Жолдардың Ақ және Қара құдайлары

Жолдардың Ақжәне Қара құдайлары
Көкте жол құдайлары, ағайынды екі жігіт Алажол Тәңір мен Қаражол Тәңір тұрады. Бұлар көшпелілер үшін өте маңызды құдайлар. Алажол Тәңір – таң шапағының, жарық күннің ұлы. Қаражол Тәңір – түннің ұлы. Алажол таң сәріден аттанып, қараңғылықты түре қуады, адамдарға жарық пен нұршуақ сыйлайды, күш-қуат беріп, өмірлерін ұзартады. Қаражол өз бауырының соңынан жүреді. Ол тек түнде ғана сапар шегеді, күндіз жіберілген олқылықтарды түзетеді, науқастарды емдейді, жалқаулар мен жалған айтуға жаны құмарларды жазалайды. Құдайлар Тәңірдің жарлығын орындап, оның ықтияры мен әмірлерін адамдарға жеткізіп отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *