ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗЕҢІ (Ананд Амар)

МОҢҒОЛДЫҢ СЯНЬБИ ҰЛЫСЫНЫҢ ДӘУІРЛЕГЕН КЕЗЕҢІ
Күннү ұлысының шығыс бөлігінен бір тайпа моңғолдар бөлініп шығып,Сяньби тауына барып, Сяньби деген ұлыс құрып, бір кез дәуірлеп тұрады.
Күннү ұлысының Модұн қағанының тұсында, оның шығысындағы аймақтар өз арасынан қырқысып, тағы да бірнеше аймаққа бөлініп, солтүстікке барып, Сяньби, Ухань тауларын мекендейді. Солардың Дун Ху/Шығыс Моңғол/ атанып, Сяньби, Ухань ұлысын құрағанын жоғарыда айтқан едік. Және де, сол Сяньби ұлысы Солтүстік Күннүді қайта-қайта шабуылдағанымен қоймай, Оңтүстік Күннү мен Уханьға бірігіп, дүркін- дүркін Қытайдың да үрейін ұшырып, мазасын бек кетіреді. Оңтүстік Күннү ұлысын әлсіретіп, он түмен адамын өзіне қаратып алады. Осылайша Сяньби ұлысы күшті иелік құра бастаса да, іргесі тым бытыраңқы болғандықтан, өз арасындағы соғыс-жанжал ұзақ уақытқа созылады. Шыңғыстан 1011 жыл бұрын, Сяньбиден Тань Шихуай149 деген бір мықты адам шығып, өз иелігіндегі тайпалардың басын біріктіріп, аз уақыттың ішінде бұрын Ұлы Күннү ұлысының қарамағында болған Тарбағатай тауынан Тынық мұхит аралығындағы байтақ жерді жаулап, шығыста Динлин, Фуюй ұлыстарының шабуылын тойтарып, батыста Усунь мемлекетін жояды. Бұдан соң Тань Шихуай Қытайға қайта-қайта шабуылдап, оңтүстік аймақтарының мазасын кетіеді. Енді бір мезетте қазіргі Ганьсу өлкесінің шығыс бөлігін жермен жексен етеді. Сяньбидің жеріне терең бойлаған Қытайдың үш қол қалың әскерінің қару-жарақ, керуенін түгелдей тонап алып, қуып салады. Тань Шихуай Шыңғыс қағаннан 960 жыл бұрын қайтыс болысымен оның құрған ұлысы да тарап кетеді. Кейін, Шыңғыс қағаннан 926 жыл бұрын Сяньбиді Му Хубу деген басшы билеп, Шығыс сары өзеннің шығысындағыЛяоси өзенінің Зижэн деген жерінің солтүтігіне Мужун150 И аймағын орнатады. Оның немересі Мужун Ляодунның оңтүстігін мекен етіп, ғұмыр бойы Қытай ұлысымен жақсы қарым-қатынаста болады. Неше мәрте Қытайға көмектескені үшін Ұлы шаньюй атағын алады. Бірақ Мужун Сэчуйге қашып барып, Ляосидағы Қытай қалаларынан Чанилиді басып алады. Бұл туралы сол кезде Қытайдың бір билеушісі: «Жун Ди деп аталатын солтүстік адамдары ежелден өте қатыгез болған. Олар бізге тыныштық бермеген. Ішкі өлкеде аралас отырған Хуларды шекараның сыртына шығару керек» — дегеніне қарағанда, сол кезде моңғолдар қытаймен көбірек араласқанға ұқсайды.Содан кейін Мужун Сэчуй қайтыс болып, оның ұлы Мужун Хой әке билігін жалғастырады. Қытайлар оған Сяньби құрамына енетін ұлттарды басқартпақ болады. Әйтсе де, сол ұлттардың ішінен Юйвэй151 қатарлы бірнеше ұлт Қытай бұйрығына қарсы болғандықтан, оның атағы қуаттанбай қала береді. Содан Мужун Хой, Фу Юйдің иелігіндегі елін жаулап алады да, өзіне қарсы болған Юйвэйліктерге соғыс ашады. Жеңілген юйвэйліктердің басшылары Гуулиға152 қашып кетеді де, елі Мужун Хойдың билігінде қалады. Бұдан кейін Мужун Хой, Мүгденнің оңтүстігіндегі сяньби тектілерді, ақ қорғанның шығысы Шанхай Гуанның солтүстігіндегі Дуанның моңғолдарын, өзге де біріккен аймақтармен қосып, өзіне қаратып алады.
Содан соң көп ұзамай, Мужун Хой қайтыс болады. Оның тағына ұлы Мужун Хуан отырады. Ол өзін Уаң дәрежесіне көтеріп, хуанди тағын иеленіп, елін Янь деп атайды. Күннүлердің ұрпағы саналатын Жао ұлысымен бітімге келіп, Дуанидің жеріне шабуылдайды.
Ол кезде Дуань, Жао ұлысына қарасты болғанымен Мужун Хуан Жаомен шығысып, Дуаньнің жерін тартып алады. Жао ұлысы қарсы соғысып, жеңіліп қалады. Бұдан кейін Янь ұлысының атағы зорайып, Мужун Хуан солтүстік Кореяны жаулап алады да, Юйвэйдің ұлысының тұтас билігін өз қолына алады.
Осылайша күшті иелікке айналған Янь ұлысы кейіннен өз ішінен қырқысу салдарынан, әлсірей бастайды. Мужун қайтыс болып, оның ұлы Мужун Чу таққа отырғаннан кейін, Янь ұлысының ішкі шиеленісі тіпті берекесіз кетіп, Мужун әуелетінің ұрпақтарының өзі іштей қырқысып, бес бөлек Янь ұлысын құрып алып, осының салдарынан көп кешікпей бесеуі бірдей құрып кетеді.
Осы айтылған Янь ұлыстары Тоба деп аталған Юаньвэй ұлысымен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *