ТӨМҮЧИННІҢ ОН ҮШ ҚОЛ ШАЙҚАСЫНДА ЖАМҰҚАНЫ ЖЕҢГЕНІ (Ананд Амар)

ТӨМҮЧИННІҢ ОН ҮШ ҚОЛ ШАЙҚАСЫНДА ЖАМҰҚАНЫ ЖЕҢГЕНІ
Содан Төмүчин алыс жақыннан келген білімді, біліктілерді қастерлей пайдаланып, жеке-жек істерді басқартып, тың ойларын іске асырып, бір шаңырақты ұлыс дәрежесіне жетеді. Осы тұста Жамұқаның інісі Тичір деген Құтұла ханның ұлы Жошы дармаланың жылқысын тартып алып кетеді. Жошы дармала оны атып өлтіріп, айрылған жылқысын айдап қайтады. Осыған бола Жамұқа өшігіп, төрт түстікке елші аттандырып, татар, тайчығұт бастаған он үш аймақтың әскерінен он үш түмен қол жинап, Төмүчинге қарсы аттанады. Бұны икерестер арқылы естіген Төмүчин өз қарамағындағы елден үш түмен әскер жинап, оны он үш қолға бөліп, Жамұқаның алдынан қарсы аттанады. Бұл он үш қолдың соғысы Төмүчиннің ұлы жеңістерінің бастамасы еді. Төмүчиннің он үш қол әскерінің құрылымын кейбір тарихи жазбаларда былай деп баяндайды: «Оның он үш қолы — әрбір қолда мың атты әскерден құрылыпты. Шыңғыс қағанның әскери жаңа заңы бұған дейінгі Азия құрлығындағы түрік, моңғол, шүршіттердің әскеи құрылымынан мүлде бөлек. Бұрынғы кезде шығарылған әскери жарғы елу адамды бір тұрақ етіп, бес шептен құрайтын, әрбір шеп он адамнан тұратын, бірінші екінші шептің әскерлері түгелдей сауыт, дулыға киетін, кейінгі үш шептің әскерлері ат мініп, найза ұстайтын.
Алғы шептегі екі адам тақауыр беру, тосқауыл қою міндетін атқаратын. Ұрыс кезінде оң қол мен сол қолдың әскері бытырап кетердей болса, әлгілер біріктіру тәртібіне көшеді. Басқадай кездерде ұрысқа кіріседі. Алдыңғы екі шеп өзге шептегілерді қорғайды, болмаса ашық тосқауылға шығады. Мұның барлығын уақыт өлшемімен жасайды. Жеке тұрақ қатысса, бес жүз қол болады. Қайта кірсе, бес мың қол бір әскер болады. Шыңғыс қаған осы құрылымды өзгертіп, әрбір шептегі әскер санын бір-бір есеге көбейткен. Оның бір шебі жиырма әскерден, әр сапты жүз әскерден жасақтаған. Шабуыл қимылын бұрынғы тәсілмен жүргізген. Сондығынан Шыңғыс қағанның әскерлері төрт түстікте жасаған ұрыстардың бәрінде жеңіске жетіп отырған», — дейді.
Және де әлгіндегі айтылған он үш қол әскерді қалай жасақтағаны жөнінде «Боғда батырдың жорық жазбасы370» дастанындағы жазылған әңгімелер Еуропа шежірелеріндегіден мүлде басқаша айтылады. Қазіргі Еуропаның шежірелері желісімен қысқартылып жазылды делінген, осы он үш қолдың шайқасын тарата жазған дерекке үңілсек, онда бірінші, екінші деп тізіп, барлығы он үш қол жасап, өзінің аталас туыстары мен көптеген тайпаларды бөліп орналастырыпты. Төмүчин әскерін он үш қолға жасақтағаннан соң, Далағанбалжиғұт деген жерег барады. Сол жерде Жамұқаның әскерімен бетпе-бет ұрысқа кіреді. Жаудың әскері оларды ығыстыра итермелеп, Онон өзеніне тірейді. Төмүчиннің әскері бір таудың шатқалына тығылып, ұрысты тоқтатады. Боғорчи ұсыныс жасап, «Біз әскерді Онон өзенінің Чырқан шатқалынан өткізіп, қашан жаудың әскерінің екпіні қайтып, кейін шегінген тұста бар күшпен ұмтыла соғыссақ, қалайда жеңіске жетеміз!», — дегеніне Төмүчин дереу келісіп, қалың қолын жинап, қатаң тәртіп сақтап, атық қимыл жасамауды бұйрық етеді. Жамұқаның әскері неше мәрте шабуылдап келсе де, /жалғыз/ Боғорчи садақ тартып қайтарып тұрады да, жаудың әскерінің күші қайтып, бытырай бастаған тұста тұтқиылдан шабуылдағанда, Жамұқаның әскері сасқалақтай бытырап, құр тобырға айналады. Төмүчиннің он үш қол әскері бір жолда барлық күшін жұмылдырып, төтенше екпін алғандықтан, Жамұқаның он үш қол әскерін ойсырата жеңеді. Сонан Төмүчин әскерін жинап, қолға түсіріп, тұтқынға алған адамдарды айдап, олжалаған дүние-мүлкін теңдеп, қуанышпен оралады.
Осыдан бастап Төмүчиннің атақ-даңқы артып, /төңірегіне жаңа ел топтаса бастайды/ ұрұғұттың Жорчытайы ұрұғұттарды бастап, маңғұттың Құйылдары маңғұтты бастап, Жамұқадан бөлініп, Төмүчинге келеді. Бұлар Боданчардың ұрпағы Начын батырдың кейінгі тұқымдары еді. Осыдан кейін қонқотанның Менлік ечиге371 жеті ұлын ертіп, Жамұқадан бөлініп келеді. Олар Боданчардың ұлы Қачи күліктің ұрпақтары еді. Содан Төмүчин қалың туыс-туғандарымен бірге Онон өзенінің орманында той тойлайды. Сөйткен тұста Қабұл ханның үлкен ұлы Оқынбарқақтың баласы Құтұқту жүрке, оның ұлы Сече-беки, оның інісі Тайчу тан және Қабұл ханның үшінші ұлы Құтұқту қоңқақтың ұлы Бүри бөке-лер Төмүчинге арамдық ойлап, оны өлтіруге ақылдасады. Төмүчинді үйлеріне шақырып, тойлатқанда Төмүчин алдын-ала сезіп, қатты сақтанып, Белкүтейді ат ұстатып сыртта қалдырады. Жүркеннің Бүри бөке-сі тойды басқарады. Жүркеннің бір әйелі келіп, оң үзеңгіні кесіп алғанын Белкүтей көріп қалып, оның аяғын үзіп жібереді. Бүри бөке қорғап, Белкүтейдің оң иығын шауып алады. Төмүчин көріп, ашуланған тұста, Белкүтейдің айтқаны: «Менің денеме соншалықты зақым болмағандықтан ағйын-туыспен мен үшін араздасудың қажеті жоқ», — деп тосқауыл қояды. Төмүчин ашуланып, олармен ұрысқан тұста, Сече-беки-ле жалбарынып татуласады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *