ТҮРІК ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗІ
Жоғарыда айтылған ұлы Юанвэй ұлысы әлсірей бастаған тұста Түрік аймағы күш біріктіріп, Моңғол жеріне қуатты бір мемлекет орнатады. Түрік — Моңғол емес, оның тарихын бұл жерде сөз ету артық іспетті сезілгенімен, екеуінің шығу тегі әріден сабақтас, ұлыстық құрылымы, әлеуметтік жағдайы тіптен сабақтас себепті тарихи деректері де бір-бірінсіз толыға алмайды. Түріктер тарихи маңызы зор мұраларды қазіргі моңғол жеріне көптеп қалдырған. Сондай-ақ, Моңғолдың Хи татаби198 және де Хятан аймақтары түріктерге қарсы шабуыл жасау арқылы соңында олармен араласып кеткен. Сондықтан Моңғол тарихын зерттеуші ғалымдар Түрік тарихын қозғамаса шалалық болады. Моңғол тарихын еріксіз сөз ететін себебі де – осы. Түрік тарихы – дерегі мол, өте көлемді мұра. Біз сол ұшан-теңіз мол мұралардан санамызға жақын келген бірлі жарым ғалымдардың ғана жазба деректерін қысқаша сөз етпекпіз.
Түріктердің атамекені Бараба деп аталады. Олар бұл жерді Күннүлердің дәуіріне дейін, Шыңғыс қағаннан мың неше жүз жылдар бұрын мекен еткен. Сонан шығысқа қарай бет алып, Алтай, Саян тауларын Қатұн, Бия дарияларын және де Енисей дариясының батысынан құятын Кемчиг, Абахан деп аталатын екі дарияның бойын мекен қылған.
Түріктер осы жерлерді мекендеп жүрген кездерінде динлиндермен жолығып, олардың бір жартысын құл етіп, енді бір жартысымен қоян-қолтық араласып, Саликем жоталары мен Қобда бойын қоныс етеді. Сөйткен тұста олар Күннүлердің қыспағымен ілгеріге қарай жылжып, Нан шанидің шығысындағы алқапқа қоныстанады. Бұл жерде де көп тұрақтай алмай, қайтадан кері қарай ығыстырылып, Жаужан ұлысының қол астына кіріптар болады. Сол тұста Обь дариясының бойын мекен еткен түрік текті тайпалар өзара бас қосып, келе-келе күшті ұлысқа айналады. Осы айтылған деректерден байқайтынымыз – түрік ұлтының көптеген аймақтары Күннү ұлысының кезінен бастап, Моңғол жерін қоныс еткендігі және де олардың кейін гаухуй, гаугуй, тел ие199 секілді көптеген түріктекті тайпалардың аталған жерлерді қоныс еткендігі. Кейіннен олар Шыңғыс қағаннан 621 жыл бұрын ұлы мемлекет орнатып, Каспий теңізінен ұлы Хянған тауына дейін түгел Азияға иелік құрады. Олардың алғашқы иесі – То Ман қаған200 еді. Ол Түрік нәсілінен тарайтын Тел ие аймағын және де, Жоужан ұлысын жаулап алып, шығыста Моңғолдың Хятан ұлысының жерін иеленіп, Парсылармен байланыс орнатып, Эфталды201 жаулап, оның жерін Парсының шет аймақтарымен қоса өз иелегіне алады. Осыдан кейін 20 жыл бойы оңтүстік пен солтүстіәкке бірдей екпінді шабуыл жасай жүріп, ақырында қуатынан айрылып, Сүй ұлысына бағынышты болады.
Шыңғыс қаған туылғаннан шамамен 577 жыл бұрын Түрік мемлекеті оңтүстік және солтүстік деп екіге бөлінеді. Сонан Қытайдың алуан түрлі айласына шырғалып, түріктің екі ұлысының басшылары өз арасынан жауласып, 50 жыл қытайға күш-қуатын жұмсап, солардың пайдасы үшін ұрыс-соғыс жасаумен болған. Бұмын қағанның мұрасын жалғастырушылардың ішінен Ши Бе деген қолбасшы түріктердің басын біріктіріп, Қытайға қарсы шабуылдап, Сүй ұлысын қатты әлсіретеді. Соның әсерінен Сүй ұлысы ыдырап, оның орнына Тан ұлысы202 дәуірлей бастайды. Осы Тан ұлысын орнатқан қолбасшы Ляй Юан Ши Бенің көмегіне сүйенген себепті, Сүй Бей ұлысының тұсында Қытайдың қол астында болған түріктер, енді Тан ұлысына билік жүргізетін болған деседі. Түріктер Тан ұлысын дүркін-дүркін шабуылдап, оның шет шекарасындағы біраз қалаларды басып алғанымен қоймай, көлемді мөлшерде алым-салық алып тұрғаны да сөз етіледі.Солай бола тұрса да, түріктер нелер бір қиындықтарға тап болып, Те лие мен Шуайяньту тайпалары бүлініп, ұлысты құрайды да, хуйхе, жегу, мэгу деп аталған бірқанша тайпалар осы ұлыстың қарамағына енеді. Мұның сыртында Түрік ұлысының тағы бірқанша басшылары Тан ұлысының қол астына өткендіктен, ұлы ұлыстың қуаты әлсіреп, халқы ойсырай бастайды. Соған қарамастан Түріктер қарсы шабуылға аттанып, ақырында жеңіліп тынады.
Бұдан кейін Шуайяньту ұлысы дәуірлеп, ежелгі Түрік жерлерін, Алтайдан Үлкен Хянған тауына дейінгі, Байқал көлінен Гоби шөліне дейінгі ұланғайыр өлкені қол астына алады.
Те лие ұлтының көмегіне сүеніп, Қытайдың да үрейін ұшырады. Түріктердің көптеген аймақтары оның құрамына енгендіктен, тіптен қуаты артып, ұлы мемлекетке айналады. Бірақ бұл мемлекет те тұрақты бола алмайды. Ішкі бүліншілік пен Қытайдың сырттай қысымшылығына тап болған Шуайяньту ұлысы мол қуатынан айрылады Те Лиелер Қытайдың қол астына өткендіктен, Шуайяньту ұлысына қарасты болған Моңғол жерін иелікке алып, оны екіге бөліп, жеке-жеке басшыға басқартады. Бір кез қытайлар осылайша түріктердің оңтүстік пен солтүстік екі қанатындағы түгел жері мен халқынқарамағына алып, өз билігін жүргізуге қол жеткізген. Әйтсе де, түріктер күш жиып, қайта көтеріліп, қытайларға қарсы мықты шабуыл жасағаны жөнінде, Түріктің Білге қағанының Орхон ескерткішіне қашаған жазбасында анық көрсетілген203. Содан кейінгі Түрік ұлысын Елтеріс қаған басқарған. Бұл қаған Қытайдың шекара маңындағы өлкелерін дүркін-дүркін шабуылдау нәтижесінде көптеген олжаға кенеліп,мал-мүлікке ие болған. Қытай басшыларының үрейін қашырып, халқын тозық еткен. Елтеріс қаған дүниеден өтер шағында оның қарамағында Моңғолдың ілгері өлкесіндегі шөлейтті алқап, Қаңғай тауының ойпатты тұстары, Алтай тауының жатылай бөлігі болғанына қарамастан, оны түрік тарихында алып тұлға есептейді. Тәуелсіздіктің қорғаушысы, баба даңқын арттырушы санайды. Азия құрлығының ұлы ұлыстарымен болған ерен шайқастардың білікті қолбасшысы деп біледі. Орхон ескерткішінде де дәл осылай суреттелген.
Елтерістің мұрасын бауыры Му Жо жалғастырған. Бұл қаған 25 жыл бойы қылышын қынабына сұқпаған. Түрік ұлысының іргесін нығайтып, тәуелсіздігін бекіткен.
Бұл жөнінде Орхон ескерткішінде:
«Күндіз отырмадым,
Түнде ұйықтамадым …» деп келтіреді.
Му Жо түріктері бұрындары мекен еткен түгел өлкені ұлыс қарамағына алып, Ұйғыр ұлысын бағындырады. Те Лиелердің бірқанша бөлігін ілгеріге қуып жібереді. Қытайға қарсы шабуыл жасап, оның құрамындағы түріктерді қайтарып алады. Сонымен қоса Қытайлардан көптеген астық-тары, егістік құрал-саймандарды олжалайды. Содан кейін батыс өлкелерге қарсы күш жинап, қырғыз, түргеш204, қарлық, соғда, қара түргеш аймақтарын иеленеді. Бұл туралы Түрік ескерткішінде; батыр қолбасшы Білге қаған және оның ағасы һәм інісі Күлтегін205 және Елтеріс, Му Жо, оларды қостаушы мерген Тонықұқтардың жеңіске марқайған кездерін, соғыс барысын сәтті бейнелейді.
Шыңғыс қағаннан 446 жыл бұрын Азу206 жерлерін басып алған, азулар дегені қырғыздың сотүстігін мекен ететін түрік, динлиннің құрама нәсілділерден тұратын аймағы деп жазады. Сол жылдардан бастап, Түріктің жаңадан дәуірлеген Ұлы мемлекеті ұзамай құлдырауға бет алған деседі. Оның себебін, Му Жоның әсте қатаң билігіне қара халықтың қарсы болғандығымен түсіндіреді. Му Жоға қарсы болған Оңтүстік Түрік құрамындағы тоғыз тайпа ел Қытайдың қол астына енуге өтініш білдіреді. Хэсиді мекен еткен Те Лие әулеті тіптен Қытайдың шекарасынан өтіп барып, қоныс тебеді. Түріктің тоғыз тайпасына ерген қарлықтар да, Қытайдың қол астына кіруге ынта танытады. Туғухунь мен корея ұлтының басшыларының белгілі бөлігі қытай нояндарының билігіне өтеді. Бұлардан кейін ұйғырлар бүлік сала бастайды. Дегенмен Му Жо ұйғыр бүлікшілерін бас көтертпей таптап, дүние мүлкін олжалап алады. Баеэгу деп аталатын бірер аймақ қашып үлгеріп, тасалаған еді, оларды да қуып барып Толы207 өзенінің жағасында жайпап тастайды. Осы шайқастан қайтып келе жатқан Му Жоны баеэгулер Уд ағашы208 деген жерде аңдып тұрып, аз санды әскерін түгелдей өлтіріп, Му Жоның басын кесіп алып, Чаньань қаласына жіберген, деседі. Дәл осы кезде Түік елі қарлы жұт пен аштыққа тап болып, қара халық қатты тозғынға ұшырайды. Мерген209 қолбасшы Білге қаған мен оның кеңесшісі Тегін екеуі қос жұтқа тосқауыл бола білген, деседі. Бұдан соң ұйғыр мен тұнғұс210 татарлар жұтаған түріктермен бірге Қытай жеріне қоныс аударады.
Му Жоны өлгеннен кейін Тегін түріктердің хан тағына өз ағасы Моғыланды211 отырғызады. Моғылан таққа отырған соң «Білге қаған» деген атқа ие болады. Осы Білге қаған мен Күлтегін екеуін Елтерістің әулетінен шыққан, Білгенің мінезі жайсаң, өзгелермен қатынасқанда байсалдылықты қалайтын. Күлтегіннің турашыл мінезі мен Тонұқұқтың білгірлігінің арқасында /түріктер/ ешқандай қарулы қақтығыссыз бөгде қолына кеткен қалың елін құрастыра білген деп, Орхон ескерткішіне жазыпты.
Түрік ұлысы осылайша бас қосып, жаңадан дәуірлей бастаған тұста қытайлар басмал212-дар мен Хятан, Татабилерді түрткілеп, соғысқа мәжбүрлейді. Ақырында басмалдар түріктерге қарсы соғыс ашып, жеңіліп қалады. Содан кейін Хятан мен Татаби екеуі Түрікке қарсы соғысып, нәтижесінде хятандар Түрік ұлысының боданына айналады. Соңында Қытай мен Хятан екеуі өзара соғысып, бұл соғыста Түріктер хятандарды қолдайды.
Моңғол текті Си213 мен Хятан аймақтары осылайша түріктерге қарсы соғысып келуінің сыртында Қытайға қарсы сан мәрте шабуыл жасап, қаһарынан қайтпағандықтан, Түрік пен Қытай басшыларының назары ешқашан шығыстан таса болмаған, деседі.
Түрік ұлысының осылайша қуаты артып, дәуірлеп тұрған десек те, Күлтегін дүниеден озып, оның ағасы Білге қаған өлтірілген соң, түріктер ауыр жағдайға тап болады. Осы орайды пайдаланған қарлұқ, үйғыр, басмалдар түріктерге қарсы мықты шабуыл ұйымдастырады. Басмалдың басшысы Идиғұт214 өзін өзі хан сайлайды. Түгел ұлыстың билігін қолға алғанын жария етеді. Қарлұқ пен Ұйғырдың басшылары ябғу деген атаққа ие болады. Бұдан кейінгі шайқастарда да түріктер жеңіліске ұшырайды. Түріктің 11 тайпадан құралған ең үлкен құрамын қолға түсірген қытайлар сол екпініменІшкері Моңғолға қарай әскерін жөнелтіп, қалған өлкені ұйғырлар мен бірге басып алады.
Ұйғырдың нояны Пэй Ло басмалдың Идиғұтын өлтіріпғ тағын тартып, алады. Бұдан кейін ол Түріктің Бемен ханын да өлтіреді.
Сөйтіп, Шыңғыс қағаннан 416 жыл бұрын Ұйғырдың ұлы мемлекетін орнатып, хан тағына өзі отырады.
Қара Түргештің хандығы Шыңғыс қағаннан 395 жыл бұрын жасағанымен ішкі әлсіздіктің әсерінен жойылып, бі жартысы Қарлұққа, қалған жартысы Ұйғырдың құрамына кіреді. Түріктер 540 жыл шамасынан740 жылға дейінгі аралықта моңғол жерін мекен етіп, бірде әлсіреп, бірде күш-қуатқа ие болып жүргендігі жөнінде айтылатын тарихи шындық осылай. Түрік тарихының моңғолдардың көне тарихымен тікелей сабақтасатын тұстары даосылай. Күні бүгінге дейін көне түріктің талай-талай тарихи мұралары мен таңбалы тас, жазулы ескерткіштері сақтаулы тұр. Солардың қайбірі болмасын моңғолдың көне тарихын аықтауға айқын дәлел бола алады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей Елтеріс қағанның кезіндегі мерген тонұқұқ уәзірдің сүйегін жерлеген жерге екі бірдей жазулы ескерткіш тұрғызылған. Ол Толы өзенінен ілгерідегі Налайхан215 жерінде орналасқан. Моғылан216 қаған мен Күлтегін екеуінің ескерткіштері Орхон бойында сақталған.