МОҢҒОЛДАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЖАЗБАЛАРДА БЕЛГІЛЕНЕ БАСТАҒАН КЕЗЕҢДЕРІ
Моңғол таихын бұдан жеті жүз жылдан астам уақыт бұрын дәуірлеп, Азия мен Еуропаны түгелге жуық билеген Шыңғыс қағанның кезінен бастап жазуға болады. Әйтсе де, бұдан жеті жүздей жыл бұрын сондай зор қуатпен дәуірлеп тұрған Моңғол нәсілін тек сол кезде ғана пайда болды деп айту – қисынға келіңкіремейді. Әсілі, адам баласы алғаш тілге келіп, сөйлей бастаған есте жоқ ескі замандардан бері моңғол тілімен сөйлейтін жеке бірер тайпаның болып келгендігі қисынға сияды да, Шыңғыс қағаннан бұрынғы моңғол әулетінің тарихы мүлде айтылмай қалғандығы байқалады. Кейбір моңғолтанушы тарихшылардың жазбаларында Шыңғыс қағанның заманы ғана сөз етіліп, одан өзге кезең толық айтылмайды. Бұл – Шыңғыс деген жалғыз адамның ғана ғұмырнамасы немесе моңғол әулетінің дәуірлеген бір кезеңінің ғана тарихы.
Жалпы тарих дегеніміз қайбір мерген сөйлеуші, мерген ұйқастырушы адамның ой-санасынан шығарылған шығарма емес, баяндаушы адамның жүріп өткен ізі жөнінде жазылуы тиіс. Сондықтан, бұл әулеттің моңғол атауы алғаш қай кезден бастап естіліп, қай кезден тарихқа белгілі бола бастағандығы және де қай жерлерде мекендегеніне талай-талай дастан, жазбаларды саралау арқылы көз жеткіземіз.
Бұл жөнінде қытайдың тарихи шежірелерінде бұдан бес мың жыл бұрын Қытайдың алғашқы патшасы Фу Си38, Шень Нун39, Хуан Ди40 деген үш ханның соңғы Хуан Ди ханы Шыңғыс туылардан үш мың сегіз жүз елу сегіз жыл бұрын таққа отырып, соның кезінде Хунь Юй41 солтүстікке қуылған. Сол Хунь Юй моңғолдың ата тегі делінген. Қытай ұлысында Хуан Диден соң Таң ұлысы, Юй ұлысы, Ся ұлысы дегендер болып, соңғы Ся ұлысының ақырғы ханы Зе42 Шыңғыс қағаннан екі мың тоғыз жүз жиырма жеті жыл бұрын билігінен айрылып, оның ұлы Шуньвей43 әкесінің көп жесірін алып батысқа барып мал соңынан өмір сүріп, ұлысын Күннү44 деп атайды. Бұл Моңғол ұлысы екендігі шындық. Ся ұлысынан кейін Шан ұлысы45, Жоу ұлысы46 деген екі ұлыс болған. Соның Шан ұлысы моңғолдарды Гуйфань47, Жоу ұлысы Зиньжун, Шаньжун48 деп екі түрлі атапты. Жоу ұлысы жойылғаннан кейін Цинь ұлысының49 дәрежесі артып, ол жеті үлкен ұлысқа бөлінеді. Осы жеті ұлыстың құрамындағы Цинь, Жао50, Ян деген үш ұлыс Моңғолмен шекаралас болған көрінеді. Цинь ұлысы Циюйді51 түгелдей, Лунсидің52 солтүстігін жаулап, Шаньзюдің53 жеріне орда-қала орнатып, Монғолды қалқалап тұрған. Жао ұлысының У Лин Ван54 ұлысы солтүстік Лин Ху55, – Лоуфань56 ды жаулап алып, Ди жерінен Зинь Шань,57 Гаоцюэ58 жеріне дейін орда-қала тұғызыпты. Содан кейін Янь ұлысын Дунхуды59 шауып алып, мың шақырымнан алыс жерге ығыстырып, орда-қала орнатып, Моңғолды қоршап тұрған.
Циюй дегені – ежелгі Моңғол ұлысының атауы, бүгінде Шаньси60 Хан Жан фуындағы Нан Жоу екені шындық. Лин Ху – батыс Моңғолдың атауы, Ляофань — Сианның61 атауы, бәрі де Моңғолдың жері болған. Дун Ху солтүстік Моңғолдың атауы деп жазыпты.
Сондай-ақ солтүстіктегі жабайы /көшпелі/ аймақтар62 Қытай орталығын жиі-жиі шабуылдап, мазасын ала бергендіктен, олар елдің солтүстігінен батысына дейін ұзын қорған орнатыпты және де сол кезде Жао ұлысының падишасы Ли Му63 солтүстік шекараны қорғауға алып, Күннүлермен соғысып, жеңеді де Шаньюйді64 Қуады. Шаньюй дегені – Күннү ұлысының иесі. Күннү дегені – Моңғол ұлысының атауы. Бұл атау тұрақты емес. Таң және Юй ұлыстарынан бұрын Шань Жун , Хуньюй65 деп аталып келсе, әлгінде аталған жеті ұлыстың құрамындағы Цинь Шихуан66 ұлысы өзінен басқа алты ұлысты жойып, біріккен ұлы Цинь ұлысын67 орнатады. Ол Шыңғыстан бұрынғы 1416 жылдан 1366 жылға дейін тұрады. Цинь Шихуан «Цинь ұлысының төр иесі Зи Худы68 жоямын деген бір жақсы сөзіне сеніп, өзінің уәзірі Мэн Тяньға69 отыз түмен шерік беріп, Күннүлерді солтүстік қиырға қуалап, ұзын ақ қорғанды қайта жөндеп, батыс Линьтао70 жерінен шығыс Ляо Дунның жеріне дейін ұзындығын түменнен артылтты деп жазады, қытай тарихнамаларында. Бұл қорған Шыңғыстан бұрынғы 1375 жылы қаланып біткен.
Мұнда оңтүстіктегі көп әулет, тайпалардың жиі-жиі шабуылдайтыны сонша, жоғарыда айтылған Шан ұлысының соңғы кезеңдерінде Күннү ұлысы, Жундуй ұлысы, Гуйфань ұлысы, Янь Жун ұлысы, Ся Жун71 ұлысы қатарлы көптеген моңғол әулеттері және батыс Туньзи деген ұлыстар қайта- қайта шабуылдап қоймаған соң, Вэй Ван әскерін жасақтап,солардан қорғанады. Жоу ұллысының кезінде Батыс Жундиға шабуылдап, Жоу ұлысының иесі У Ванды өлтіріп, Бу Сег есімді ханымды алып кетеді. Сол кезде Жоу ұлысы Моңғол ұлысынан бөлініп, Биний жерінен көшіп, Ци Шань72 тауына қоныстанып, шығыс Жоу ұлысы73 деп аталады. Біз сөз етіп отырған деректерде айтылғандай Қытай ұлысының оңтүстігінде Хуньюй, Шаньжун, Күннү деп аталатын аймақтардың болғандығы шындыққа ұқсайды.Қытай тарихшылары осы аймақтарды Моңғолдардың ата тегі деп санап келіпті. Демек сол кездегі Қытай адамдары оладың байыбына барып, терең саралай алмағандығынан түгелдейін Моңғол әулетіне жатқызды ма деген ой туады. Қытай ұлысының солтүстігінде сол кезден бүгінге дейінгі ұзақ аралықта жеке-жеке көп атауы бар әулет, тайпалар алма кезек өмір сүріп келгендіктен олардың қайсысының моңғол текті екендігін білу оңай болмаса керек.Қытайдың солтүстігінде соншалық көп тайпалардың тұрғаны шындық болғанымен бұлар негізінде моңғол, түрік, шүршіт74 үшеуіне жататындықтан, осы үшеуінің қайсысы бұрын мемлекет құрса, қалған екеуі соның құрамына сиып келген немесе жеке-жеке ұсақ аймақ, тайпа деңгейінде өмір сүріп, әр алуан аталып келген. Сондай-ақ бұл аталған негізгі үш әулеттің қайбірінің болмасын орнатқан ұлыс мемлекет, ұсақ тайпалары Қытай ұлысымен үнемі шайқасып келген. Соған байланысты Қытайлар бұл үш әулетті кейіннен сал- дәстүріне, тұрмысына, тіл, әдет-ғұрыптарына қарай моңғол, түрік, шүршіт екендігін ажыратып, саяси көзқарастарға байланысты әр кезеңде әрқалай атап келгендігі, әсіресе моңғолдарды Ху75, Дун Ху76, Лин Ху77 деп атағандығы тарихи шындық. Бұл жөнінде Грумм Гржимайло:
«Шыңғысханнан екі мың жыл бұрынАзияда көптеген ұлыс, аймақ, тайпалар кезек-кезек өмір сүріп келді. Солардың ішіндемоңғол тілінде сөйлейтін әулет, тайпалардың болуы күмәнсіз шындық екенін айту орынды» дейді. Және де Тибеттер моңғолдарды Хор78 деп атайтындықтан көне тарихшылар қытайдың Ху атауымен бірге Тибеттердің Хор атауына да мән беріп отырған. Осылайша Моңғол әулеті жоғарыда аталған көп атаулармен қатар Ху атауымен де Шығыс Азияның тарихында айтарлықтай орын алып келгендігіне және оның ақиқат екенлігіне біртіндеп көз жеткізуге болады. Енді бұл айтылғандарды құптасақ, онда Моңғолдардың нақты тегін қалай анықтауға болады деген сұрақ туындайды. Бұл жөнінде екі түрлі болжам айтылады. Әуелгісі моңғолдарды Қытай текті десе, келесісі оңтүстік Корея мен Түріктерден таралған деседі. Бұл екі болжам да бүгінге дейін ұсыныс деңгейінде айтылып келгені болмаса, ғылыми негізде үзілді-кесілді жауап берген еңбектер жоқтың қасы. Әйтсе де көптеген тарихи жазбалар, аңыз әңгімелерде айтылып келе жатқан ұқсас пікірлерді бұдан былай да осы тақырыпты зерттеушілерге пайдасы болар деген оймен айта кетуді жөн санадық.
1. Қытайлардың жоғарыда айтылған Хуньюй мен Шуньвэй қатарлы көптеген аймақтарды өздерінен тарататын себебі, моңғолдарды да қытай текті етпек ниетінен туындаса керек. Өйткені, сол көптеген тайпаларды қытайлар түгелдей шет ұлысы деп есептеп келгендігі олардың тарихи деректерінен айқын байқалады. Мәселен, аталмыш аймақтар Қытай ұлысына қарсы үнемі шабуылдап,тозғындата бергендіктен, Вэй Ван әскер жасақтап, сол шет ұлыстарынан сақтанғандығы тарихи жазбаларда анық айтылады. Қытайлардың: «Хуан Ди ханның ұрпағын оңтүстікке көшіп барып, моңғолдарға біріккен» — деген дерегін жоққа шығармасақ та, моңғол нәсілі солардан шықты деу әсте қиын. Себебі моңғол нәсілділердің сыртқы келбеті қытайларға ұқсағанымен, тілі мүлде бөлек келеді. Егер де, моңғолдар қытайдан тарағаны рас болса, олардың тілінде белгілі бір ұқсастықтар болу керек еді немесе моңғолдарды әуелде қытайша сөйлеп, келе-келе , өзге тілге ауысты десек, моңғол тілі тыңнан пайда болған деуге тағы келмейді. Сондықтан сонау қадым заманнан бастап моңғол тілінде сөйлейтін бірер тайпаның болғандығы анық себепті, моңғол ұлтының қытайдан тарамағандығы ақиқат.
2. Ал, моңғол ұлтының қытайдан тарағаны жалған болса, олар енді қайдан шықты деген сұрақ туады. Ежелден бері моңғол ұлтының аңыз әңгімелерінде, тарихи жазбаларда моңғолдың шығу тегін батыстан келген деп айтады. Және де, Шыңғыс қағаннан бұрынғы жиырмасыншы бабасы Бөрте Чиноны батыстан келген, Үнді, Тибет ханның ұрпағы деседі. Бұл жерде Бөрте Чиноны Үнді, Тибет ханның ұрпағы екеніне сену қисынсыз болғанымен, шынымен батыстан келген және Үнді текті легені ақиқатқа саяды. Грумм – Гржимайлоның шығармаларында ежелгі дәуірде дене келбеті бүгінгі моңғол тайпаларының адамдарына ұқсас бір аймақ ел Селенга өзенін бойлап көшіп келгендігі айтылыпты.
Батыстан келген бұл әулет моңғол болуы мүмкін және де бұл жөнінде біздің шығыстың көптеген деректері мен аңыз әңгімелерінде айтылатынындай үнді, тибеттер моңғолды ежелден бері «Хор79», «Соғбу»80 деп атайды. Осы хор немесе соғбу деген ұлт Үндістанның оңтүстік батысын мекендеген моуғал деген тайпадан бөлініп, солтүстікке барып қоныстанғаны да айтылады. Бұл туралы жазбаларда Тибеттің солтүстік батысындағы Ари және Ладаг деп аталатын өлкенің солтүстік батысындағы қарлы тау жазықтардан кейін Ли деп аталатын Бұқар елі, содан кейін тағы бір қарлы таудан өткенде Үндістанға қарасты моуғал тайпалардың ханы Ұлы Ху деген мекен еткен. Сол ханның қарамағында Жағар81 және Хор, Соғ аталатын моңғол тайпалары аралас болған. Сол Ари, Ладагтан оңға қарай Қаш елі, оның оңтүстігіндегі Гамгари деген үлкен судың бойында Сема Хе деген мұсылманның ұлы қаласы болған.
Сол қаланың солтүстігінде Моғол немесе Соғ деп аталатын Моңғолдың Ұлы елі болды. Және де, Ху ханның теріскей жағында мұсылман қорғаны немесе Бұхар деп аталатын мекен болған. Тоғардан оңға қарай Сыр өзенінің солтүстігі мен батыс жағалауында Хор, Соғ деп аталатын екі моңғол аймағы орналасқан. Сары дарияның солтүстігі мен Мөсөг82 елді мекенінің күнгейінде, Тоғардың теріскей жағында қырғыз, қазақ екі үлкен аймағы болды. Олардың діні мұсылман, киіз үй тігіп, мал бағып өмір сүретін. Қазақ өлкесінің солтүстік күнгейі Балқаш көлінің оңтүстігінде көптеген моңғол аймақтары қоныстанған. Солардың арасында Бөрте әулеті аталатын моңғол аймағы болған. Олар да шатыр, киіз үйді паналап, мал бағып, өмір сүретін. Ерте заманда осы өлкелерді аралаған Үндістанның кейбір саяхатшыларының жазбаларында ондағы өмір сүретін адамдардың мұсылман және моңғол тектілер болғаны сөз етіледі.
Сондай-ақ, Үндістанда хинд және мұсылман аталатын екі ұлт қатар өмір сүреді. Және де, олардың ішінде сіңісіп кеткен көптеген бөгде ұлт бар екендігі байқалады. Сол Үнді жеріндегі мокғал аталып жүргендер – нағыз мұсылмандар, стагчираға83 немесе түркілерге жатады. Тәжік жерінің орталығы Үндістанның батыс жағындағы Маққа84 немесе моуғалдар85 мекені. Үндінің моуғалы мен қазіргі моңғол деген екі сөздің дыбысталуы созыла келе осылайша өзгеріске ұшырағаны болмаса, әуелден бұл екеуі бір сөз. Моңғол ұлтының ата қонысы Үндістанның солтүстігіндегі таулар мен тоғайлар еді. Кейіннен көшіп-қона келіп, қазіргі өлкені мекен еткен. Моңғолдың көне-көз қариялары: «Моңғолдың ата қонысы Үндістанның солтүстігіндегі таулы орманда еді. Бір топ киіз туырлықтылар, мал, жылқыларын алып, аң аулаумен жүріп, олардың бір буын өткеннен кейінгі ұрпақтары байырғы қонысын білмегендіктен тұрған жерлерінде қала береді. Бүгінгі моңғол жерін мекендеген солар еді. Және моңғолдың ата-бабалары тәңір дінін ұстанған. Соның салдары әлі күнге жалғасып келеді. Моңғолдардың әлі де отқа табынатыны сондықтан»86 -деген аңыз айтады. Мұны айтушылар көбінде Өмнөговь пен ордастықтардың арасынан кездеседі. Моңғолдың тағы бір көне аңызында: «Қазіргі моңғолдар есте жоқ ерте замандарда Үндінің моңғол деген улетінен бөлініп, түйеге жүктерін артып, малдарын айдап, қарлы таудың батысынан жайлы қоныс іздеп, бүгінгі мекеніне келіпті» — дейді. Шыңғыстан бұрынғы 1367-1136 жылдар аралығында болған Қытайдың Хань87 ұлысының он төртінші Мин Ди88 ханының тұсында Үнді жеріне саяхаттап барған ғалым Фа Сяның89 жолжазбасында: «Шан Эн Фудан батысқа қарай бет алып, көптеген тау, өзендерден өткеннен кейінҚытай, Тибет, Моңғол үшеуінің арасымен жүріп, Дунь Хуанға90 жеттік. СоданМоңғолдың құмды өзен, даласымен 17 күнде өтіп, Ұйғырдың хан ордасына келдік. Содан Ұйғырдың жерімен батысқа қарай 15 күн жүріп, Уч-ның жеріне, сол жерден оңтүстікке қарай иен түз, өзен, көлдерден өтіп, 35 күн дегенде Хотан немесе Ли деп аталатын елге жеттік. Сол елден тағы да 25 к үндік жол жүріп,Цу Хоу деген елге келдік. Бұл Соғ деп аталатын Іішк моңғол аймағының Ұлы Ху ханының жері. Будда дініне табынатын көптеген діни оқымыстыларын көрдік. Содан ілгері жүргенде Үндінің оңтүстігіне келдік» — деген. Осы Фа Сядан 300 жылдан соң өмір сүрген Тан91 ұлысының оқымысты ламасы Тансан92 деген адамның Үндіге саяхаты туралы жазбасында, жоғарыда айтылған, «Дунь Хуан мен Моңғол, Ұйғырдың жерлеріменөтіп, Моңғолдың ұлы Ху ханының еліне жеттік, «Ху Хан» дегені «Хан» деген атау ма екен?» — деп жазады. Тибеттер Моңғолдарды жоғарғы, ортаңғы, төменгі моңғол деп үш топқа бөледі. Іле, Тарбағатайдан бастап, Тибет теріскейінен Үнді теріскейіне дейінгі аралықты Оңтүстік Моңғол деп атап келген.
Ежелгі дәуірдің кей кезеңдерінде олар Оңтүстік Моңғолға қарсы үнемі шабуыл жасайтын. Шыңғыс қағаннан бұрынғы 532 жылы туылған Тибеттің ханы Соронзонгомбо93 ұлыс жарғысын осы оңтүстігіндегі Моңғол мен Ұйғырдан көшіріп алғандығы айтылады. Және де оның ішкі алты уәзірінің бірі – Тансанның моңғол адам болғаны, Шыңғыстан 364 жыл бұрын туылған Крисрован Дисран Дэбзан94 ханның тұсында оңтүстік Хор Моңғолдың басшысы көптеген әскер жіберіп, мал-мүлік, дүниесін тонағаны жөнінде де жазба деректер сақталған.
Бұл жерде айтылған деректер ғылыми негізде толық дәлелденбегенімен жер және ұлыс, тайпа атаулары, адам аттары өзгертілмегендіктен мүлде жоққа шығаруға тағы келмейді.
Моңғол – түркінің бір бұтағы. Жоғарыда айтылған деректерге қарағанда түркі және моңғол әулеті ертеректе Тибет, Үндінің оңтүстігінмекен етіп, содан шығысқа қарай жылжып, Күннү /Ғұн/ мемлекетін құрып, кейбірі байырғы қонысында қала бергендіктен бөлек-бөлек атауы бар, жеке-жеке аймақтар болғаны анық. Моңғол, түркі екеуі тіл және тарихи түрде ұқсас болғанымен түбі бір ұлт болмағандықтан, моңғол тілімен сөйлейтін бұл ұлттың шығу тегі шығыстан екендігі көбірек айтылады. Осы деректердің көбінің пікіріне сүйенсек, моңғолдар Үндінің оңтүстігіндегі мұсылман дінді моуғал аймағынан шығуы мүмкін.
«Моңғол» атауы біршама ерте шақта пайда болғанға ұқсайды. Сөйте тұра кейбір әңгімелерде Шыңғыс қағанның кезінде «моңғол» атауы пайда болды деп айтылады. Бұл – жаңсақ айтылған тұжырым.
Шыңғыстан недәуір бұрын Тан ұлысы Моңғолды Мэнгу, Мангу95 деп атаған. Және кейбір тарихшылардың жазбаларында Мэнгу деп аталатын жеке аймақ Шыңғыстан 1136 жыл бұрын96 болғаны айтылады.
Қытайлардың «Моңғол» деген сөзге тілі келмейтіндіктен күні бүгінге дейін «Мангу», «Мэнгу» деп атап келе жатқанын ескерсек, «моңғол» өте ежелгі атау болуы мүмкін. Олай болса, жоғарыда аталған Үнді жеріндегі моуғал деген әулет моңғолдардың байырғы бабалары болуы әбден ықтимал. Сол себепті бұл да жеке зерттеуді талап ететін тақырып.
Тибеттер ерте шақта Моңғолдарды «хор» деп атаған. Осы хор атанған тайпалар Үндінің батыс солтүстігінен тарап, Тибеттің теріскей жағына шашырай келіп орналасқаны жөнінде деректер оның батыстан шыққандығын дәлелдемек ниеттен туса керек. Аталған деректерге қарағанда, моңғол әулетін қытайдан емес, үндіден шыққан деп дәлелдеу шындыққа бір табан жақын келеді.
Қытайлар да қазіргі орналасқан жерлеріне, қадым замандарда басқа өлкелерден ауып келген. Бұл жөнінде олардың өз жазбаларында: «Бес мың жыл бұрын біздің қытайлар қазіргі жерінде болмаған, батыс солтүстіктен Сары дарияны бойлай келіп қоныстаныпты» — деп жазады.
Дәл осыған ұқсас моңғолдар да ата тегінен бері бүгінгі қонысын мекен етпеген. Олар да батыс солтүстіктен келген. Ежелгі моңғолдардың мекені жоғарыда айтылған Үндінің солтүстігінен басталып, Тибеттің қарлы тауының теріскей батысы, Түркістан97, Ганьсу98 өлкелері, Қатын өзенінің бойы болып келеді. Қазірдің өзінде Үндінің оңтүстігі мен Түркі, Парсы, Ауғанстан, Шығыс және Батыс Түркістан сияқты елді мекендерде моңғол нәсілді адамдар өмір сүріп келеді. Әуелі Тибеттің батыс солтүстігіндегі Ари өлкесінің шығысындағы Хорба деп аталатын жерлерде өмір сүретін моңғолдар тілін, ата салтын ұмытпаған. Олар дүркін-дүркін болған соғыстар мен Шыңғыс қағанның кезіндегі ұлы жорықта бытырап кеткендігі, кейбір деректерде атазаманнан бергі қоныстарында отырғаны айтылады.
Моңғолдың ежелгі дәуірі тарихында кездесетін Гэсэр99 ханның тұсында Шарай100 өзенінің үш ханының бірі Цагаан гэрт101 хан моңғол нәсілді болған102. Оның ордасының жұрты Тибеттің оңтүстік шығысындағы Ханба өлкесінің Буруцу өзені бойында сақталған. Сол жерде «ақ моңғол» деп аталатын моңғол тектілер әлі күнге өмір сүреді.
Хан ұлысы мен Күннү ұлысының тұсында Үндіге саяхатпен барған қытайлық Фа Ся-ның жолжазбасында: «Синь Аньдудан батысқа қарай аттанып, Моңғолдың ұлы шөл даласынан 17 күнде әзер өттік» дегеніне қарағанда сол ерте шақта батыстан бөлініп, Ганьсу, Қатын өзенінің бойын мекен еткен моңғолдар жаңа қоныстарына тұрақтап қалғанға ұқсайды. Ол кезде Күннү ұлысының дәуілеп тұрған шағы еді. «Одан кейін көп жүріп, Ұйғырдың жерінен өтіп, Тибеттің батыс солтүстігіндегі Қарлы таудың103 теріскейіндегі Моңғолдың Ұлы Ху ханының еліне келдік» дегені ол жерде ежелден мекендеген немесе жолай жорықтарға ере алмай, жолда қалған моңғол нәсілділерге кездесуі де мүмкін.
Бұл жазбалардан байқағанымыз, моңғол нәсілділердің біршама бөлігі өте көне заманда елінен ауып, Шығыс Хянған тауына104 дейінгі кең алқапта шашырап, байырғы қонысында қалғандары кейіннен ұбырып-шұбырып келуі, бұлардан бөлініп қалғандары көршілес елдердің тіл, мәдениет, салт- дәстүріне сіңісіп кетуі әбден мүмкін. Моңғолдардың сөйлеу мәнері үнділерге, шығу тегі ұйғыр мен түркілерге жақын келеді. Шыңғыс қаған батысқа жортқанда, сонда мекендейтін қыпшақтар мен түркілерді моңғолдың жақын туысы деп іш тартқаны жөнінде де нақты деректер бар.
Моңғол жазуы, білім-мәдениеті, діні әуелде қытай мен тибеттен емес, үнді, соғда105, ұйғырлардан жалғасыпты. Моңғол тілінде үнді, соғда, ұйғыр сөздері өте көп кездеседі. Қазір де сол қалпында. Бұл жөнінде «Ұйғыр» тарауында кеңірек тоқталамыз.
Соғдалар моңғол жеріне ұйғырлармен бірге келіп, сауда-саттық жасап, діни кітаптар таратып, мешіт-медреселер орнатқан көрінеді.
Моңғол әулетінің шығу тегін батыспен байланыстыратын көптеген әңгіме, деректер болғанымен, бұған дейін оларды ғылыми негізде саралап, анық- қанығына жетпеген. Моңғолдың шығу тегін анықтау мәселесіндегі кемшіліктерге қоса, халық арасында ежелгі замандардан бері қарай ауыздан- ауызға жалғасып, айтылып келген көне шежіре, тарих, аңыз, ертегілерді де қажетсініп, зерттемей келгендігін үлкен олқылыққа жатқызуымыз керек.
Моңғол тарихын зерттегенде есте болатын нәрсе, Шығыс елдерінің көп ұлттарына қатысты ертегі, тарихтарын пайдалану, оларға аса ізеттілікпен мән беру екені сөзсіз. Сондықтан аталған жәдігерліктерді мұқият қадағалап, оларды рет-ретімен қолға алған орынды.
Көптеген шетелдің ғалым, оқымыстылары Моңғол тарихын қызыға зерттеп жүргенде, моңғол адамының өз ата тарихын менсініп қолға алмауы – парасаттылыққа жатпайды. Саяси бағытты қалыптастырып, құқықтықты қорғау дегеніміз – тарихқа терең байланысты дүние болатындықтан ұлтын, оның түрлі саясатын қолдайтын әрбір моңғол адамы өз тарихына көңіл бөлгені тіптен орынды.
Бүгінде моңғолдар ұлттық жазуы106 мен ұлттық тарихын қастерлеудің қасиетін арттырып отырғаны Моңғол ұлысының келешегі зор жаңа баспалдақтан аттауы екенін түсініп, бұл үшін кімде-кім көңіл бөліп, ыждаһаттық танытқаны абзал.