына даярлап қояды. Көп кешікпей Меңлік жеті ұлын ертіп келіп, Шыңғыс қаған отырған үйге жайғаса бергенде, Отшығын: «Кеше мені қалай қорлап едің?» деп Деу-тәңгірмен ұстаса кеткенде, Шыңғыс қаған:
«Екеуің сыртқа шығып, күштеріңді сынаңдар» дейді. Отшығын деу-тәңгірді ұстаған қалпы, сүйрелеп, сыртқа алып шыққанда, дайын тұрған үш палуан, оны бас салып, жабыла жұмарлап, бел омыртқасын опырып жібереді. Меңлік ақсақалдың қалған ұлдары есікті жауып жіберіп, Шыңғыс қағанға ұмтыла бергенде, әскерлері келіп, арашалап қалады. Сонан Шыңғыс қаған сыртқа шығып көрсе, Деу-теңгір әлдеқашан өліп қалған екен. Көшкен кезде сүйегі де жұртта қалады. Бұдан кейін Меңлік ақсақал: «Қаған төрді құруға қанымды ағызып, терімді төгіп жүріп көргенім осы болды» деп өкпе айта бастағанда Шыңғыс қаған: «Ұлдарыңды ақыл парасатқа тәрбиелемей, тентек етіп өсірдің! Ақыры осының кесірінен Деу-тәңгірдің басын құрттың!.. деген сөздерді айтып, ақсақалдың аузын жабады.
Әсілі, кейбір тарихи жазбаларда Көкечү бақсының өлімін көптен қызықтап, көпірте жазады. Дегенмен оның іс-әректінің Шыңғыс қаған мен Моңғолдың жалпы тарихына айтарлықтай қатысы бар, қажетті оқиға емес. Сондықтан бұл туралы сөзіміз тәмәм. Оның толық мәтіні «Алтын тобчи» мен «Құпия тарихта» айтылады.