ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ КЕЗІ (Ананд Амар)

ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ КЕЗІ

І. Темүжиннің балалық шағы
Моңғол әулетінің орталық өлкесі Хэнтэй тауы және Онон, Керулен, Тұғұл330 өзенінің жерінде Моңғолдың баласы Шыңғыс қаған дейтін бір ғаламат ер дүниеге келіп, алыс, жақын түгел ұлыстарды біріктіріп, иелік еткен. Атақ-даңқын айдай әлемге паш етіп, қоғамдық кейіптегі моңғол әулетін тарихи ұлы мемлекет қылып дәуірлеткен.
Есүкей батырдың әйелі Өгелүн жүкті болғаннан соң айы-күні толып, Еуропалық жыл санау бойынша 1162-ші жылы жаздың алғашқы айының он бесі күні Онон өзенінің бойы, Делүгүн Болдық331 төбесінің маңында Шыңғыс қаған дүниеге келеді.
Дәл сол кезде Есүкей батыр татардың Төмүчин, Қорыбұға дегендерін тұтқынға алып келгендіктен, ұлының атын Төмүчин деп қойды. Шыңғыс қағанның туған жылын «Алтын топшы332»-ны негіз етіп алдық. «Лу. Алтын тобчи» — Шыңғыс қағанның тарихи жазбаларының ішіндегі ең көне және ең дұрысы деп есептеледі. Кейбір тарихтарда Төмүчинді Еуропаның 1155 жылы туылды, деп жазып, оның жасаған соғыс-жорықтарын осы жылға сәйкестіріп есептейді.
Әлгінде сөз еткен «Лу. Алтын тобчи»-ның сыртында моңғолдың көптеген тарихи жазбалары және қытайдың көптеген тарихи шежірелерінде Төмүчин Еуропаның 1162-ші жылы немесе үшінші алпыстықтың су жылқы жылы333 туып, Еуропаның 1206 жылы немесе от (қызыл) барыс жылы 45 жасында хан тағына отырған. 22 жыл билік құрған. Еуропаның 1227 жылы немесе от (қызыл) доңыз жылы 66 жасында дүниеден озған, -деп жазады. Шыңғыс қағанның хан тағының басталуы Еуропаның 1206 жылы немесе от барыс жылы екенін, енді осыдан есептегенде Төмүчиннің Еуропаның 1162 жылы туғаны нақты шындық екені дәлелденеді.
Төмүчинді Еуропаның 1155 жылы дүниеге келді деп жазатын адамдар да бар. Олар Төмүчинді Еуропаның 1206 жылы хан тағына отырды, 1227 жылы дүние салды, деп жазады. Енді осы келтірілген сандармен Төмүчиннің ғұмыр баянын есептесек, онда ол 52 жасында хан тағына отырып, 72 жасында қайтыс болған болып шығады. Төмүчинді 1162 жылы немесе су жылқы жылы туды деп жазатын көптің есептеуінше, оның 45 жасы от барыс жылы немесе Еуропаның 1206 жылына дәл келеді де, қалған жылдарын мүшел қайырумен есептегенде 66 жасында қайтыс болғаны да толық дәлелденеді. Олай болса, бұдан былай Шыңғыстың туған жылын Еуропаның 1162 жылы деп, бір тоқтамға келу керек.
Сол кезде Есүкей батыр көптеген аймақтарды басқарып тұрғандықтан алыс-жақындағы тұтас тайпалар оның ерлігін сырттай естіп, үрейленетін көрінеді. Өгелүн шешейден төрт ұл, бір қыз туады. Тұңғыш ұлы Төмүчин, одан кейінгісі Жошы Қасыр334, Қачиғұн335, Төмүге отчығын336 төртеуі еді. Және де жалғыз қызының есімі – Төмүлен болатын. Есүкейдің тағы бір әйелі Сөчікіл шешейден Бектер, Белкүтей деген екі ұл туады. Төмүчин тоғыз жасқа келгенде Есүкей оны ертіп алып, нағашы жұрты олқұнұт337 тайпасынан қалыңдық іздеуге аттанады. Сөйтіп келе жатып, қоңыраттың Дей шешеніне жолығады. Ұлына қалыңдық іздеп шыққанын айтқан тұста Дей шешен:
«Өткен түнде бір ғажайып түс көріп едім, мүмкін осыған келіп тұр ма екен, егер ұнатсаңыз сүйікті қызым Бөртені ұлыңызға қуана-қуана берер едім», — дейді. Есүкей оның қызын барып көрсе, шынында да қас сұлудың өзі екен. Қуанғанынан ұлын сонда қалдырып, қайтқан жолда қатты шөлдеп, той жасап жатқан татарлардың ауылына келіп түседі. Олардың Есүкейді көрген жерден бұрынғы кектері қайта тұтанып, араққа у қосып береді. Сонан қайтқан жолда Есүкейдің денесі ауырлап, үш күн жүріп, үйіне әзер жетеді. Денсаулығы одан әрі нашарлап, қасындағы қоңқотанның Менілік шалына: «Менің жаным шыдамастай болды. Тезірек аттанып, Төмүчин ұлымды алып кел, деп жібереді де, іле-шала көз жұмады. Ұлы Төмүчин келген соң әкесіне қатты қайғырып, уанбай жылайды. Есүкей батыр өлгеннен кейін артында қалған балаларының жас шамалары кішкентай екенін малданып, Тайчығұттардың басшысы Тарғұтай мен Амбағай қағанның қос қатыны Өгелүн шешей мен Төмүчиннің аға-бауырларына күн көрсетпейді. Сонан бір күні олар Өгелүнді балаларымен жұртқа тастап, Онон дариясына қарай көшіп кетеді. Қоңқотанның Чирқа ақсақалы көшкендердің артынан барып, басу айтса да көнбейді. Өгелүн бегім көштің артынан өзі қуып барып, жартысын қайтарып әкелгенімен ола да тұрақтап отырмай, тайчығұттарға еріп, көшіп кетеді. Жетім болған Төмүчиннің Өгелүн шешейі мазақ болып жұртта қалса да, білімді туған Өгелүн шешей жетім қалған балаларын Онон дариясының бойынан мойыл, жаңғақ теріп беріп, құрық ұстап құс сорпасын ішкізіп, қармақ салып балық сөлін ішкізіп, күндерін көріп отырады.
Бұл туралы «Лу. Алтын тобчи»-да;
«Көрікті туған Өгелүн шешей, сөлді туған ұлдарын, жуалы шөппен өсірді! Қатын Өгелүннің, жайқалған жуаны жегізген ұлдары қаған болып көсілді. Білікті туған Өгелүннің Бек кемірткен ұлдары, білгі болып жетілді. Жетелі туған Өгелүннің шымыр жегізген ұлдары шешен болып шешілді. Ер, білге боп жетіліп, елдің асын ойлады. Ілгек қармақ қолға алып, Онон суын бойлап, балығын аулап күнімен, шабағын сүзіп түнімен шешелерін асырады»,- деп жазады. Осылайша Төмүчин інілерімен бірге қармақ иіп, Онон дариясынан балық аулап, күндерін көреді.
Бір күні Төмүчин, қасыр, Бектер, Белкүтей қатарласып балық аулап отырғанда Төмүчиннің қармағына алтын балық ілінеді. Оны Бектер мен Белкүтей екеуі тартып алады. Төмүчин мен қасыр екеуі шешелеріне айтып еді, шешесі; Сендер неліктен бұлай етесіңдер. Біз тайчығұт ағайындардан көрген ащы қайғының қарымтасын қайтара алмай отырғанда бұлай жұлысқандарың жарамайды, дейді. Төмүчин мен Қасыр екеуі шешесінің сөзіне иланбайды. «Кеше бір торғай атып түсіргенде тағы да тартып алған. Бүгін ғой қармағымызға ілінген балықты да тартып алды. Бүйте берсе қалай бірге өмір сүреміз», -деп ағалы-інілі екеуі есікті қатты тастап, шығып кетеді. Кешқұрым Бектер бір дөңестің үстінде тоғыз сары атын көздеп отырған тұста, Төмүчин артынан, Қасыр алдынан далдаланып барып, садағын көздемекші болғанда Бектер оларды көріп, былай дейді: «Тайчығұт ағайындардың қарымтасын қайтара алмай жатқан шақта, сендер белкүтей екеумізді жоқ етпеңдеші», — деп тізерлеп отырып, олардың садақ тартқанына мойынсұнады. Төмүчин ағалы-інілі екеуі алды-артынан қатар түйреп өлтіреді. Төмүчин, Қасыр екеуі үйге қайтып келгенде, ұлдарының сұстарынан жасаған істерін іштей сезген Өгелүн шеше: «Сен құсағымнан шыққанда қолыңа қан уыстап туып едің.Сендер көлеңкеден басқа дос жоқта, құйрықтан басқа қамшы жоқта, тайчығұт ағайындардан ащы кектеріңді қалай қайтаруды ойламай, не үшін,неге бұлай етесіңдер?..», — деп өзге де қатаң сөздермен ұлдарын қатты сөгіп ұрсады.
Сөйтіп жүргенде тайчығұтлар Төмүчиндердің кұшті өсиетпен тәрбиеленіп, өсіп жатқандаын естіп, «Қозы жүні көтерілді, тоқтының еті толды», — деп, аяқ астынан көп әскермен жетіп келеді. Оларды көріп, үрейі ұшқан Төмүчин атына қарғып мініп, орманға қарай қаша жөнеледі. Байқап қалған тайчығұттар дереу артынан қуады. Бірақ, Тергүне деген орманның нуына сүңгіп кеткендіктен тайчығұттар оған кіре алмай, сайдың аузын күзетеді. Төмүчин орманның ішінде тоғыз күн бойы нәр татпағандықтан, төзімі бітіп орманнан шығып келгенде, тайчығүттар ұстап алып, үй бас сайын бір қондырып, кездіріп жүргенде жаздың алғашқы айының он алтысында тайчығұтлар Онон даиясының жағасында тойлап, күн батқанда тарқайды. Сол тойда Төмүчинді бір босаң боз балаға аңдытып қойған еді. Төмүчин аңдыған баланың басына ағашпен338 бір қойып жатқызып, Онон өзенінің ну орманына қарай қашып барып, суға сүңгіп, бетін ғана судан шығарып жатады. Тайчығұттар дереу айдың жарығымен Онан өзеннің жағалауындағы орманды қаптай тінтіп, іздеп келгенде, Темүчиннің осылай жатқанына тап болған Сүлдүтенің Торқан Ширасы339: Сенің осындай ақылдылығың үшін тайчығұт ағайын-туысың сені өлтіру керек деседі. Сен абай бол. Мен сені айтпаймын, — деп, өтіп кетеді. Тайчығұттар қайта айналып іздеп келе жатқанда, Торқан Шира бүй деп: Сендер тапа-тал түсте айрылып қалған адамды қараңғы түнге қалай табасыңдар. Енді кері қайтып, жүрмеген жерлерден іздеп ауылға барып, ертең қайта жиналып, іздейік!, — деп, қайта айналып келіп Темүчинге: Біз осы ізбен іздеп қайтамыз. Сен енді бізді тарасқаннан кейін, шеше, аға-бауырларыңды іздеп тауып ал. Егер біреудің көзіне түсіп қалсаң, маған көрінгеніңді айтпа!, — деп, тағы да өтіп кетеді. Темүчин Торқан Шира мені осылай құтқарды деп ойлап, оның үйін тауып алуға жөнеді. Олардың үйлерінің белгісі – биелерінің қымызын таң атқаншапісетін. Сол дыбысты тыңдай жүріп, үйіне кіріп барғанда, Торқан Шира көріп: Мен саған шеше, бауырларыңды іздеп тауып ал деп айтпадым ба? Енді тағы неменеге келдің, – дегенде, оның ұлы Шан340 мен Чилағұн екеуі: Торғай қаршығадан қорқып бұта, шөпке қорғаласа, бута, шөп оның жанын қорғайды. Шөп те осындай қорғаушы болғанда, бізді іздеп келген адамды қалай қорғамасқа!,– деп, Темүчинге кигізген бұғауды бұзып, отқа жағып, үйдің артындағы қойдың шуаш жүнін тиеген арбаға жасырады.
Үшінші күні тайчығұттар Темүчинді /біреулер/ жасырып тыстаған болды, өз ішімізден іздейік, десіп ауыл-үйлерді тінтіп, Торқан Шираның үйіне келіп, қуыс-қуыстың барлығын тінтіп, соңында жүн тиеген арбаға барып, тінте бастағанда, Торқан Шира: Мынадай шышыған күнде жүннің арасына қандай адам шыдап жатады?!,– дегенде, тінтушілер арбадан түсіп, кетіп қалады. Торқан Шира Төмүчинге бүй деп: Сен мені күл ұшып, от өшкендей еттің. Енді сен шеше, бауырларыңды тауып ал!,– деп, бір жайдақ бие беріп, бір қозы сойып, жарты етін асып, тері тұлыпқа салып, биенің қымызын торсыққа құйып, бір садақ, екі жебе беріп жібереді. Темүчин кетіп, Онан өзенін өрлеп іздей жүріп, Кемүрге дейтін, Онан өзеніне батыстан құятын бұлықты өрлеп, Бидер деген таудың тұмсығын айналып, Қорчақұр болдұқ341-та шеше, бауырларымен жолығысты. Темүчин сол жерде жолығысқаннан кейін Бұрхан Қалдұн тауының қойнауы, Күрелкү деген таудың ішіндегі Сенкүр деген бұлақтың жағасындағы Қаражүркен342 деген кішкентай таудың жанындағы Көкнорға343 мекендеп, суыр, тараққұйрық атып жеп өмір сүреді.
Бір күні Темүчиннің сегіз сары аты үйге жақын тұрғанында бір адамдар келіп, тартып алып кетеді. Және бір құла аттары бар еді, оны Белкүтей мініп, суыр аулап кеткен болатын. Кешқұрым суыр артып келгенде, Қасыр, Белкүтейлер аттардың артынан қуайық деп еді, Темүчин өзі қуып жөнеді. Сегіз аттың ізіне түсіп, үш күн жүріп, бір ауылдың бие сауып отырған кісісінен аттарын сұрастырып еді, әлгі адам: Сегіз атты осы жермен айдап өтті. Ер азаматтың аңсары – бір, мен бірге қуысайын. Менің әкемнің есімі Нақу бай. Мен оның жалғыз ұлымын, есімім – Боғорчи деген болады, — деп, Темүчиннің атын ауыстырып беріп, бірге қуғынға кетіп, тағы да үш күн жүргеннен кейін бір топ ауылға келіп, байқастаса, сегіз сары ат күреннің сыртында тұрғанын көріп, екеуі шауып кіріп, аттарын қуып әкетеді. Сонан Нақу байдың үйіне келіп, Боғорчиға жартысын бермек болса; егер, сенің бергеніңді алсам – менің нөкеріме көмектескенім бекер болады, — деп, алмайды. Есесіне, Темүчинге ет, қымыз, азық береді. Сөйтіп, Темүчин үйіне келеді. Өгелүн шеше, бауырлары түгел қуанып қалады. Содан Темүчин Белкүтеймен бірге Керулен өзеніндегі Дей шешеннің үйіне барса, Дей шешен қатты қуанып, Бөртегелжін қызын Темүчинге қалыңдыққа береді. Кейбір тарихи жазбаларда: Бөртегелжінді алған кезде келін алу, қыз айттырып алу төрелік жосығының бастамасын жасап, тарту-таралғы /қоржын/ жеткізу, күнге, айға, отқа табындыру, бата беру, тойлау, /ұзату/ тойын жасау сияқты салтты бастап, қалыптастырған деп жазады.
Темүчин тағы да Белкүтейді жұмсап, Боғорчиды шақыртып алып, андалық ғұрып жасамақ еді, мұны естіген Боғорчи бүкір құласын мініп, боз ұрұманға344 жүгін артып, Белкүтейге еріп келеді. Сол достасқаннан достасып, еш ажыраспаған екен.
Содан Төмүчин әкесінің ескі андасы керейдің Уан ханы есіне алып, Бөртгелжиннің шешесінің жасауға берген қара бұлғын ішігін алып, Қасыр, Белкүтей екі інісін ертіп аттанады. Уан хан Толы өзенінің бойындағы Қара орманда отырған болатын.
Хан алдына келген Төмүчин;
— Уан хан сіз әкемнің ескі андасы едіңіз. Сізді әкемдей көріп жүрейін, деп қара бұлғын ішігін ұсынады.
Бұған қатты қуанған Уан хан:
«Қара бұлғын ішігіңнің қарымына,
Қақыраған еліңді
Құрастырып берейін.
Бытыраған еліңді
Біріктіріп берейін! Мұны мәңгі ұмытпаспын!», — дейді.
Төмүчин үйіне қайтып келгенде ұранхайдың адамы Жаршығұдай қария көрігін арқалап, Желме деген баласын ертіп келіп бүй дейді: — Атыңды ерттеуші, есігіңді күзетуші болсын», — деп желмені Төмүчинге береді.
Тағы да сол Керуленнің Бүрге деген жерінде отырғанда бір күні таңертең Өгелүн шешейлер тұрмай жатқан шақта Тайчығұттар шабуылдайды. Тайчығұттардың ат тұяғы дүбірінен оянған олар апыл-ғұпыл киініп, Өгелүн шешей, Төмүчин, Қашұн,Отчығын, Қасыр, Белкүтей, Боғұрчи, Желме брі бір- бір атқа мініп, Төмүленді шешесі алдына алады. Қалған бір атына жүктерін артады. Бөртгелжинге ат жетпей қалады. Төмүчин бауырларымен Бұрхан Қалдұн тауына қарай жөнейді. Үйде қалған Бөртені Қонұқчин кемпір345 ала сиыр жегілген бітеу арбаға отырғызып, жүн-жұрқамен далдалап, тауға жақын жердегі Түнкелек бұлағына қарай таяй бергенде, алдарынан бір топ адам шығып, Төмүчинді сұрағанда білмеймін деп өтіп кетеді. Бірақ арбаның білігі сынып кетеді де, оманға қарай Бөрте екеуі жаяу қашпақшы болады. Дәл осы кезде Белкүтейдің шешесін жайдақ атқа мінгізіп жетектеп алған бір топ әскер келіп, арбаны тінтіп, Бөртені кемпірмен қосып, атқа міңгестіріп алып, Төмүчинді қуып, Бұрхан Қалдұн тауын үш қайта іздесе де, ну орманға кіре алмай, таппай қайтып кетеді. Бұлар Ұдұйт меркіттің Тоқтаға, Ұнақ меркіттің Дайыр Ұсұн, Асағұн меркіттің Қағатай Дармаласы болатын. Ертеде Есүкей батыр Өгелүн шешейді Иеке Чіледүден тартып алғандағы кегін қайтаруға келген екен. Олар : «Бөртені тартып алдық. Кегімізді қайтардық», — деп үйлеріне қайтады. Келе сала Бөртені Чіледүдің інісі Чілегер балуанға береді.
Төмүчин Бұрхан Қалдұнға: «Жанымды қорғадың», — деп, тауға қарай тоғыз мәрте бас иіп, биенің сүтін шашып: «Ұрпақ жұрағатым мәңгі сиынып жүрсін!», — дейді. Содан бастап Бұрхан Қалдұн тауына сиынатын болған. Бұл тау – Хэнтэй тауы еді, деседі.
Бөрте Чыно мекен еткен Байкал көлінің маңындағы бір тауды да Бұрхан Қалдұн деп айтқанымен, Шыңғыс қағанның кезіндегі осы оқиғаға қарағанда, Бұрхан Қалдұн тауы Хэнтэй немесе соған жалғас бір тау екені байқалады.
Солай десек те, Байкал көлінің маңындағы әлгі таудың да ерте кездерде Бұрхан Қалдұн аталғанын жоққа шығаруға болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *