ҰЙҒЫР ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗІ (Ананд Амар)

АЛТЫНШЫ ТАРАУ
ҰЙҒЫР ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗІ
Ұйғыр ұлысы моңғолдың жеріне Шыңғыс қағаннан 416 жыл бұрын, яғни Түрік ұлысы жойылғаннан кейін, соның жерінде құрылыпты. Көптеген ғалымдар ұйғырлады түрік тектес халық деп таныған.
Сондығынан да, ұйғырлар моңғолдар мен түріктерге бірдей ортақ байланысты болып келеді. Әрі, олардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі екеуімен де сабақтасып жатыр. Әсірісе, шаруашылығы мен таным-білімінде тіптен айырмашылық жоқ деп айтуға болады. Бұлар Шыңғыс қағанның тұсында тіптен жақын қарым-қатынаста, татулық келісімде болған. Қытайдың тарихи жазбаларында Ұйғырларды саяси мәселелерге байланыстырып, әр кезеңде әрі қалай атаған. Бір кездерде Ху Хуй немесе Ху Хэ деп атаса, енді бірде Ху Си немесе Вэй У Эл234 дейді. Тоба, Юанвэй ұлысы мен Түрік ұлысы болғанда Гаугуй немесе Гаучэнь деп атаған. Ұйғырлар әлімсақтан бері түрік, моңғол хандарымен ұдайы аралас тірлік кешіп, бертіңгі кездерде ғана қуат алып, жеке ұлыс-мемлекет болуға қол жеткізген. Бұл жөнінде кейбір оқымысты ғалымдар: Ұйғыр нояны Пэй Ло Шыңғыс қағаннан 416 жыл бұрын Түрік ұлысын жойып, хандық ұлыс орнатқан деседі. Әйтсе де, Шыңғыс қағаннан бұрын 1367 жылдан 1136 жылдар аралығында болған Хан ұлысының тұсында Үнді жеріне барған қытай саяхатшысы Фа Ся-ның жол жазбасында;
«Моңғолдың шексіз шөл, өзен-суларын он жеті күнде артқа тастап, Ұйғыр хандығының жеріне келдік. Сонан Ұйғыр жерін он бес күнде жүріп өттік…» дегенініне қарағанда, ұйғырлар сол кездің өзінде жеке иелігі бар, жеке ел- жерді мекен ететін немесе жеке-дара бірер аймағының өзіндік құрылымы болғаны аңғарылса керек. Ұйғырлар Орхонның Қара қорғанында235 орда құруымен қатар қазір Эрдэнэзуу236 тұрған Қарақорұм жерін астана еткен деген де деректер айтылады. Қаншалықты солай дегеннің өзінде ұйғырлар алғаш моңғол жерінде төр-мемлекет орнатып, тарихи жазбаларда белгілі болған кезі түріктерден кейін екені белгілі. Және де, қытайлар Ху Хуй, Хуй Ин ноян деп атаған – ұйғырдың Пэй Ло деген нояны Түрік ұлысының балаң қағанын өлтіріп, Ұйғырдың ұлы мемлекетін орнатқан еді.
Бұл жөнінде кейбір тарихшылардың жазбаларын да: Ұйғыр ұлысы Түрік ұлысының жерінен әлде қайда та жерге иелік құрғанымен, күш-қуаты жағынан еш кемшін емес еді. Әйтсе де, бірер кездерде олардың күш-қуаты артып, ұлы ұлысқа айналу құпиясы – Тан ұлысының хуандиі Ұйғыр ұлысына мырзалық танытып, өзінің ордасына шабуыл жасамауды өтінгендігі де себеп болған. Шын мәнінде бұл уақиға ұйғырлардың күш-қуаттылығынан емес, сол кезде қытайлар өз ішінен бүлініп, Ан Лушанның көтерілісіне237 тап болғандығынан еді, — деп жазады. Шыңғыс қағаннан бұрын 414 жылы Ұйғыр ханы Пэй Ло дүние салып, оның орнына баласы Мойынчұр238 хан тағына отырады. Бұған ұйғырдың түгел халқы қарсы болады. Найман оғұзу немесе сегіз тайпа, тоғыз татар тұтастай бөлініп, шығып, өздеріне оның үлкен ұлы Білік Тұтұқ дегенді хан сайлайды. Сол себепті, Білік Тұтұқ Мойынчұрға қарсы неше мәрте соғыс ашып, соңында жеңіліс тауып, елінің бір жартысы бағынышты болып, бір жартысы хятандарға239 қашып кетеді. Осыдан кейін тағы да қырғыз, түргеш басмал, қарлұқ қатарлы аймақтардан одақ құрып, соғыс ашып, Мойынчұрдың жеңісімен аяқталады. Дәл осы тұста Тан ұлысының ішінде Ан Лушанның көтерілісі басталады. Ан Лушан әуелде күннү текті адам болған. Ол Тан ұлысының ханына сенімді адам есебінде, оның ордасынан лауазымды орынға ие болып, биік дәреже, шен-шекпеннен сияпат көріп әбден кірігіп алады. Соның нәтижесінде Шыңғыс қағаннан 420 жыл бұрын Дунсин қаласына қолбасшыға тағайындалады. Сөйтіп қол жеткізген биліктің арқасында маңайына ху тектілерді топтастырып, төңірегіндегі қалалар мен елді мекендерге өз адамдарын билік еткізеді. Осылайша күн озған сайын оның күш-қуаты артып, өзін Ұлы Янь ұлысының хуандиі деп жариялауға дейін барады. Тан ұлысының астанасы Чаньаньбу мен Лоян қаласын басып алуға аттанады. Сол тұста Қытайдың батысынан тибеттер қалың әскермен басып кіріп, басшыларын дүрліктіріп жатқан кез еді. Қапыда қалған қытай басшылары Ұйғыр ұлысының қағанынан көмек сұрауға мәжбүр болады. Тибеттермен күш қабысқан Ан Лушан алғашқы шабуылда-ақ Сычуан, Ганьсу қалаларын басып алады. Тан ұлысы Ұйғыр қағанының көмегімен Ан Лушанды өлтіріп, қалаларын қайтарып алады. Әйтсе де, көтерілісшілер Ан Лушанның орнына қайта-қайта басшы тағайындау арқылы бұдан кейін де бірнеше мәрте Тан ұлысына қарсы көтеріліс жасайды. Осының салдарынан Қытайдың ішкі жағдайы тіптен қиындап, көптеген адам шығынына ұшырайды. Ақырында әлсіреген Қытай басшылары бұл көтеріліске Ұйғырлардың көмегімен зорға тойтарыс береді. Осы тұста бұдан өзге де қиындықтарға тап болған қытайлар ел-жерінің батыс пен оңтүстіктегі бірқанша аймақтарын тибеттерге айрылады. Осы жерлерді қайтарып алуға көшпелі тайпалардан жасақталған қосындар мен ұйғыр әскерлері ымыраға келіп, азық-түлік жинау сылтауымен қытайдың қалаларын ойсырата тонайды.
Ұйғыр ұлысының кереметтей қуаттанған шағы Мойынчұр мен оның немересі Идигинь240 екеуінің тұсы болатын деседі. Идигинь өзгенің қолынан өлтірілгеннен кейін Қара қорған аштық пен зомбылықтың ұясына айналған, деп те жазады. Идигиньді оның бас уәзірі Дунь Мохэ241 өз қолымен өлтіреді. Ол өзінің хан тағына отыру жолын ашу үшін Идигинь ханның өзге де көптеген туыс-туғандарын өлтіреді. Сонымен қатар Қытайдың төр- мемлекетіне барып, қол асты салық төлейтін елің болайын деп жалбарынады. Дунь Мохэ хан тағына отырып, Күгүлік Білік242 хан атанып жүріп, Шыңғыс қағаннан 372 жыл бұрын қайтыс болады. Хан тағына оның ұлы Ду Лосэ отырады да, бір жылдан кейін ол да өлтіріледі. Бұдан кейін таққа отырған ағалы-інілілерді де, ішкі тартыс, дау-жанжалдың көбейгенін пайдаланып, орданың бір уәзірі өлтіріп, Ду Лосенің кәмелетке толмаған ұлы Ачуды таққа отырғызып, оны Фен Чен деп атайды. Ачу Шыңғыс қағаннан 366 жыл бұрын қайтыс болады. Одан ұл бала қалмағандықтан, хан тағына оның бас уәзірі Күлүк сайланады. Қара қорғанда қазірге дейін сақталған балбал тастағы жазбада: Қарлық, Тибетке қарсы ұрыста ерлігімен танылып, Ұйғырдың атақ- абыройын арттырғанын сөз етеді. Шыңғыс қағаннан 356 жыл бұрын Қарлық өлгеннен кейін хан тағына оның ұлы төрт жыл отырған дейді. Әйтсе де, ол бәлендей ештеңе тындырмаған. Одан кейін таққа отырған Боу Жи Шыңғыс қағаннан 340 жыл бұрын дүние салады. Боу Жиден кейін Ұйғырдың хан тағына Чүнд отырып, тағы да төрт жылдан соң, Шыңғыс қағаннан 336 жыл бұрын қайтыс болады. Бұдан кейін Гэ Са Тойрақ таққа отырып, Шыңғыс қағаннан 329 жыл бұрын орданың жасырын ымырашыларының қолынан қаза табады. Мұның орнына таққа отырған Гой Тойра деген еді. Онан бас уәзірі Гюй Лао Фу қарсы болып, Қара қорғанды басып алмаққа көп қолмен аттанады. Оны естіген Го Тойра өзін-өзі өлтіргендіктен, Гюй Лао Фу кәмелетке толмаған Гэ Са Тойрақты таққа отырғызып, соның атында ұлыс билігін өзі басқарады. Әскерін Қырғыздың243 қағаны Ачу Чен Лаоның әскерімен біріктіріп, Қара қорғанды басып алып, Гэ Са Тойрамен Гюй Лао Фуды қолға түсіріп, өлтіреді. Қырғыздың қағаны Чен Мин Қара қорғанды иеленген соң, өз әскерін сонда қалдырады. Ұйғырлар қаланы тастап шығуға мәжбүр болады. Бан Тойра бастаған бір жартысы батысқа ауып, Қарлықтың қарамағына енеді. Қалған жартысы Он өзеніне қарай барып, У Зо дегенді хан сайлап, жеке-дара тірлік құрады. Осылайша Шыңғыс қағаннан 321 жыл бұрын, Ұйғырдың хандығы жойылады.
Бұған қосымша кейбір тарихшылар: Ұйғыр хандығы ыдырағаннан кейін жеке-жеке бөліне көшіп, Іле Тарбағатай маңына Ерен Қабырға244 тауын мекен етті. Көштен қалған бір бөлігі Моңғолмен араласып, қазіргі моңғолдың ұраңқай әулетін пайда болдырды. Бір бөлігі ескі шекараларын күзетіп, кейінгі тауында Тагнан ұранхай атанып қала береді. Ендігі бір бөлігі ілгеріге қарай көшіп барып, хотандармен қораласып, тілдерін ұмытып, бөтен тілді болып кетеді. Азғана бөлігі ғана Сары ұйғыр атанып, қазірге дейін Сары дарияның маңында Алашаның арғы тауларында ұйғыр тілін сақтап отыр деседі. Солай бола тұрса да, Шыңғыс қағаннан 321 жыл бұрын Орхоннан ауған ұйғырлар екі жеке хандық құрып, бірі Тәңір тауының шығысын, енді бірі Хэсиде Ган Жоуды мекен қылады деп те жазады.
Ұйғыр ұлысының кереметтігі мен әлсіздігі туралы сөз еткенде: Тан ұлысының қағаны Ұйғыр қағанына бас иетін еді, десе, қытайдың тарихи жазбаларында: Ұйғыр хандарын Тан ұлысының қағаны тағайындайтын. Қаншаларын Ұйғыр хандарына сыйға беретін, дегеніне қарағанда, Тан ұлысы Ұйғыр хандығына тәуелді болмағаны байқалады. Ұйғырлар өзгелерді шабуылдап, тонаушылық жасауды мансұқ етпеді. Тәуелсіздігі үшін қандай да ұрыстан бас тартпады. Көшпелі мал шаруашылығына қоса аң-құс аулап, күн көрді. Мал санының көптігінен қой малының терісі мен аңның тері жүнінен киім киетін. Өз жерінде өнетін өнімдерді пайдаланып, сырт елдің бұйымдарын қажет етпейтін. Соның арқасында ұлыстың әлеуметі дамып, мал шаруашылығы барынша жетіледі. Ұйғыр ерлері садақ, найза сияқты ер қаруын шебер қолданып, оны ерлердің өнері санаған, деп жазады.
Ұйғыр ұлысы осылайша әлсіреп жойылғанымен моңғол үшін пайдасыз болмаған. Моңғол тарихы мен моңғол жазбасына, сондай-ақ, моңғол тіліне де көптеген құнды мұралар қалдырды.
Ұйғырлар қадым дәуірде Түріктер сияқты таңба тәріздес төрт бұрыш әріпті қолданып, кейіннен Тан ұлысының тұсында оны өзгертіп, бөлек пішінді жазбаға ауысады. Ол жазбалар кейбір балбалдарда әлі күнге дейін сақталған. Ұйғыр хандығының сондай бір жазбалы балбал тасы күні бүгін Ханұй мен Хүнүй өзенінің құйғанына құйылатын Моғой өзенінің245 бас сағасы Шинэ усан деген жерде тұр. Онда Ұйғыр ханының жасаған жорықтары мен ұрыс- соғыстары баян етілген: «Богогчур246 хан Шыңғыс қағаннан бұрын 415 жылы Түріктің Осомс ханын өлтіріп, ханымын алып, Түрік хандығының ұрпағын үзді» деген сөздер сақталған. Моңғол жерінде қазірге дейін сақталып қалған, әрі жиі кездесетін балбал тастар мен түрлі бейнелі төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек келген жазбалар, қоршала қаланған тастар түгелдей түріктер мен ұйғырдан қалған, солардың жасаған мұралары. Қырғыздың ұясы247 емес, түрік пен ұйғырдың ұялары. Қырғыздар ұйғырларды басып алғаннан кейін, түріктер мен ұйғырлардан қалған қалаларды, ескерткіш-балбал тастарды, үйінді ұяларды қиратып, құртумен болған.
Ұйғырлар тегі мәдениетті, сауда-саттығы да жақсы дамыған ел болған. Олар Селенге өзенінің солтүстік жағалауына үлкен бір бай қала орнатып, оны Балғас деп атаған. Оның қалдығы Байбала сүме-сінің248 маңында әлі күнге дейін бар, деседі. Және де, осы сүменің жерінде Соғда мен Қытай сауда жасап, қоныстанған, деседі.
Соғда деген халық та батыс жақтан келіп, сол кездегі Ұйғыр жерінде сауда- саттық жасаумен қатар екі бірдей діни ағымды таратады. Оның бірі – шахиямун, бірі – батыстан келген мани деп аталатын діни ағымдар болатын. Мани діні қазір еш жерде сақталмаған. Тек бір ғана моңғолда тауға табыну, отқа табыну сияқты нышандары қалған деседі. Түрік, моңғол, ұйғырла ерте кезде түгелдей бақсы249 /тәңір/ дінін ұстанған. Ал, шахиямун дінін соғдалар таратыпты. Ұйғырлар соғда жазуын Қабұлдау арқылы, өз жазуларынан айрылып, діни кітаптарын да соғда жазуына көшірген деседі. Соғда тілі мен жазуы жоғарыдағы айтылған Қара қорғаннан қалған бі үлкен жалпақ тастың бір бетінде сақталыпты. Одан өзге жерде ондай тарихи жазба кездеспейді, дейді. Ұйғырлар соғда жазуын үйренгеннен кейін, моңғолдарға ұстаздық еткен, қазіргі біздің қолданып жүрген жазуымыз, сол соғда жазуынан негіз алғандықтанбейнеленуі өте ұқсас, кейбірін қазірдің өзінде танып, оқуға болады.
Шыңғыс қаған іс-қағаздарын ұйғыр жазуымен жазған. Соның үшін ұйғыр оқымыстыларын көптеп қолына алған. Кейіннен ұлы Моңғол мемлекетінің қағаны Құбылай250 білгінің тұсында Тибеттің Пагва ламасына төрт бұрышты жазуды251 жасатып, қолданған. Әйтсе де, моңғол тілінің қолданысына соғда- ұйғыр жазуы ыңғайлы болғандықтан, оқымыстылар жаңа жазуды сонша Қабұлдай қоймаған. Біздің әлікүнге дейін ұйғыр жазуын қолданып отырғанымыздың да бір себебі – осы. Ұйғырлардың кезінде моңғол жерінде тұрғызылған шұбырған сүмэ – қала, қорғандарды қырғыздар шетінен қиратып, кітап-құрал, діни мүсіндерін өртке тастап, күйреткендіктен, тек қана Ерен Қабырға тауы жағында тұрғызылған бір ғана қорған сақталыпты. Енді соны көптеген ғалымдар іздеу салып, зерттеуінің нәтижесінде, қомақты кітап-құралдар табылған. Табылған кітаптағы жазбалардың дені ұйғыр тілінде, ұйғыр әрпімен жазылыпты, деседі. Мұның сыртында ұйғыр арқылы жеткен үнді, соғда сөздері бүгінде моңғол тілінде көптеп кездеседі. Мысалы:
«шүлэг252», «бадаг253», «судар254», «мутар255», «шашин256» … т.с.с көптеген сөздер соғда-ұйғыр арқылы үнді тілінен және де «ном257», «дэвтэр258», «убшинз259», «чавганц260», «наманчлах261», «сүм262», «суврага263», «бэлэг264», «билиг265», «хэрэг266», «эрдэм267», «аяг268», «тэхимлиг269»…т.т. сөздер соғда, ұйғыр тілінен моңғол тіліне кіріккен деседі.
Ерен Қабырға төңірегінде мекен еткен ұйғырлар Зэггис қағанның қол астына кіріп, Шыңғыс қағанның ісіне көп кмек көрсеткен. Зэггис қағанның қарамағындағы ұйғырлардың арасында оқымысты-білгір адамдар болған дейді.
Қырғыздар270 ұйғырларды басып алғаннан кейін, адамдарын жаппай қырып- жойып, қалаларын қирата өртеп, бір кез мықты тұрған деседі. Қырғыздар жөнінде кейбір ғалымдар; Қырғыздар Шыңғыс қағаннан 1361 жыл бұрын шамасында батыс солтүстіктегі Саян тауын мекендеп тұрып, жерін тастап ілгеріге қоныс аударған. Қырғыздар негізінен түріктің бір бұтағы, деп жазады. Қытай шежірелерінде қырғыздарды әртүрлі атаулармен жазады. Мысалы; Хан ұлысының тұсындағы шежірелерде Хиеэ, Хиянсе, Гиягун десе, Тан ұлысы кезіндегі шежірелерде Зай Хесе, Гиейго, моңғолдың Юан ұлысы кезіндегі жазбаларда Хиргис деп жазған көрінеді. Қытай тарихында қырғыздарды; Гиян Юан деген шақта, олар Тибет ұлысы ұйғырдан жеңіліп қытайларға келмеді. Олардың адамдары қайтпас батыр келетіндіктен Ұйғыр ұлысы ұдайы дүние-мүлік жеткізіп, лауазым, шендеріне қарай сый-сияпат көрсететін.Сонымен қатар Ұйғыр ұлысы оларға қарсы соғыс ашып, отыз жыл бойы әскер аттандырса да, соңы жеңіліспен аяқталды. Ақырында қолбасшы У Жанды ху хан дәрежесіне көтеріп, қытаймен татулық келісімге келеді десе, Тагана ұранхай – моңғол емес, қырғыз деп жазыпты. Сонымен бірге Тагна ұранхайды ұйғыр текті деп дәлелдеуді көздеген жазбалар да кездеседі. Қырғыздар сауаты аз, мәдениетсіз болғандықтан, Ұйғырды иеленген сәттен бастап, адамдарын жаппай қырғынға ұшыратып, көптеген көне қалаларды күйретіп, мағынасы зор ескерткіш мұраларын аяусыз талқандау барысында моңғолға қатысты тарихи дүниелерді қоса құртқанын тарихшылар өкінішпен сөз етеді. Осыдан кейін қырғыздардың моңғол жерінде қанша уақыт өмір сүргені хақында анық деректер айтылмайды. Олар Шыңғыс қағаннан көп бұрын /моңғол жерінен/ қоныс аударып кеткенге ұқсайды. Елінен бөлініп, жұртта қалған қырғыздарды Өгедей қаған өз жерінен қуып шығарған, деген деректер осыны айғақтайтын сияқты. Түрік пен ұйғыр хандығының тұсында баят, басмал, қарлұқ, чиг271 деген тайпалар болған. Бұлардың шығу тегі мен нәсілі туралы, иелік құрған ел-жерлері хақында айтылатын деректерде; Ұйғыр хандығының солтүстігіндегі Цухуй теңізі мен Хөлөн буйр көлінің аралығын отыз тайпа татар деп аталатын моңғолдардың арғы аталары мекен еткен. Олардың батысында баят, басмал, қарлұқ деген тайпалар болған. Бұл үш тайпадан кейінгі жер Чиг ұлысына қарайтын. Қазір осы өлкені ұранхайлар макен етеді. Айтылған өлкелердің терістігінде Қырғыз деп аталатын шағын тайпа да орналасқан болатын. Оның сыртында Ұйғыр өлкесінің тікелей терістігінде Құриған деп аталатын үш аймақ ел мекен етіп, Цухуй теңізінің батыс жағалауынан аң-құс аулап күнелтетін.
Түрік, ұйғыр, қарлұқ, басмал, баят дегендер түгелдей бір текті, бір тілді, бір нәсілді халық еді. Чиг пен Қырғыз екеуі бөлек текті, бөтен тілді халық еді. Отыз татар дегені – отыз тайпа моңғолдарды айтқаны еді, деген деректер де ұшырасады. Бұл деректерге сүйенсек, қырғыздардың түріктен екендігіне күмән туады.
Тагна ұранхайдың арғы тегі ұйғыр мен қырғыздың ата-тегі түріктен екендігі анықталған шындық. Олай болса, Тагна – туваның түріктен екендігі қисынға саяды.
Сол сияқты моңғолдарды да, есте жоқ ерте шақтарда түріктерден деп айтылатыны себепті, моңғол мен туваның қаны бір туыс екендігі де дау тудырмаса керек. Және де, екі халықтың адамдарының кескін-келбеті, салт- тұрмыс, әдет-ғұрпы тіптен ұқсас келеді. Моңғол, тува екеуі ерте кезде түріктен тараған деп айтылғанмен, тарихи жазбаларда белгілі бола бастаған кездерден бері жеке ұлт, ұлыс ретінде танылғандықтан тілі, діні бөлек халық деп түсінген жөн. Тагна – Тува бұдан екі мыңнан астам жыл бұрын Саян тауының маңында қоныс тепкен. Кейіннен Шыңғыс қағанның тұсында Моңғолдың ұлы мемлекетіне қосылыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *