Материалдық емес активтердің есебі.

Материалдық емес активтердің есебі.

 

            Материалдық емес активтер – басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін немесе тауарлар мен қызметтер көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және есеп берушілік туралы заңына сәйкес банктің материалдық емес активтеріне бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, лицензия, тауарлық белгі ,тауарлық марка және басқа активтерге құқықтар жатады.

Материалдық емес активтерді айырбастауға болатын және айырбастауға болмайтын деп екі үлкен топқа бөлуге болады.

Материалдық емес активтерді бағалауда бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни, материалдық емес активтер сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу  құны бойынша бағаланады.

Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады.

Материалдық емес активтердің есебі үшін 1659 “Материалдық емес активтер” шоты арналған.

Материалдық емес активтерді есептеуде келесідей жазбалар жасалады:

А) сатып алынған материалдық емес активтерді төлегенде

Дебет 1856  “Күрделі салулар бойынша дебиторлар”

Кредит 1001 “Кассадағы қолма-қол ақшалар”

             1081 “Банктің корреспонденттік шоты”

               2010 “Сыйақы алмай талап еткенге дейінгі депозиттер”

               2203 “Басқа банктердің корреспонденттік шоты”;

б) материалдық емес активтерді кірістегенде

Дебет   1659 “Материалдық емес активтер”

Кредит 1856  “Күрделі салулар бойынша дебиторлар”

  • “Күрделі салулар бойынша кредиторлар”;

в) амортизацияны есептеу:

Дебет 5788 “Материалдық емес активтер бойынша амортизациялық

аударымдар”

            Кредит 1699 “Материалдық емес активтерге есептелген амортизация”;

            Г) есептелген амортизация сомасына материалдық емес активтерді есептен шығару кезінде:

            Дебет 1699 “ Материалдық емес активтерге есептелген амортизация ”

            Кредит 1659 “ Материалдық емес активтер ”;

            Д) қалдық құнға:

            Дебет 5852 “Негізгі құрал-жабдықтарды материалдық емес активтерді сату шығыстары ”

Кредит 1659 “ Материалдық емес активтер”.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *