ЕЖЕЛГІ ТҮРІКТІҢ ЕЛТЕРІС ҚАҒАНЫ БІЛГЕ СӘЙТ217 ТОНЫҚҰҚТЫҢ ЕСКЕРТКІШ ТАСЫНДАҒЫ БІТІК ЖАЗУ (Ананд Амар)

ЕЖЕЛГІ ТҮРІКТІҢ ЕЛТЕРІС ҚАҒАНЫ БІЛГЕ СӘЙТ217 ТОНЫҚҰҚТЫҢ ЕСКЕРТКІШ ТАСЫНДАҒЫ БІТІК ЖАЗУ
(Налайханда)
«Мен білге Тонұқұқ Табғаш218 елінде қылынттым219. Сол кезде Түрік бұдұны220 Табғаштың еркіне қарайтын еді. Мен Түрік халқы қағаны болуын қаладым. Түрік халқы Табғаштан ажырады. Қағанды болды. Қағанын тастап, қайтадан Табғашқа кірікті. Сол шақта Тәңірі жарлық қылды: Қаған бердім. Сендер қағандарыңды тастап, кіріптар болдыңдар. Кіріптар болғаның үшін Тәңірі өлімші етті. Түрік ұлысы қырылды. Әлсіреді. Жойылды.
Түрік сір халқының жерінде қайта ошақ тұтамады. Ойда, таста қалғандары құралып, жеті жүз болды. Екі бөлігі атты еді. Бір бөлігі жаяу еді. Жеті жүз кісіні бастаушы ұлығы шад221 еді. Ол маған бірігіңдер деді. Солай біріккендер ішінде мерген Тонұқұқ мен бар едім. Мен оны хан сайламақты ойлағаным – алыстан арық бұғы, семіз бұғы екеуінің семіз арығын айырғандай қиын еді. Кейін маған тәңірі Білік дарытып, мен оны қаған еттім. Менің қасымда Байла кіші тархан мерген Тонұқұқ болғаны үшін мен Елтеріс қаған болсын деп, ілгеріде Табғаш, шығыста Хятан, солтүстікте қалың Оғұзды құрттым. Оның білгір досы, даңқты досы мен едім. Сол шақта біз Цугуй хожи222 және Қара ғомда223 отырар едік. Мен сонда киік жеп, қоян жеп отыдым. Халықтың құрсағы тоқ еді. Біздің жау жыртқыш құс сияқты еді. Жағдайымыз осылай еді.
Солай отырған шақта оғұздардан тыңшы келді. Тыңшы сөзі мынадай; Тоқс, Оғұз халқы ханын сайлады. Қытайларға Күн Сенүнді, Қытандарға Тоңра Семді жіберді. Былай деп сөз жіберді. Азғана түрік халқы қозғалды. Бұлардың ханы әсте жүректі, ақылшысы тіптен мерген /білгір/, ол екі кісі тірі тұрса, сендердің қытайларыңды олар өлтіреді, — деді. Шығыста қытайларды сола өлтіреді, — деді. Және, біз – оғыұздарды солар өлтіреді, — деді. Қытайлар оларға түстіктен шабыңдар! Қытандар оларға шығыстан шабыңдар! Мен оларды терістіктен шабайын! Түрік – сір халқының жерін жат иесі баспасын! Ондай жау жойылар болса, жояйық, — дедім. Бұл сөзді естігеннен кейін …? Мен былай дедім; Қытай, оғұз, Қытан үшеуі біріксе, біз жеңілеміз. Тағдыр жазымымен тасқа шаншығандай болармыз. Жұқаны бүктеу – оңай, жіңішкені үзу – оңай. Егер жұқа нәрсе қалыңдаса, оны тек алып қана бүктейді, жіңішке нәрсе жуандаса, оны үзуге алып күш қажет болады.
Шығыста – қытанға, түстікте – қытайға, батыста – құрданға, терістікте – оғұзға, екі-үш мың қолмен бара аламыз ба? Осылай өтіндім. Қағаным менің өтінішімді Қабұлдаған соң, Мен – білгір Тонұқұқ осыларды өз қолыммен жасадым. Сен өз көңіліңдегідей баста, — деді. Біз Хүг жүн-нен өткен соң, мен әскерді тоғайға қарай бастадым. Тоғлан өзенінің бойындаоғұзда жануарға жүктерін тиеп келді. Олар үш мыңдай, біз екі мың едік. Тәңірі бізді жарылқағандықтан, соғыстық. Олар бытырап, жартысы суға құлап, жартысы қашып жүріп өлді. Сөйтіп, түгел оғұздар бізге бағынды. Түстік, терістік, шығыс, батыстың елі мені Түріктің қағаны мен халқын Өтүкен жеріне топтастырып, және білгір – Тонұқұқ менің өзімнің де Өтүкен жерінде екенімді естіп, түгелдей қол астыма келді. Біз екі мың қол едік, жауға кірдік.
Түрік халқы жеңеміз деп, Түрік қағаны иелік етемін деп Шантұң қаласына, теңізге қарай аттанып, жеңіліс тапты. Бұны қағаныма айтып, Шантұң қойнауы мен теңізге қарай аттандым. Отыз үш қаланы талқандап, Үйсін, Бұтатуды жаптым. Қытайдың ханы біздің жауымыз еді. Он Оң ханы224 жауымыз еді. Және қырғыз ханы ең мықты жауымыз еді. Осы үш хан ақылдасып, Алтын тауында кездесейік, — депті. Шығыс Түрік қағанын шабайық, – десіпті. Егер шаппасақ, бізді қалайда құртады. Қағаны – алып екен, ақылшысы — білгір екен, қайткенде де, құртатыны хақ. Солардан бұрын біз үшеуіміз аттанып, өздерін құртайық десіпті. Түргеш қаған былай депті; Менің халқым сонда отыр. Түрік халқы бүлініп, оның құрамындағы оғұздар қарсылық жасады, — деді. Осы сөзді естіп, түнде ұйқым келмеді, күндіз отырғым келмеді. Менің ойлағаным; біз алдымен Қырғызбен соғыссақ …, — деп ойладым. Айттым. Және де Көгменді 225көктеп өтетін жалғыз ғана жол бар, оны қар басып жатыр деп естігендіктен «біз ол жолмен жүруге болмайды» дедім, мен. Мен жершіл адам іздеп, Ас жерінен біреуді таптым. Ол былай деді. Менің елім Ас …, мен ол жолды білемін. Көгменді басып өтетін жалғыз жол сол ғана. Жолай тынығатын бі жер бар. Анунды құлдап жүруге де болады. Онымен жүрсек тізіліп өтеміз, деді. Мен оның сөзін естіп; сол жолмен жүре алсақ болғаны, — дедім. Қағаныма да солай айттым. Әскерлерге жауға аттаныңдар! – деп бұйрық етіп, Ақтермелде жиналыңдар! – деп ескерттім. Әскерлерге қарлы жерлерден аттың үстінде тұрып жүріңдер деп, және де оларды аттан түсіріп ағаш таянып жүрдік. Алдыңғы шептегі әскерлер қарды таптап өтті. Мен әскерімді алға ұмтылдырып, Иберден асырдым. Біз он күнде тау бөктеріндегі қиын жолдан өттік. Жолшы бізді теріс бастағаны үшін өлтірілді. Біз шаршап-шалдығып келе жатқан сол шақта, қаған былай бұйрық етті; «Ілгеріге ұмтылайық, Ану дариясы осы. Мұны құлдилап жүрейік. Біз сол өзенді құлдилап жүрдік… Күні-түні аттарымызды желдірте жүріп, қырғыздарды ұйықтап жатқан жерінде қылыштадық. Жол аштық. Хан мен әскері бекініп қалған екен, біз олармен де соғысып жеңдік.Біз олардың ханын өлтірдік. Қырғыз ұлысы келіп, қағанымызға бағынды. Қайтарда Көгмен тауының келесі жағымен асып өтіп,Қырғыздан алыстадық. Түргеш қағанның барлаушысы келді.
«Солтүстіктің қағанына аттанайық. Біз оны жаулап алмасақ, қағаны асыл екен, ақылгөйі білгір екен. Олар бізді басып алады, — деді. Он оң түгел халқы аттанды, — деді. Және де, Қытай әскерлері дайын отыр, — деді. Біздің қаған осы сөздерді естіп, «Мен өзіме қайтайын», — деді. «Қатыны өлген еді, мен оны жерлейін», — деді. «Сендер әскерді алып, аттаныңдар», — деді. «Инел хан мен Тардуш қол бастасын!», — деді. Өзіме – Білгі Тонұқұққа былай деді: «Сен мына әскерді басқар226 өзің біліп, жазала. Мен саған басқа не айтайын», — деді. «Олар ілгерілеп келген болса, маған тіл жібер. Олар қозғалмаған болса, көңіл алаңсыз барлап ал», — деді. Біз Алтын тауында жатқан кезде үш рет барлаушы келді. Үшеуінің сөзі бір: «Қағаны әскерімен келе жатыр. Он оң әскері түгелімен келеді», — деді. «жарыс жазығында жолығысайық», — деді. Мен бұл сөзді естіп, қағанға хабаршы жібердім. Қағаннан жауап келді.
«Сендер алаңдамай сонда жата беріңдер. Қарауыл, күзеттеріңе сақ бол. Жауыңа алданып қалма», — деп Бөгү қаған маған жарлық жіберді. Қолбасшы Апа – тарханға бұйрық жіберіпті; «Білгі Тонұқұқ өзі біледі. Ол әскерлермен бірге шабуылға кірісейік десе, айтқанымен бол». Мен осы хабарды естіп, әскерді бастадым. Алтын тауын жолсыз жермен астым. Ертіс өзенін өткелсіз жерден өттім. Түнімен жүріп, Болшыға таң ата жеттік. Тілші келді. Оның сөзі: «Жарыс жазығына он түмен әскер жиналды», — деді. Бұл сөзді бектер түгел естіп: «Қайтайық, күштіге сес көрсету жұқпас», — деді. Сонда Білгі Тонұқұқ мен бүй дедім: «Біз Алтын тауын асып, мұнда келдік. Біз Ертіс өзенін кешіп, мұнда келдік. Жауымыз күшті болса да, бізді көрмеді. Тәңір – Ұмай, Ұлық – Жер олардың көзін қалқалады. Біз несіне қашамыз? Аз болсақ та неге олардан жеңілеміз? Шабамыз!», — дедім. Біз шауып кіріп, оларды састырдық. Ертеңінде олар дала өртіндей қаулап келді. Біз ұрыстық. Олардың екі қанаты біздің жарты әскерден көп еді…Тәңірдің қуатында көп деп, олардан қорықпадық. Біз Тардұш шадыға ере жүріп ұрыстық. Жеңдік. Ханын олжаладық. Жабығысын, шадысын олар өздері өлтірді. Елудей адамды қолға түсірдік. Сол түні олардың еліне жарлық жіберілді. Жарлықты естіп, он тайпа ел бектерімен келіп, бағынды. Біз келгендерді бектерімен қоса үйіріп, қашқандарына қуғыншы жөнелттік. Біз тағы да аттандық. Інжу өзенінен өтіп, Тінесі, Оғлұ, Жатұқман, Бәнлі тауларынан асып, Темір қапұққа дейін жауымызды ығыстырып барып, қайттық. Инел қағанға … Соқ бастаған соғданың кейбір халқы келіп бағынды. Ертеде біздің бабаларымыз, Түрік халқы иесіз тұста, Темір қапұқ, Тінесі, Оғлұ, Жатұқман тауына келген екен. Мен – Білгі Тонұқұқ әскерімді осы жерге әкелгенде сары алтын, ақ күміс, қыз-қырқын… бағалы мүлікті есепсіз алып қайттым. Елтеріс қаған біліктілігінен, батырлығынан 27 рет Қытайға қарсы соғысты. Жеті рет Қытандармен соғысты. Бес рет Оғұздармен ұрысты. Оның ақылгөйі – Мен, өзім едім. Оның қолбасшысы – Мен, өзім едім. Елтеріс қағанға, Түріктің Білге қағанына … Қапаған қағанға …
Түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды төктім, қара терімді сықтым және мен өзім ұзақ жорықтарға бастадым. Арқұй, Қарқұй бақша-сын молайттым. Қайтқан жауды Мен … жауыңды құрт деп қағаныма айттым. Тәңірі жарылқады! Бүкіл Түрік халқының ішінде ешбір қарулы жау тұрмады. Сырттан ешбір ат дүбірі жақындап келмеді. Елтеріс қаған қозғалмаса, Оған еріп Мен қозғалмасам, елім, халқым болмас еді. Сол қозғалғанның арқасында, Оған еріп Мен қозғалғанымның арқасында еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Енді өзім қартайдым. Қайбір елдің хандығында, қандай бір халықта… Мен — Білгі Тонұқұқ мұны Түріктің Білге қағанның халқына арнап жаздырдым.
Елтеріс қаған қозғалмаса немесе ол жоқ болса, Білгі Тонұқұқ Мен қозғалмасам, Қапқан қағанның жерінде, Түріктің сірі халқының жерінде Ел де, Халық та, Ие де болмас еді. Елтеріс қаған мен Білгі Тонұқұқтың қозғалғаны үшін Қапқан қаған мен Түріктің сірі халқы дәуірлеп, Түріктің қазіргі мына Білге қағаны Түрік халқы мен Оғыз халқы үшін таққа отырды- мыс227.»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *