ТАҢҒҰТТАРМЕН ШАЙҚАСЫП, АЛТАЙ, САЯН ТАУЛАРЫНДАҒЫ КІШІ АЙМАҚТАРДЫ БАСЫП АЛҒАН КЕЗІ (Ананд Амар)

ТАҢҒҰТТАРМЕН ШАЙҚАСЫП, АЛТАЙ, САЯН ТАУЛАРЫНДАҒЫ КІШІ АЙМАҚТАРДЫ БАСЫП АЛҒАН КЕЗІ
Шыңғыс қаған 46 жасында Батыс Ся деген Танғұт ұлысымен соғысып, оның кейбір қалаларын қиратып, олжалап келеді. Мұның сыртында үлкен ұлы Жошыға оң қолдың әскерін басқартып, Тағна418 тауының маңы мен Кем- кемчік419 жерін және де Енисей дариясының бойындағы орман аймақтары420 деп әйгіленген көптеген ұсақ аймақтарды жаулауға аттандаырады.
Жошы /қалың қолмен/ жеткен кезде ойрат аймағының Құтұға-бекиі өлет аймағының421 түмен шаңырағын (елін) алып, қол астына бағынады. Сонан Жошыға жолшы болып, Шікіт422 деген жерге келгенде ойрат, бұрат, барғұт, бұлғыншы423, ұрасұт, құриған, тыба424 аймақтарының иелері түгелімен қарсы алып, қол астына еніп, ақ ақта, ақ сұңқар, бұлғын, сілеусін сияқтылармен тарту тартады. Кейбір тарихшылардың жазбасында, бұлардың арасындағы бұлғыншы дегені бұлғын аулайтын бір топ аймақ ұлттың атауы, Тоба немесе Тува дегені Көпсу көлдің425 батысындағы Саян тауын мекен етеді. Кейбіреулер оларды Самоед аймағы деп атайды. Олардың ұрпағы қазіргі ұранхай жұғда426 мен Абханның және орман татарлары дегендердің бір бөлігі, деп айтылады.
Жошылар содан ары қарай жүріп, қырғыздың шекарасына жеткенде, олардың Инал427 деген екі басшысы ақта, жүндес заттармен тарту-таралғы беріп, қол астына кіреді. Жошы содан кейін Сибирдің оңтүстігіндегі өзге ұлттардың түгелін бағындырып, бағынғандардың кейбірінің басшыларын ертіп алып, алдына әкелгенде Шыңғыс қаған жақап, ойраттың Құтұға- бекідің ұлы Иналчиға Чечейкен бегімді беріп, /оған қоса/ өзге де сыйлықтар береді. Содан Шыңғыс қаған, «хан ұлы Жошы алғашқы жорықта табысты, жақсы жүрді», — деп, біраз сыйлықтар береді.
Шыңғыс қаған 47 жасында Жебе, Сүбегедейлерді батысқа қарай жөнелтіп, найманның Күшілік, меркіттің Тоқтоғаларының соңынан қуғызады. Күшілік пен Тоқтоға Ертіс өзенінен әріге қарай қашып барып, найман, меркіт, қаңлы428 және өзге ұлттарды біріктіріп, біршама күш-қуат жинап жатқан тұста Жебе мен Сүбегедей екеуі Ертіс өзенінің сағына жете бере соғыс ашып, қатты шайқасады. Тоқтоға өлтіріліп, Күшілік Қара Қытан ұлысына қашып кетеді. Тоқтоғаның ұлы қаңлының қорғауына кіреді. Жебелер де олардың соңынан қумайды деп жазылады. Әйтсе де, /Жебе/ ат- көліктері мен әскерлерін азытпауды ойлап, кері қайтса керек.
Шыңғыстың 48-ші жылы Қара Қытанға салық төлеп тұрған Тәңір тауының ұйғырларының иесі Итегүт алтын, күміс, маржан, тана, торғын сияқты дүниелерді алдырып, елші жөнелтіп бүй дейді: Төре мен ұлы қағанның ерлік айбынын естігенде, бұлт көшіп күнді көрген, мұз еріп суды тапқандай қуанып, бұдан кейін Қара Қытанның бұрынғы уәзірін тастап, аймақ қауымын алып, төрелігіңе енуге /бел будық/, — дегенде Шыңғыс қаған қатты қуанып, Ұйғырдың нояны Итегүтке өзінің қатыны Ілқатұн-бекиді сыйға тартып, ұрық-жұрағат болады.
Сол жылдың күзінде Шыңғыс қаған Ся деп аталатын Танғұт ұлысымен соғысып, оның көптеген қала, қорғандарын күйретіп, астанасы Ярғай қаласын қоршауға алып, Сары өзен деп аталатын Қатын өзенінің бөгеуін ағытып, қаланың айналасын суға алдыртып, басып алатын тұста Ся ұлысының иесі Ли Наньчуань әбіржіп, қызын алып келіп достасуды сұрап, оң қол болып күш біріктіруге және де өз жерінде шығатын өрмекті торғын, түйе малын тарту еткен ұсынысын /Шыңғыс қаған/ құп алып, кері қайтады. Танғұт ұлысының моңғолдары сол кезде Қашин ханның ұлысы деп аталапты.
Содан кейін Шыңғыс қаған 50 жасында Құбылай төрені жіберіп, Іле, Балқашқа дейінгі елді /жаулап/ алдыртады. Және осы кезде Қарлық, Түріктің Арслан ханы Қара Қытанның басқаруынан шығып, /Шыңғыс қағанның/ қол астына бағынады. Шыңғыс қаған оған қатты риза болып, өзінің қатыны Алақ-бекиді беріп, ұрық байластырады. Осы кезде Алмалық елінің иесіне де қол астына енеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *