. Халықаралық есеп айырысулар бойынша операциялар есебі.
Экспорт – импорт опеарцияларын жүзеге асыру кезінде халықаралық банктік есеп айырысудың келесідей нысандары қолданылады:
- құжаттамалық аккредитив;
- құжаттамалық инкассо;
- банктік аударым.
Құжаттамалық аккредитив – экспортшы (траттаны акцептеу) пайдасына
төлемді жүргізу туралы клиент –импортшы тапсырысы бойынша берілетін бакнтің шартты ақшалай міндеттемесі немесе аккредитивте көрсетілген анықталған сомада және бекітілген мерзімде басқа банктің төлемді (тратта акцепті) жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Құжатты аккредитив өз кезегінде банктің бенефициарға өзінің тапсырыс берушісінің есебінен егер бенефициар аккредитивте көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынған жағдайда келісілген валютада белгілі соманы төлеуге беруі.
Инкассо – банктердің келесі мақсаттарда алынған нұсқаулықтар негізіндегі құжаттармен жүзеге асырылатын операция.
- акцепт немесе төлемді алу;
- акцептке немесе төлемге қарсы коммерциялық құжаттар беру;
- басқа да жағдайларға байланысты коммерциялық құжаттарды беру.
Банктік аударым – банктің өзінің банк- корреспондентке өтініш бойынша
белгілі бір ақша сомасын төлеуді тапсыру.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Қандай банктер шетелдік валютамен операцияларды жүргізе алады?
2.Шетелдік валютамен операциялардың аналитикалық және синтетикалық тәртібін айтыңыз?
3.Аккредитив деген не?
4.Айырбас пунктінде шетел валютасымен операциялардың есебі қалай
5.Берілген аванстардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?
Әдебиеттер: (1) 459-507 бет, (2) 129-148 бет