Банк шығыстарының есебі.
Міндеттемелерге есептелген және проценттік шығындар 2000-2499 шоттарында, проценттік шығындар – 5000-5499 шотында есептеледі.
Әрбір міндеттеме шотына сәйкес проценттік шығындар шоты болады, онда міндеттемелер шотының соңғы үш саны шығындар шотының соңғы үш санына сәйкес болады.
Мысалы, Ұлттық Банктен алынған несиелер – 2051, несиелер бойынша процент шығындары –5051, тұтынушылардың қысқа мерзімді несиелері –2215, қысқа мерзімді несиелер бойынша проценттік шығындар –5215 және т.б.
Болашақ кезең шығындарын төлеу үшін әрбір банк ай сайын несиелер мен депозиттер бойынша проценттер есептеп отыруы қажет.
Есептелген шығындарды төлеу үшін 2700 топ шоттары арналған. Шығындар мен оларға проценттерді төлеу үшін олардың сәйкес сандары болады.
Мысалы, банктердің корреспонденттік шотын есепке алу үшін: проценттер есебі –2020, осы топ бойынша шығындар есебі –2720, тұтынушылардың міндеттемелері есебі- 200, 2720 шоттары және т.б.
Тек келесі шоттар ғана есептелмейді:
-2010 (проценттік емес депозиттер);
-5091 (басқа да шығындар);
-2749 (мерзімі өткен проценттер есебі);
-5304 (своптар бойынша есеп айырысулар);
-5024 (банктің корреспонденттік шоты бойынша проценттік шығындар).
Несиелер мен депозиттер бойынша шығындар дегеніміз ақша қаражаттарын қарызға алумен байланысты проценттік төлемдер мен басқа шығындар. Проценттер алдын- ала белгіленген кезеңнің басы мен соңына қарай төленеді. Басқа банктерден, қаржылық және қаржылық емес ұйымдардан несие немесе депозиттер алу келесідей жазбамен рәсімделеді:
Дебет 1051, 2203 (корреспонденттік шот, есеп айырысу шоты)
Кредит 2054 (несие немесе депозит шоты)Есептеулер депозит немесе несиелер алған кезде, келесі айда жүргізіле бастайды:
Дебет 5054, 5215 (проценттік шығындар)
Кредит 2705, 2720 (есептелген шығындар).
Есептелген проценттер төленгенде:
Дебет 2705, 2720 (есептелген шығындар)
Кредит 1051, 2203 (корреспонденттік шот, есеп айырысу шоты).
Комиссиондық шығындар , оларды төлегенде немесе оларды төлеуші мойындағанда есеп жүргізіледі:
Дебет 5601, 5008 (комиссиондық шығындар)
Кредит 1051, 2203 (корреспонденттік шот, есеп айырысу шоты).
Шетелдік валюта мен бағалы қағаздарды қайта бағалаудан шығындар:
Дебет 5530, 5510 (шетел валютасы және бағалы қағаздарды қайта бағалаудан кейін сату- сатып алу шығыны)
Кредит 2859, 2730 (шетел валютасының контроқұны, бағалы қағаздар бойынша есептелген шығындар).
Айналымға шығарылған бағалы қағаздар бойынша проценттер банк шығындарына есептелген проценттерге жатқызу жолымен ай сайын жүргізіледі және келесі жазбамен бейнеленеді:
Дебет 5250 (бағалы қағаздар бойынша проценттік шығындар)
Кредит 2250 (есептелген, бірақ төленбеген шығындар).
Резервтік қамтамасыз ету оларды құру уақытында мойындалады:
Дебет 2451 (төленген несиелер бойынша ассигнация)
Кредит 1439 (несиелерді қамтамасыз ету).
Қаржылық жылдың соңында барлық кірістер және шығындар шоттары нәтижелік шоттарға жабылады.