ТАЙЧЫҒҰТ ЖӘНЕ ТАТАР ҚАТАРЛЫ КӨПТЕГЕН АЙМАҚТАРДЫ БАҒЫНДЫРҒАН КЕЗІ (Ананд Амар)

ТАЙЧЫҒҰТ ЖӘНЕ ТАТАР ҚАТАРЛЫ КӨПТЕГЕН АЙМАҚТАРДЫ БАҒЫНДЫРҒАН КЕЗІ
Татарлар Алтын ұлысымен шығысып қалған еді. Ұлыстың қалың әскері татар аймағымен ұрыс ашуға Ұлзы өзеніне қарай келеді деген хабарды естіген Төмүчин атадан жалғасқан кегін еске алады. Осы бір оңтайлы сәтті пайдаланып, қас жауын қайта тұрмастай етуді ойластырады. Дереу Уан ханға елші аттандырып, тағы да күш қауыстыруын өтінеді. Уан хан келіседі. Және де Жүркенің Сече-бекиі мен Тайчуға да осы кек алу туралы хабаршы жібергенімен, олар соғыстан бас тартады.
Сонымен Төмүчин мен Уан хан тізе қосып, Қалың сарбаздарымен Ұлзы өзеніне қарай аттанады. Татар әскерлерінің қорғанын күйретіп, Мегүжүн сүлтіні тірідей ұстап алып, өлтіреді. Бұған Алтын ұлысының қолбасшысы ризалық танытып, Төмүчинге Чансян, Тоғырыл ханға Уаң (Ван) шенін береді.
Төмүчин, Уан хандар татарларды олжалап қайтады. Төмүчин осы соғыста бір керемет от-жалынды баланы тауып алып, Өгелүн шешесіне беріп асыратады. Оны Чікиқұтұқ деп атайды. Осы кезде тағы да жүркендер Төмүчиннің халқынан он адамды өлтіріп, елу адамды тонағандықтан, Төмүчин соғысқан қалпы жүркендерді басып алады. Қашып кеткен Сече- беки мен Тайчуды қуып, ұстап алып, өлтіреді. Жалайыр аймағының Телгетү бай деген адамы балалары Мұқұлай, Бұқа, Түге, Қасырларды Төмүчинге әкеп береді. Және Жебігені Төмүчиннің інісі Қасырға береді. Жебіге жүркен жерінен таып алған Бороқұл деген баланы Өгелүн шешейге береді.
Сонан Төмүчин бір күні Белкүтей мен Бүри бөкені күрестіреді. Белкүтей Бүри бөкенің белін сындырып, өлтіреді. Бүри бөке Төмүчинге қастық ойлап жүргендігінен еді. Содан кейінгі ақ тауық жыл немесе Шыңғыстың 39 жылы Қатағын, салжұғұт, дөрвөд, татар, икерес, қоңырат, ғорлұн, найман, меркіт, ойрат, тайчығұт сияқты он бір аймақтың басшылары бірігіп, Алқұй бұлақтың жерінде жиналып, кеңесіп, Ергүне дариясының жерінде Жамұқаны Гүр хан деп көтеріп, Төмүчин, Уан хан екеуімен соғысуға тоқтасады. Төмүчин, Уан хан екеуі естіп, дереу әскерлерін алып, Керулен өзенін құлдай жүріп, Жамұқамен жолығып, соғысады. Жамұқаның әскері жеңіліп, жойылғандықтан, әлгі көп аймақтардың адамдары өз-өз жеріне қашып кетеді. Тайчығұттар Онон өзеніне қарай қашып, Жамұқа Ергүне дариясына қарай кеткендіктен, Уан хан қуып барып, қайтады. Төмүчин қуып барып, соғысып, екі күн болады. Төмүчин бұл соғыста тамағынан жараланып, Желме қанын сорып, түнімен күзетіп, жаудың аулына жасырынып барып, қымыз ұрлап әкеліп, ішкізіп сергітіп алады.
Сол түні Тайчығұттардың әскері жеңіліп, бытырай тарап кеткен еді. Осы соғыста Бұрын Төмүчинді Тайчығұттарға ұсталған кезде көмектескен Торқан шар әйелімен бірге Төмүчиннің әскеріне ұсталып, өлтірілуге шақ қалғанда Төмүчин құтқарып алады. Және де сол соғыста бесүттің Жұрғатайы деген бір мықты батыр Төмүчиннің тамағынан атып жаралаған еді. Сол батыр Торқан шармен бірге келіп, өз қолымен атып, жаралағанын жасырмай айтқандықтан, Төмүчин оны жүректі, нағыз ер екен деп атын өзгертіп; «Төмүчин менің жебелі аузыма қарай дәлдеп атқан ерлігіңе есіміңді Жебе деп қойдым», — деп өзіне көмекшілікке алады. Жебенің Төмүчинге қосылғаны осылай еді және оның Шыңғысқа адалдығынан таймай қызмет етті.
Осы соғыстың тұсында Тайчығұт аймағының нояны Тарғұтай Кірілтұғ орманының ішінде жасырынып жүріп, өз адамы бәріннің Шірет деген ақсақалдың көзіне түсіп қалады. Шірет оны Алақ, Наяатан деген екі баласымен ұстап, арбаға таңады да, Төмүчинге апарып бермек болады. Бірақ жолай: «Тарғұтайды осылай Төмүчинге алып барсақ, өз ханына сатқындық жасағандар», — деп өзімізді жазалар, Тарғұтайды босатып, өз жолымызбен барып, шынымызды айтайық», — деп Тарғұтайды босатады. Төмүчинге келіп, осы жөндерін айтқанда: «Сендер өз нояндарыңды ұстап әкелсеңдер, сатқындықтарың үшін өлтіретін едім. Нояндарыңды босатып жібергендерің жөн болған», — деп сыйлық береді.
Келесі қара ит жылы немесе Шыңғыстың 70 жылы372 Төмүчин Ақ татар, Аңшы татар, Тудхаюн татар373, Арұқай татар, Тада татар сияқты көптеген татар аймақтарын шабуылдау керек деген тоқтамға келіп, бірнеше түрлі жаңа жарлық шығарады. Ол жарлықта: «Егер жауды жеңсек, дүние-мүлкін асығыс алуға болмайды. Соғыс аяқталған соң тең бөліске салынсын. Егер әскерлеріміз жеңілер болса, әуелгі сап түзеген жерге қайта келіп, күш жинап, қайыра соғысыңдар. Егер сап түзеген жерге келіп, қайта соғысқа кіруден тайқыса, /ол әскердің / басы шабылатын болсын!», — деп жариялайды. Сонан Олғой өзенінің Шілүклет деген жеріне келіп, төрт аймақ татарды түгел шауып олжалады. Алғаш соғысқан кезде Алтын, Құчырлар әскери жарлықты бұзып, дүние тонағанын Төмүчин біліп, алған нәрселерін қайтартты. Алтын, Құчыр екеуі туысқаны бола тұра, Төмүчинмен онша жақсы емес еді. Енді мұнан кейін тіпті кектеніп алады. Төмүчиннің татарларды түбімен құртайық деген келісімін Белкүтей татарларға сездіріп қойғандықтан, оларды жеңу қиынға түсіп, артық шығынға ұшырайды. Содан кейін Белкүтейді құпия кеңеске араластырмайтын болады. Осы соғыста Төмүчин татардың Иеке Череннің374 қызы Есүге, Есүй деген әпкелі-сіңілілі екеуін қатын етіп алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *