МОҢҒОЛДЫҢ ТОБА ДЕЙТІН ҰЛЫ ЮАН ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗЕҢІ (Ананд Амар)

МОҢҒОЛДЫҢ ТОБА ДЕЙТІН ҰЛЫ ЮАН ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗЕҢІ
Моңғол әулеті Шыңғыс қаған туғаннан 900 жыл бұрын дәуірлеп, Шыңғыстан 764 жыл бұрын Юанвэй деп аталатын қуатты мемлекет орнатып, 150 жыл бойы Шығыс Азияны дүрліктіріп тұрады.
Күннү ұлысының Модұн қағанының тұсында оның шығысындағы көптеген аймақтар өзара қырқысып, соның салдарынан бір топ аймақ жеке бөлініп, солтүстікке барып, Сяньби, Ухань тауларын сағалайды. Шығыс Моңғол153 аталып, Сяньби, Ухань деген екі ұлысқа бөлініп, Тоба әулеті Сяньби ұлысына қарасты Сүтао аймағына топтасады. Осы Тоба деген Юанвэй ұлысының шежіресінде: «Тоба, негізінен, солтүстіктегі шөлейт даланы мекендеп, мал бағып, садақ тартып, аң аулауды кәсіп ететін,. Жеңілдікке бой ұып, жазу- сызуды қолданбаған. Әйтсе де, ағаш өрнектеп, белгі салуды білетіндіктен, бұнысы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, уақыт оза келе, кәдімгі шежіреші адамның жазғаны іспетті болатын… Содан көптеген буын өткеннен кейін, Мао деген шешен ,білікті батыр ұлысты билеп, отыз алты аймақ, тоқсан тоғыз әулетті басқарып тұрады. Түстік Қиырға даңқы артып, әміріне көнбейтін жан болмаған» — деп жазады.
Бұл жөнінде Еуропаның кейбір тарихшылары Сяньби және Тобалар Шыңғыс қағаннан 1161 жыл бұрын, екі жүз жыл Онон өзенінің бойын мекен еткенін және де, олардың өздерінде құқығы жоқ, Күннү ұлысының құрамында болғандықтан, елдік саясат тұрғысынан маңызды ештеңе істей алмағанын, әйтсе де, алғашқы жүз жылдықтың соңынан бастап, белсенділігі артып, дербестік алып, отыз алты аймақ, жиырма тоғыз әулетті біріктіріп, ұлыс, мемлекет құрғанын баян етеді.
Тағы да сол Юанвэй ұлысының шежіресінде: Жоғарыда айтылған Маодан соң көптеген хуандилер өткеннен кейін хуанди Зе Фенің тұсында оңтүстіктегі биік тау, терең ойпаңдардан көшіп өтіп, әу дегенде Күннүледің байырғы жеріне қоныс тебеді. Бұл жер Қатын өзенінің шынтағындағы Ордас жері екені шындық» — деп жазады.
Бұл жөнінде Еуропаның кейбір таихшылары «Тобалар үшінші ғасырдың басында оңтүстікке аттанып, қазіргі моңғол нояндарының иелігіндегі Абақ пен Абақтар мекен еткен Жеті көлден154 терістіктегі Дала көлге155 деійінгі аралықты иеленіп, кейін өзіне қарасты көшпелі аймақтарды қоныстандырады. 261 жылы оңтүстіктегі Жоу және Шуак Хуан фу-дан батысқа қарай Ордасқа дейінгі кең алқапты түгелдей жаулап алған» — деседі. Юанвэй шежіресінде: «Зе Фень хуандидің ұлы Ли Вэй Шизу156 таққа отырды. Туғаннан ержүрек, батыр болғандықтан көптеген аймақтың адамдары түгелдей соған бағынды. Садақ ұстаған атты әскердің саны жиырма түменнен асты» — делінген. Сол тұста Шизу қалың аймақтың басшыларына: «Мен алдыңғы өткен дәуірлерді саралап бақсам, Күннү Модұнның халқы берекеттен тайқып, пайда дәулетке құнығып, іргелес елдің тұрғынын тонағанда, пайдалы жері бола тұра, оның есесіне мертігіп, қаза тапқандарының орны толтырсақ та толмастай. Және өшіккен жауларды түгендеп, жүз әулеттіні қайғыға күрмеу, тым ұзақты болжағандық емес» — деп үгіт айтыпты. Содан баып Қытайдың үш ұлысымен аса тату тұрып, кейіннен Вэй ұлысының төр билігі жиылып, Зинь ұлысы орнаған кезде де, Зе ұлысымен ерекше тату-тәтті қарым-қатынаста болған деседі. Содан Шизу дүние салып, оның ұрпақтары хан тағын неше кезеңге жалғастырады. Әйткенмен бәрінің ғұмыры қысқа болып, жастай дүние сала берген. Шырақты хан — Лу Гуань деген адам таққа отырған соң, ұлыс елді үшке бөліп, хан өзі Шангудің оңтүстігіндегі Жеті көлді мекен етіп, Шығыс Ювэй аймағымен ігелес тұрады. Тегі бір И Ту, И Лу дегендер оның батысындағы бөлшек аймақтарды иеленіп қалады. Олар Шизудан кейінгі Зинь ұлысымен ерекше тату қатынас орнатып, адамдарын тыныштыққа, елін байлыққа кенелтеді. Садақ, жебе асынған әскер санын 400 мыңға жеткізеді. Осы тұста И Лу хан миллион санды моңғолды солтүстіктегі Жуньжунь У Юаньнің157 жеріне қарай ығыстырып, оңтүстіктегі үлкен өзеннен өтіп, Оңтүстік Күннү мен Уханидің көптеген аймақтарын басып алады. Синчэнь деген қаладан солтүстіктегі 80 шақырымға созылып жатқан қорғанды жағалай барып, қысаң жолына ескерткіш тас тұрғызып, Зинь ұлысымен ірге бөліседі.
И Ту хан слтүстіктегі шөл, құмайттан өтіп, оның шығысындағы ұлыстарды шабуылдап, өзіне қаратып алады. Бұл туралы Еуропаның тарихшылары «И Ту дейтін ол адам Шыңғыс қағаннан 1016 жыл бұрын шөлді құмайттан өтіп, жиырмадай ұлысты бағындырып, Солтүстік моңғолға шабуылдап, шығыстан батысқа дейінгі отыздай аймақты қол астына алған» — деседі.
Сол тұста күннү текті Лю Юань сатқындық жасап, Хань деген ұлыс құрып, Зинь ұлысына қарсы жорық ұйымдастырған екен. Сол жылы И Ту қаза тауыпты. Оның тағына И Ген отырыпты. Және де, Шырақты хан158 қайтыс болып, оның тағына И Лу отырып, үш аймақты біріктіріп, тұтас ұлыс құрыпты. Лю Юаньжорықтарда көмектескені үшін, И Луды шаньюй дәрежесіне көтеріп, Ди жерінің гүн билігін береді. Мұндағы Ди деп отырғаны – көнеден Күннүлерге қарасты қалың аймақтың жері, қатыгез Цинь- Циньнің159 тұсында соның қарамағына енген өлкені айтқаны. Бұл – Қатын өзенінің шынтағындағы Ордас екені шындық. Содан кейін қарамағындағы елін алып, ілгеріге қоныс аударып, Көк қала160 мен Датун Фу161 маңына тұрақтайды. Пинчэн162 қаласын жаңалап, астана етеді.Талай мәрте соғыстарда көмектескені үшін Зинь ұлысының ханы И Лу-ды диуаң дәрежесіне көтеріп, Дай Жоу, Чин Шань дейтін екі сианды тарту етеді.
И Лу қайтыс болғаннан кейін, оның тағына немересі Юй Люй отырады. Ол бек күшті, батырлығынан Лу Ху аймақтарының біріккен шабуылын жеңіп, ел-жерін Үйсіннің163 байырғы өлкесімен қоса, басып алады. Шығыста Узияны164, батыста түгелге жуық аймақтарды қол астына қаратады. Садақ- жебені қару еткен атты әске саны жүз түменге жетеді165. Еуропаның кейбір тарихшылары «Юй Люй Шығыс ханнан 843 жыл бұрын батыстағы ежелгі Үйсін жерін жаулап алып, шығыстағы Манжұрия еліне дейінгі кең өлкеде иелік құрған» — деседі. Үйсіннің жері деп, Тәңір тауынан Іле өзенінің түгел сағасына дейінгі аралықты айтады. Біз сөз еткен Юй Люй-ді бұрынғы хандардың бірінің ханымы өз ұлы Хэ Жу дегенге хан тағын алып бермек үшін жасырын, айламен өлтірген деседі. Сол Хэ Жудан кейін аз уақытта алма-кезек бірнеше адам хан тағына келгенімен, бәрінің де ақыы баянсыз болып, ұлыс, елдің ішкі-сыртқы жағдайы өте ауыр кезеңге тап болады. Содан ұлыс, елді Ши Изинь деген ақыл-қайратты біреу басқарып, іргесі мен төрін бекітеді. Ши Изинь шығыста Сюймэй дейтін Сунгари өзенінен батыста Луэнэ166 деген жерге дейін түгелге күйрете соққы бергендіктен, оған бағынбаған ел қалмаған дейді. Бұл туралы Еуропаның кейбір тарихшылары:
«Батыста Ферғанаға жетпеуі мүмкін» — депті. Ши Изинь Жунь жуньның Шэнлуангун қаласын астана еткеннен кейін, оның оңтүстігіне Шэнлуанчэн деген тағы бір қала салдырады. Бұл қалалар қазіргі Датун Фу өлкесінде әлі күнге бар. Сол Гаучэнь167 дейтін аймақтың дүркін-дүркін шабуылына тойтарыс беріп, мал-мүлкін, түмен-түменімен иеленіп қалады. Сонымен қоса Ордастағы күннү текті Лю Вэйчэньді және де Ши Шанға алым төлеп тұрған аймақтан бөлініп шыққан Лю Гожэньді де бағындырып алады. Сондай-ақ, Оңтүстік Цинь ұлысының басшысы Фу Зяның қалың әскеріне ойсырата соққы береді. Түбі жеңіспен жүріп қаза табады. Осы жөнінде Еуропа тарихшылары «Ши Изинь әскери жаттығуларға шеберлігімен қоса, түрлі білімді де, жетік игерген адам болған. Сол үшін ол әділ заңдар шығарып, қылмысты істерге тура жазасын беретін. Адами қасиеттерді зор бағалайтын және күллі шығыс тарихында болмаған уақиға» — десе, келесі бір жазбаларда «Алайда, Ши Игуй қытай оқымыстыларын кеңесшіге алып, солардың ілімін үлгі тұтқанымен түбі моңғолдың жағдайына қытай ілімін шақтап пайдаланғаны аңғарылады» — деп айтылады. Ши Игуй жас адам болғандықтан Оңтүстік Цинь ұлысының иесі Фу Зян оған әскери басшы атағын беріп, ұлысын шығыс, батыс екі аймаққа бөліп, өзіне қаратады да, шығыс аймағын Ши Игуйға, батыс аймағын Лю Вэйчэньге басқартады. Осы шақта Ян ұлысының Мужун әулеттілері Тоба Ди ұлысына салық төлеп келгенімен, ол кез Цинь ұлысының Фузянь аймағының іштей бүгіліп тұрған тұсына дөп келеді де, Лю Гожинь Мужун Вэйдің қолынан қаза тауып, оның ұлы Сия хан тағына отырады. Бірақ та, оны Ши Игуй өлтіріп, дереу Ди Ванның тағына отырып, ұлысты түгелдеп, қол басшы, уәзірлерді жаңадан тағайындайды. Сонан Ши Игуйдің қуаты артып, маңайындағы көптеген аймақтарды бағындырады. Қол астына қарағысы келмеген аймақтарды түгел шауып, талайының дүние мүліктерін тартып алады. Солармен қоса бұрындары өзіне қарап тұрып, бөлініп кеткен Жужан ұлысын жаулап алып, Қатын өзенінің шығысына қондырады. Және де, талай рет соғыс ашып, шабуылдап келген Лю Вэйчэньнің балаларын, туыс-туғандарымен қоса, бес мың адамды өлім жазасына кеседі.
Лю Вэйчэнь дегені күннү адамы, оған қарастыларды да, күннү нәсілді болғандықтан осы уақиғадан кейін моңғолдың168 басшылары үш мың үймен Лю Вэйчэньнің қол астына бағынады.
Содан Ян ұлысының Мужун әулетінің мужун Чун, мужун Бо, мужун Болин, мужун Дэ дегендер кезекпен шабуылдап, маза бермейді. Лю Вэйчэнь жаудың әрбір шабуылын жеңіспен аяқтайды. Ақырында, соңғы бір айқаста жауын ойсырата таптап, ел-жерін, тірі қалған әскерлерін, мол байлығымен қоса басып алып, ұлыс таңбасын да қолына алады. Сөйткен шақта Ши Игуй:
«Менің бабаларымның кезінен бері талай Жоуды169 тоқтатпаған еді. Талай хандар таққа отырған еді. Менің кезіме келгенде орталық мемлекеттің һарам ниеттілерін жерден өшіріп, алыс-жақынның барлығын өзіне қаратты, ұлыс атын Вэй деп өсірді. Соңында Юнвэй атанды» — депті.
Содан Вэй ұлысы ілгеріге барып, Пиняньді мекен етті. Пинянь Қатын өзенінің Ян, Пин сағасына жақын еді. Содан ұлыстың шекарасын, қатынас жолдарын жаңалап, жарғы заңын өзгертті. Өзі нағыз Хуанди тағына отырды. Бұл Шыңғыс қағаннан 764 жыл бұрын еді. Әскер қолбасшыларын да өңшең оқымыстылардан тағайындап, ұлыстың үлкен мектебіндегі оқушылар санын үш мың адамға көбейтеді. Мұның сыртында көптеген мәдени-әлеуметтік мекемелерді жанжандырып, ішкі-сытқы жаушылықты жойып, талай-талай тарихи істерді тындырады.
Шыңғыс қағаннан 762 жыл бұрын Ши Игуй Көк қаланың солтүстігіне орналасқан Гуйгуй170 ұлысының көптеген аймағын өзіне бағындырып, Зин Шань тауының теріскейіне әкеп қоныстандырады. Осы тұста Жоужан171 ұлысын билеуші Шан Лю деген адам Ұйғыр ұлысының Мүба деген жерін басып алып, өзін Жоужан ұлысының Ху ханы деп жариялайды. Атты әскерінің саны едәуір көбейген Шан Людің солтүстікте даңқы артып, Шығыс Сұнғари дариясынан оң, сол қолдағы Манас өзеніне дейінгі байтақ өлкеге иелік құрады.
Жоужандардың түп төркіні қайдан шығатыны туралы көптеген ғалымдар сөз еткенімен, әлі күнге нақты анықтай алмаған. Кейбір тарихшылар Жоужан көптеген ұлттың біріккен ұлысы болатын. Соңында Түрік ұлысымен мүлде шығысып, бір бөлігі Шыңғыс қағаннан 603 жыл бұрын Дунай өзеніне дейін Еуропаға шабуылдап, Авар деген атпен әйгілі болған десе, енді бірер тарихшылар қытай тарихнамасын, Зауран немесе Зауян деп аталатын моңғол аймағына байланыстырады да, оны Уур дейтін моңғол екені шындық деп жазады.
Бұдан соң Тоба хуандиі Ши Игуй қаза тауып, оның тағына хуанди Че172 отырады. Ол ұлысты білім, мәдениетке баулып, бейбітшілікке қол жеткізеді. Оңтүстік Қытай мен Жоужанға соғыс ашып, Оңтүстік қытайдың Хэнань173 өлкесін иеленіп, жоужандарды құм даланың174 оңтүстігіне қарай ығыстырады. Көп кешікпей хуанди Че дүниеден өтеді. Өлмес бұрын ұлыс билігін хуанди Тао175-ға береді. Хуанди Тао білімді де шешен ер жүрек адам болған. Атасы Ши Игуйдың өнерін бойына дарытқан, аса білікті адам болғандықтан оның ерлікпен аяқталатын соғыстары, айлалы әрекеттері жайлы тарихи жазбаларда кеңінен сөз етіледі. Солардың бірінде сол кезде Юнвэй ұлысын қоршаған көптеген аймақтар Тао-ға қарсы соғыс ашып, жеңіліс табады. Тао оларды ойсырата жеңіп, қуатты Жоужан ұлысына да қатты соққы береді. Екі шеп әскермен қуып жүріп соғысып, миллионға жуық ірі-қарасын, жылқысын сатқын Гаугүй176 мен қоса қолға түсіреді. Бұдан кейін Жоужан ұлысы мүлде жойылуға тақау қалып, гаугүйлердің көмегімен әзер ес жияды. Тао гайгүйлерге де қатты соққы береді. Шинан өлкесіне таласып, Сүн177 ұлысы мен Цин178 ұлысының жеріне иелік етіп тұрған Ся179 ұлысына соғыс ашады.Бір жылдан кейін екі ұлысты да жеңіп, Ся ұлысының жерін өзіне қаратып алады. Бұл Ся ұлысы дегені Жао ұлысының Лю Юанынан тарайтын Хэ Лянбоба деген адамның құрған мемлекеті болатын. Оның неше дәуірге жалғасқан ұлысы осылайша құрыған.
Содан кейін Жоужанның жеңілген ұлысы бірде салық төлеп, бірде шет аймақтарға шабуыл жасап күнелтеді. Хуанди Тао Қатын өзенінің батысындағы Хэнсидің бірлігін құлатып, Сүн ұлысының бұрынғы байланыстарын үзіп, Юанвэй мен Тугухунь ұлысымен ірге жалғастырады. Бұл туралы еуропаның кейбір кейбір тарихшылары «осы тұста Сунғари өзенінен батыс Хас көлі, Қатын өзенінің бас сағасына дейінгі кең өлкені мекен етушілер түгелдей моңғол тілді, моңғол салт-дәстүрді тұтынған. Және де батыс оңтүстіктегі Динлин, Юйвэйді аймақтары өз тіл, салтынан айрылып, моңғолдарға бірігуге мәжбүр болған» — деседі.
Батыс Тугухунь ұлысы еріксіз әлсіреп, Юанвэй ұлысына бағынуға мәжбүр болғанымен, кейіннен қайта қуат жия бастаған тұста, хуанди Тао Тугухунь мен Жоужан ұлысына қарсы соғыс ашып, жолай Түркістанды да өзіне қаратып алған деседі. Содан кейін Сүн ұлысымен соғысып, біршама ойсырата бастаса да, ақырына жетпей өз жеріне қайта оралады. Егер де, қайта қайтпаған жағдайда қытайлар төтенше әлсіреген болар еді деп жазады.
Хуанди Тао бұл соғыстан кейін өз ордасында бір кезбенің қолынан қаза табады. Осы жөнінде кейбір тарихшылар «Басқа ешбір жан Қытай жеріне орната алмаған ұлы ұлысты180 құрып, оны дәуірлеткен моңғол хандарының ішіндегі даңқтысы саналатын Тао бұрхан шәшінге181 қарсы адам еді. Шыңғыс ханнан 715 жыл бұрын өз ұлысының ішінде бұрхан шәшінін жоюға бұйрық шығарғанына қарағанда, ол лаозының діни дауос шариғатын бұрхан шәшінінен артықша көргендігі байқалады. Әйтпегенде, Хуанди Тао қандай да бір жалпы ілімді жек көретін адам емес — тұғын. Ол білімді дамытуға қаншалық көңіл бөлетіндігін Шыңғыс қағаннан 717 жыл бұрын кез келген уәзір қолбасшылар өз балаларын көпшілік оқуға бергені жөн деген бұйрықты шығарғанынан ілуге болады. Әсілі Хуанди Тао аса білімді қоласшылығымен қатар, әсте кең ауқымды ойлайтын билеуші болғандықтан, білімнің қажеттілігін тым ерте түсінген адам. Сондығынан да ол ұлыс еліне өндіріс пен түрлі өнерді, шеберлікті өркендетуді көздеген-ді» — деп жазады. Және де хуанди Тао қайтыс болғаннан кейін Шығыс Азияда тыныштық орнап, Шыңғыс қағаннан 715 жыл бұрынғы бұйрықтың жойылғаны Қытай өлкесіне будда дінінің тарауына жол ашады. Әйтсе де, дәл осы кезеңдерде Юанвэй ұлысы бірнеше мәрте соғыс бастаған деген таихи деректерді сөз етеді. Осылайша Шыңғыс қағаннан 703 жыл бұрын хан тағына отырған хуанди Ши унь нендей себептен екені белгісіз өзі әскер бастап, солтүстіктегі Жоужанға қасы соғыс ашады. Бұл туралы Қытай жазбаларында: «Жорықта оның туы мыңдаған шақырымдарды шарлаған» — дейді. Соғыста Жоужандықтардың көбісі оңтүстікке қоныс аударып кетеді де, хуанди жұртта қалған мың шақты адамды ғана қолға түсіреді. Әйтсе де, ол өзін марапаттап, биік жатасқа осы соғыстағы ерлігін жаздыртады. Бұдан кейін Тугухунь ұлысы салық төлеуден бас тартып, оларға қарсы ұрыс бастайды. Осы тұста Сүн ұлысымен де екі жыл бойы соғысады. Соғыс Шыңғыс қағаннан 693 жыл бұрын екі жақтың татулық келісімге келуімен аяқталады. Сол келісімде қытайлар Юанвэйлерге қазіргі Хэнань өлкесінің оңтүстік бөлігін береді. Шыңғыс қағаннан 691 жыл бұрын Юанвэй ұлысына қарсы ашқан Жоужан соғысында таққа отырған хуанди Хун182 өзі әскер бастап, неше мың адамды ат-сайманымен қолға түсіреді. Шыңғыс қағаннан 689 жыл бұрын Туғухунь ұлысының әскерлері есе қайыруға аттанып, екі жақ бітімге келеді. Шыңғыс қағаннан 682 жыл бұрын Қыдан аймағы Юанвэй ұлысының қарамағына енеді. Осы жылы Жоужан ұлысына қарасты гаугүйлер өз ішінен қырқысып, Жоужанды да қатты әлсіретеді. Бұларға Юанвэй ұлысына қарасты гаугүйлер бірігу ниетін танытқанмен, ұлыс заңы қатты болғандықтан ақыры аяқсыз қалған екен.
Шыңғыс қағаннан 666 жыл бұрын таққа отырған хуанди екінші Хунның тұсында солтүстіктің ауа райын қолайсыз деп, ұлыс астанасын Линчэннен көшіріп, Қытай жеріне терең бойлатып, Қатын өзенінің оңтүстігіндегі Лоян деген жерге қондырады. Сол кезде орда ішінде моңғолдың183 ұлттық киімін киюге, моңғолдың184 тілімен сөйлеуге тиым салған жарғы шығады. Еуропаның кейбір ғалымдарына сүйенсек, мұндай жарғының шығуына ұлыс билігі қытай нәсілді адамның қолына тиюі себеп болған көрінеді. Осылайша Тобаның185 ұлы ұлысы Қытай ұлысына айналуы ел ішіне де үлкен бүлік тудырады. Хан тағын жалғастырушы тәйжі Тоба Шиюн, жасырын бүлік ұйымдастырып, қытайларға қарсы ұрыс ашпақ болып, онысы әшкереленіп, аяқсыз қалады. Өзі ату жазасына кесіледі. Бұл уақиға Шыңғыс қағаннан 664 жыл бұрын болған деп жазады. Осыған қатысты қытайдың кейбір жылнамаларында; Вэй ұлысының билеушісі тоба нәсілді Вэнь Ди ханның тұсында өзеннің186 шығысы мен батысындағы өлкелерді түгелдей, оңтүстігі мен солтүстігіндегі өлкелерді жатылай басып алып, осы өлкелердегі Күннү ұлысының ху адамдарын өзіне қаратады. Шивэй Ху187 жеріндегі адамдадың көбі қытай нәсілділер болғандықтан ұлыс билігін де солар ұстап тұрған. Вэнь Ди ханнан бастап, ежелгі бабалар заманына дейін жалғасып келген моңғолдың188 төл салт-сана, әдет-ғұрып, ұлттық үрдісінен ажыратып, қытайдың салты мен дініне зорлықпен бағындыру әрекеті жүргізіледі де, халықтың берекесі қашып, өзара қырқыс басталады. Нәтижеде ұлыс билігі әлсіреп, Вэй ұлысының тоба әулеті әке-бала, аға-іні демей өзара қырқысып, тозуға айналады. Лянь189 ұлысының У Ди190 ханының тұсында Лоян қаласында Вэй ұлысының мұрагерлері ханның уәзірлері түгелдей ху адамы Жужун худың қолынан қаза тапқан деп жазады.
Бұл жеде тобалықтар қытайларды тым шексіз бағындырып, оның мәдениетіне терең ден қойып, олардың жеріне кең тарағандығы түбі өз бастарына соққы болып тигені өкінішті-ақ.
Бұдан кейін Юанвэй ұлысы Шыңғыс қағаннан бұрынғы 682-611 жылдар аралығында болған Қытайдың Ци ұлысына шауыл жасап, қытай әскеріне ойсырата соққы береді. Бірақ Юанвэй хуанди кенеттен қаза болып, алғашқы жоспар аяқсыз қалады. Содан Шыңғыс қағаннан 611 жыл бұрын Юанвэй ұлысы Көк дария мен сары дарияның арасындағы кең алқапты басып алып, екі жақ бітімге келеді.
Бұдан кейін Юанвэй ұлысының өз ішіндегі қырқыс қайта өршіп, оңтүстігіндегі Гаугүй, батысындағы Хэси аймақтарының арасында ұзаққа жалғасқан соғыс басталады. Соның салдарынан Юанвэй ұлысы екіге бөлініп, Шығыс Вэй ұлысы Лоянды орталық етсе, Батыс Вэй ұлысы Чаньаньды орталық қылады. Шығыс Вэй ұлысына Гау Янь басшылық етіп, ұлыс атауын Ци191 деп өзгертеді.
Батыс Вэй ұлысын Юй Вэй уәзір билейді. Ол ұлысын Жоу деп атайды. Ци ұлысын бес хан кезекпен 28 жыл билеп, Жоу ұлысына бағынып тұрған. Жоу ұлысын да бес хан кезекпен билеп, 25 жыл жасап, Сүй192 ұлысының қол астына енеді.
Тоба ұлысы Шыңғыс қағаннан 900 жыл бұрын ілгеріге шабуылдап, Ордасты иеленеді. Екі Вэй ұлысының соңғысы Шыңғыстан бұрынғы 605 жылға дейін 295 жыл тұрады. Ши Игуй хандығы Шыңғыстан бұрынғы 764 жылдан 159 жыл дәуір кешкен. Осы Ци, Жоу екі ұлысы орнаған кезден бастап, Түрік ұлысы да әйгілене бастайды, оның билеушілері екі ұлыстың ісіне араласып, кейіннен Жоу ұлысына көмектесіп, Ци ұлысын күйретіпті.
Юанвэй ұлысы туралы Еуропаның кейбір ғалымдары: «Моңғолдар сол кезде Қытайдың ішіне терең бойлап, кең тарағандықтан, бір-бірінен байланыс үзіп, ұлы Юанвэй ұлысы әлсіреп, әскери қуатынан арылады. Сөйтіп, кең далаға шашырап кеткен Моңғолдың қалдығы талай ғасырды өткеріп, Шыңғыс қаған деген баһадүрдің тұсында ес жиып, әрі Азия құрлығына өз билігін жүргізген деп жазады.
Қытай шежіресінде Юанвэй ұлысы ыдырағаннан кейін кейбір бөлігі әулет атауын үзбей қолданып келіп, Ди жеріндегі аймақтары Түрік ұлысының құрамына енген деп жазады.
Қазіргі моңғолдардың ата-тегі Шыңғыс қағанның кезіндегі моңғолдар екені даусыз. Шыңғыс қағанға дейінгі аталары Дайляо193 деген Қытай ұлысы, бұлардың ата-тегі Хятан ұлысы194. Хитан ұлысының ата-тегі Тоба, Сяньби екені шындық. Тоба, Сяньби ұлысының ата-тегі Күннү ұлысы және оның құрамындағылар.
Моңғолдың ата-тегін белгілі тарихи жазбалар арқылы осылай дәлелдеуге болады. Әйтсе де, Тоба ұлысының алғашқы ханы туралы бір даулы мәселені айтпай кетуге болмайды. Тоба ұлысының алғашқы ханының 25 ұлының бірі болатын деген жазбаларды және Шыңғыстан бүрыны Бөрте Чыноны Үнді қағандарының ұрпағы деп айтылатын әңгімелерді ескерсек, сол кезде Шығыс елдерінде өз басшыларын қайткенде бір ұлы адамның ұрпағы етіп көрсететін жол-жоралғы болғанға ұқсайды. Автономиялық Моңғол ұлысының195 тұсында Тибет текті Жавзандамба196 хұтықтының197 Моңғолға хан көтерілгені де, сондай жоралғыдан болса керек. Бірақ та, мұны дәл солай деп дәлелдеуге тағы келмейді.
Тоба дейтін Юанвэй ұлысын тарихи және тілдік тұрғыдан зерттеген дүние жүзі ғалымдарының пікіріне сүйенер болсақ, бұл ұлыстың Моңғол тектілер болғаны даусыз шындық. Сондықтан бұл жөнінде әңгімені соза берудің де қажеті шамалы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *