Адам қалай жаратылды

Адам қалай жаратылды
Үлкен Тәңір Еркілік пен Манғышөреден басқа да көптеген жан иелерін жаратты. Оларды өзіне қызмет еткізіп, әлемдерге бөліп орналастырды.
Үлкен Тәңір адамдардың сүйектерін қамыстан, денелерін балшықтан жасады. Содан соң олардың құлақтары мен мұрындарына дем үрледі. Үлкен Тәңір құлаққа үрлеген кезде құдайдың демімен адамның денесіне жан кірді. Ал мұрнына дем жібергенде адамның басына ақыл-ес орнықты. Сөйтіп ақыл-ойы бар тірі адам, тіршілік иесі пайда болды. Үлкен Тәңір осылайша жеті еркекті дүниеге келтірген.1 Оған қоса сонша ағаш жаратты.
Адамдарды жаратқан соң Үлкен Тәңір сол жерден кетпей тұрып, бетін шығысқа бұрды. Шығыс жақта Алтын тау (Алтай, Алатау) болатын. Сөйтіп, тағы бір еркек пен ағаш жаратып, олардың беттерін батысқа қаратып, Алтын таудың үстіне қойды. Алайда, сегізінші адамға жан мен ақыл-ой үрлемес бұрын, Үлкен Тәңір оған: «Ұғып ал, жақсы болсын, жаман болсын, жаратқанымның бәрінің қожасы сен боласың. Кімнің аштан өлетіні, кімнің ауру, кімнің сау болатыны өз билігіңде. Осының бәрін білетін бол!» – деді.

Әлемнің жаралу мысалын біздің дәуірімізге дейінгі «Атрахасис туралы аңыз» атты өте көне шумер-вавилондық кітаптан алынған үзіндімен салыстыруға болады. Онда былай делінген.

Алғашқы айдың
Жетінші һәм он бесінші
Кундері,
Oл (Энки) арылу
гұрпын жасап гүлдеді.
Ақылы бар «дана»
Кудайда kелтірді,
Кеңес құрып, олар
(Құдайлар) оны өлтірді.
Қан-жынына бөктіріп
сол денені,
Әйел-Құдай Нинту
Балшық иледі…
…Омырып ап он төрт
Балшық кесегін

Оң жағына жептеуін ол
қояды,
Сол жагына жетеуін ол ?
қояды.
Араларын кірпішлпенен
бөледі.
Құмар болған даналық
пен білмеккe,
Жеті, Жеті құдайлары
туудың,
Жеті еркекті олар
сонда жаратты,
Жеті әйелді олар сонда
жаратты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *