Қара Хятан ұлысын бағындыруы
Найманның Таян ханның ұлы Күшілік қашып барып, батыстағы Қара Хятанның жерін паналағаны жөнінде әлгінде айтқан едік.
Осы аралықта Күшілік Қара Хятан жеінен қолдау тауып, мықты күш жинап жатқаны және де ол әскер алып ілгеріге соғыс ашу ниетте екенін Шыңғыс қағанға құлақдар етеді. Осы суыт хабарды естіген бойда Шыңғыс қаған 57 жасында Жебе ноянға екі түмен әскер беріп, Күшілікті күйретіп, батыс Ляо деп аталатын Қара Хятан ұлысын бағындырып алады.
Енді Қара Хятан ұлысы дегеніміз нендей ұлттан болғанын және де қандай жерлерді мекен еткені жөнінде шамалы анықтап берелік:
Жоғарыда, VII тарауда айтқанымыздай Моңғолдың Дайляо деп аталатын ұлы Хятан ұлысы күйрегеннен кейін сол елдің қағанының тұқым жұрағаты Елюй Даши ноян бір топ елмен қоныс аударып, батыстағы Тәңір тауының солтүстігіндегі кең өлкенің орталығы делінетін баласағұн (қос орда немесе әсем орда) шаһарына арып паналайды. Сол жерде ол атақ-абыройға ие болып, төңірегінде мекендейтін моңғол нәсілділер мен қаңыл, қарлық, ұйғыр әулеттерінің басын қосып, шығыс солтүстіктегі Енесей дариясына дейін, шығыс солтүстікте Хотан жеріне дейінгі кең өлкеге билік жүогізе бастайды. Сонан Шыңғыс қағаннан бұрынғы 25 жылы батысқа бет бұрып, Хожинд қара Ханиданы (Ұйғыр ұлттығы болуы мүмкін. ауд.) жаулап алып, Трансоксанды (Самарқандының төңірегі. ауд) басып алады. Елюй Дашиды осы кезде Гүр хан деген атақты жамылған есімі белгілі һәм хятан, түркі, моңғол нәсілділерден құралған отыз түменге жуық әскері болған деп те жазады.
Сөйткен шақта Елюй Дашиға қарсы Сырдария мен Әмудария бойын мекен ететін мұсылман әулеттері қатаң шабуылдар ұйымдастырады. Бірақ та қанша шабуылдағанымен Елюйдың сұсын қайтарып жеңе алмайды.
Сонан көп кешікпей Самарқанд, Бұқар, Сартул (Хорезм) түгелдей Қара Хятанның қарамағына енеді. Бұлардың сыртында Іленің жиегіндегі Қарлық қағанына қарасты жерлерді де қоластына алады. және де Тәңір тауының төңірегі мен Іле өзенінің орталық сағасындағы көшпелі тайпаларды да басқарып, Қарлық, Сартул ұлыстарынан, Самарқанд мен Бұқар өлкесіндегі түгел елден салық жинап тұрады.
Елюй Даши Шыңғыс қағаннан ұынғы 19 жылы қайтыс болады. содан кейінгі аралықта Қара Хятан ұлысы түрлі қақтығысқа тап олып, бір кездері қайта әлсірей бастаған. Сол кезде Сұлғу (Құлғу)деген қолбасшы хан тағына отырған.
Сөйтіп Қара Хятан ұлысының әлсіреуін пайдаланған біраз ел күш-қуат жинап, әсіресе Сартул ұлысы Шыңғыстың 45 жылы Қоридың жерлерін біріктіріп алып, Гүр Сүлден аймағын да (Қоридан шығыс солтүстіктегі таулы аймақ) жаулайды. Және де дәл осы тұста шығыс жақтан дүмпілген Қотан қозғалысын пайдаланып, Бұқар мен Самарқандыны да басып алады. Тағы да осы кезде Ұйғыр, Қарлық бастаған біраз ел моңғолға қарайды. Осылайша Қара Хятан ұлысының үрейлі жағдайға тап болып, әлсірегеншағында әлгінде айтқан найманның Таян ханның ұлы Күшілік қашып барады. Бұл тұста Қара Хятан ұлысының ханы Сұғулдың моңғолдармен әбден өштесіп алған кезі еді. Ол шығыс өлкенің жағдайын жақсы білетін Күшіліктің барғанына қатты қуанып, кіші қатынынан туған беріп туыс болады.
Бірден ханның қызын алып, күн озған сайын өзінің бет-беделі де артып келе жатқанын әбден сезген Күшілікенді былай жүре беру болмас, әуелі шығысты жаулайын, сонан Қара Хятанның да тағын алайын деген жасырын оймен бір күні Сұлғуға былай дейді: «Менің әкем, Таян хан өлсе де оның ұрпағы үзілген жоқ. Дәл қазір моңғолдар оңтүстікті жаулап жүр. Осы орайды пайдаланып, бірінші бытыраған елімді жинап алайын, екінші қайын атайым сізге сол елімнің күш-қуатын жұмылдырайын!»,- дейді. Бұған разы болған Сұлғу хан Күшілікті дереу шығысқа аттандырады.
Күшілік аттанып барып, Ертіс өзені мен Тәңір тауының аралығында иесіз болып жүрген найман мен меркіт елінің басын қосып, біраз күш-қуат жинайды. Төңірегіндегі бірісі-жарым ұсақ елдерді де біріктіріп алады. сартул ұлысымен жасырын келісімге келеді. Олар біріккен күшпен Қара Хятан ұлысын күйретіп, Күшілік шығыс бөлігін, Сартулдың қағаны батыс өлігін алмақшы болады.
Сөйтіп Күшілік пен Сартул ұлысының қағаны Ала Ад дин екеуі Хятан ұлысын жаулауға аттанады. Сұлғу қаған бұларға қарсы шабуыл ұйымдастырып, Сартулдан Самарқанд шаһарын қайтарып алады. Бұл алғашқы шабуыл еді. Келесі шабуылда Сұлғудың әскерлері бас қосып біріге алмағандықтан боп жеңіліп, Күшіліктің әскері қаланы қоршап алады. жеңілген Сұлғу күйеу баласы Күшіліктен жанын сауғалайды, жанымды алма, тағымды ал деп жалынады. Бірақ Күшілік оған мырзалық танытады. Сен менің қайн атамсың, атасы тұрғанда баласы таққа отырмайды деп, хан тағында қалдырып, негізгі билікті өзі алады.
Күшілік ел билігін алғаннан кейін Мұхамед Ала Ад динге Сыр өзенінен ілгері өлкені беріп, Қара Хятан ұлысына жыл сайын төлеп тұрған салығынан босатады. Осылайша тірідей биліктен айырылып, бейшара халге келген Сұлғу көп кешікпей құсадан қайтыс болады.
Бұдан кейін Күшілік сол кезде Іле бойына орналасқан Алмалық аймағын шабуылдады деседі. әйтсе де, осы жөнінде сыр шертетін толық қанды деректі біз кездестіре алмадық. Демек, мынадай бір қызықты дерек айтылады. Осы Алмалық ұлысының құрушысы Бұжыр (Ұжыр) деген тонаушылардың
қолбасшысы, әрі аттың арымташысы болған. Сол Бұжыр Қара Хятан ұлысының ішкі қақығысын пайдаланып, Алмалық қаласын татып алып, өзін хан көтерген. Қара Хятан ұлысының қарулы күшпен келе жатқанын естіп,
Қара Хятан ұлысына қарасты Қалық ұлысына бірігіп, Шыңғыс қағанның қол астына кірген дейді. Осы деректе айтылғанына қарағанда, Күшіліктің Алмалыққа қарсы аттанғаны шын, ірақ моңғолдың әскері үлгеріп барған сияқты.
Күшілік Қара Хятан ұлысын алғаннан кейін бір уәзірдің сұлу қызына көзі түсіп, тоқалдыққа алады. Сөйтсе ол қыз Будда дініне сенеді екен. сол үшін Күшілік ұлыс-елді Будда дініне кіру керек деп, жарлық шығарады. Бұған ел ішіндегі ислам дінділер қарсы болады. әйтсе де, Күшілік Будда дініне қарсы болғандарды аямай қырып-жойып, шексіз айып-пұл салу арқылы қыспаққа алғандықтан халықың арасында қатты алаңдаушылық пайда болады.
Сөйткен тұста Жебе ноян Қара Хятан ұлысының шекарасына ілініп: «Дінге қарсы болуға болмайды. әр адам өз қалауымен дінді қолдасын! Шектен тыс
айып-пұл төлетуді тоқтату қажет!»,- деген үкім шығарады. Бұған разы болған қалың ұқара Жебенің алдынан шығып, қарсы алады. халқынан айырылған Күшілік елді жеңе алмасын біледі де, қаланы тастап, қашады. Жебенің әскері оны қашып бара жатқан жерінде қуып жетіп өлтіреді.
Осылайша Шыңғыстың 57 жылы Қара Хятан ұлысы күйреп, оған тиісті жерлер Моңғолдың қарамағына алынады. Енді Моңғолдың иелік құрған жерінің атысы Сартулға дейін созылады.
Бір кездеде Дайляо деп аталған Қара Хятан ұлысы моңғолдың Ұлы Хятан ұлысынан бөлініп шығады да, Шыңғыс қағанның тұсында қайтадан Моңғол ұлысына бірігеді. Біз сол тарихты баян еттік.