АРЫДА — БӨРТЕ ЧЫНО, БЕРІДЕ – ШЫҢҒЫС ХАНҒА ДЕЙІНГІ ҰРПАҚ БАЯНЫ (Ананд Амар)

АРЫДА — БӨРТЕ ЧЫНО, БЕРІДЕ – ШЫҢҒЫС ХАНҒА ДЕЙІНГІ ҰРПАҚ БАЯНЫ
Шыңғыс қаған Алтын ұлысының тұсында Онон өзенінің бойында дүниеге келіп, атақ-даңққа ие болғандығын қисынды ақылға салсақ, оны Хятан ұлысының құрамы Алтын ұлысына қарасты моңғолдың бір жаранының ұрпағы деуге болады.
Шыңғыс қаған туралы әңгіме-тарих осылай басталуға тиісті. Дегенмен, бізге дейінгі тарихи жазбаларда Шыңғыс қағанның баяны оның жиырмасыншы атасы Бөрте Чынодан298 басталып келді.
Бұл тәсіл сол кездегі моңғолдардың жағдайы мен алуан қырлы соғыс, жорықтарының баяны, әсіресе сол тұста белгілі бола бастаған түрлі тайпалар мен ұлт-ұлыстардың шығу тегін білуге жеңілдік тудырса керек. Тіпті де кейбір тарихтарда Бөрте Чыноны Шыңғыс қағаннан 1069 жыл бұрын шамасында, Байкал теңізінің299 маңында өмір сүрген десе, енді бірде Шыңғыс қағаннан 1063 бұрын шамасында өмір сүрген деп жазады. Егер, Бөрте Чынодан Шыңғыс қағанға дейін 22 ата жалғасады деген деректі еске салсақ, онда бұл жыл санауын да кейінге шегеруге тура келеді.
Бөрте Чыноның ұрпақтары Байкал теңізінің жағасынан жылжи келіп, Онон, Керулен өзендерінің бойын мекендеп, жылдар озған сайын өсіп-өніп, Шыңғыс қағанның әкесі Есүкей батырдың300 тұсында көптеген ру-тайпаларға бөлінеді. Шыңғыс қаған мен оның әкесі Есүкей батыр моңғол ұлтынан. Олай болса, бұлардың Бөрте Чыноға дейінгі ата-бабалары да моңғол нәсілді екендігі заңдылық. Шыңғыс қағанның кейбір аталарын ұзын бойлы, жирен шашты болған сияқты, деп Еуропа қанын араластырғысы келетіндердің дәйегі тіптен қисынға келмейді. Адамдардың қанының араласуы бір ғана Шыңғыстың аталарында ғана емес, жалпы моңғолдардың арасында болуға тиісті жағдай десек те, ұзын бойлыларды түгелдей Еуропалықтардың қаны араласқан адамдар деп санауға тағы болмайды. Еуропада да аласа бойлы адамдар, ал Азияда ұзын бойлы адамдардың болуы тосын жағдай емес.
Бөрте Чыноны Шыңғыстан 1069 жыл бұрын шамасында Байкал теңізінің маңында болған деп есептесек, онда ол Солтүстік Күннү, Сяньби, Тоба ұлыстарының қайбірінің құрамындағы моңғол текті біреудің баласы болып шығады. Сөйте тұра, моңғол тарихында; Бөрте Чыно батыстан Тэнгис өзенінен301 өтіп келіп, Қоғай Маралмен302 үйленіп, Батчаған303 деген ұлды тудырды, деп жазылады. Әлгіндегі айтқанымыздай, моңғолдар батыс жақтан біртіндеп ілгерілегенде олардың арасында Бөрте Чыноның да болуы немесе әуелден күннү, сяньби, тобалармен бірге өмір сүріп жүргендігін дәлелдеу, дәлелдемеу тым маңызды емес. Себебі – бірден Бөрте Чыно моңғол адамы деп дәлелденгендіктен, ол туралы қайта әңгіме етуді артық іс деп санаймыз. Солай бола тұрса да, кейбір тарихшылар; Моңғолдар өздерін қасқыр («чоно»), марал («марал») тектес хайуаннан жаралдық дейді екен деп, Бөрте Чыно, Марал дегендерді де хайуан атауына жатқызады. Бұл – Чыно, Марал деген адам аттарын хайуаннан ажырата алмайтындардың сауатсыздығын танытады.
Моңғолдардың салтында адамдарға қасқыр, марал деген ат қойып, атақ- шен беру жоралғы көнені қойып, бүгінгі таңда да жалғасып келе жатқан әдет. Марал деген жұлдыздың атауы. Моңғолдарда ай, жұлдыздардың атауын өте көп қолданады.
Бөрте Чынодан кейін Тибет ұлысының өз ішінен үлкен көтеріліс шығып, Зан Рабсал, Ёгэжүн, Маршахямуни деген үш лама есекке кітап-құралдарын артып алып, әуелі солтүстікке, сонан кейін шығысқа қарай жүріп отырып, Моңғолдың жері – Байкал көлінің батысындағы бір тауға келіп, Бөрте Чыноның немересі Тамачи мен оның ұлы Хоричар мергенмен304 жолығып, кітаби келісімге305 келеді. Бірақ, бір-бірінің тілін түсіне алмағандықтан, сол жерден қайтадан оңтүстікке келіп, Амду-ға тұрақтайды, деп көне тарих шежіресінде жазылады. Бұл дерекке сүйенсек, Бөрте Чыноның кейінгі ұрпақтарының өзі Байкал теңізінің маңында болғандығы және де олардың моңғол нәсілді екендігі айқын аңғарылады. Тіптен кейбір тарихтарда; Бөрте Чыноның отырған жері қазір де бар, деп жазады. Моңғолдың шығу тегі мен нәсілі туралы жоғарыда келтірілген шежіреде; Үнді мен Тибеттің солтүстігіндегі көптеген ұлт-ұлыстардың ішінде Бөрте деп аталатын моңғол тайпасы болған, деп айтылады. Сондай-ақ қазірдің өзінде моңғолдың, әсіресе дөрбеттің ішінде Бөрте тайпалылар көптеп кездеседі. Бөрте Чыно есіміндегі
«Бөрте» ру-тайпаның атауы болуы да мүмкін.
Бөрте Чыно – түгел моңғол ұлтының емес, тек қана Шыңғыс қағанның ата- тегінің қай бірінің тарихқа белгіленген жеке атауы болуы да мүмкін сияқты.
Кейбір моңғол тарихында: Шыңғыс қаған және оның ұрпақтары боржұған306 руы атануы Бөрте немесе Бодончар307 дегеннен солай қалыптасты ма, деп те қарастырады.
Бөрте Чыно түгел моңғол ұлтының шыққан тегі емес, тек қана Шыңғыстың аталарының әлдебір кезеңінің тарихқа белгілене бастаған тұсы десек, қисынға келетіндей.
Солай бола тұра кейбір тарихшылардан: Бөрте Чыноның алғаш пайда болуын барша моңғолдың шығу тегі дегендей етіп келтіретіні осы туралы бірер ауыз әңгімеден алып, жазғандары, ерте кезде түрік ұлтының көптеген аймақтары өзара қырқысып, моңғол аймақтарын қырып-жойып, соның салдарынан қосар308 еркек, әйел қалғаны осы екі шаңырақ бір сайлы тау орманына қоршалған жалғыз аяқ жолмен жүріп, паналайтын жер тапқаны, сол жердің табиғаты жерұйығына309 ұқсайтындықтан Эргиний хун310 деп атайды.
Осы екі шаңырақ сол жерде ұзақ мекендеп, өсіп-өніп, әуелі сонда сыймайтын болғандықтан, алғаш кірген тесігі бітеліп қалғандықтан, б»р темір қазбасыбар жартасты көп ағаш отын үйіп, көп жылқы мен өгіздің терісінен жасалған көрікпен үрлеп қыздырып, ағызып тесік шығарып далаға шығады. Одан әрі өсіп-өніп, көбейген және сол екі адамның бірі Хиян, екіншісі Нүкүс атты болған екен. Нүкүстің ұрпақтары – ұранқайлар, Хиянның ұрпақтары хиад немесе боржығындар болған, деседі.
Бұл туралы Грумм-Гржимайло; Эргиний хунға ұқсайтын жер шығыс Азияда жоқ, жалғыз ғана Енисей өзенінің бас сағасы жан-жағынан таумен қоршалып, шығыс жағымен адам жүре алмайтындай орман, тоғаймен көмкерілген, сыртқа жол тауып шығу және кіру өте қиын болғандықтан Эргиний хунға ұқсатуға болатын сияқты болғанымен, моңғол аймағының мекенін іздегенде Эргиний хун деп айтылатын аңызды қолданбаған жөн, деп жазыпты.
Мұнда Онон, Керулен311, Жүрек, Минж312 сияқты көптеген өзендерін байланыстыратын Хэнтэйдің ұлы жотасының батыс сілемінде Охид313, хүүхэд314 деген бір биік тау бар. Осы Охид, хүүхэд деген тау, қалың биік жоталармен айнала қоршалып біткендіктен, оның қай-қай жағынан да адам кіріп, шығуына қиын, сондай бір биік құз қуысындағы жер болғандықтан, бір есік тәріздес ойпаңмен аңшы кісі кіріп көрсе, оның іші тіптен кең, бірталай қора-қотан сиып кетердей және де соның теріскей жақ етегінен Хунның315 өзені дейтін үлкен өзен ағып шығып, Шарулун316 дейтін өзенге қосылып, Жүркен317 өзені солтүстікке қарай ағады. Хамниған ұлтының бірқанша моңғолдары ерте кезден бері Жүркен өзенінің бойын мекендеп келген. Және де мен өзім Моңғол ұлысының 23-ші жылыны318 көктемінде Жүркеннің ыстық арасанына барған кезде осы Охид, хүүхэд деген тауды маңайындағы бір биік тауға шығып қарағанда, соншалықты бір биік ғажайып тау екені көрінгендіктен, сол маңда мекендейтін хамниғанның бірнеше қарияларына жолығып, неліктен Охид, хүүхэд тауы атанғанын сұрағанымда: ерте кезде хамниған ұлты өзгелердің қолынан ойсырай қырылып, бірнеше үй /қашып құтылып/ охид (қыз), хүүхдээ (балаларын) алып келіп, осы тауға жіберіп, қайтып барып мал-мүлкін әкелуге кетіп бара жатқан жолда тағы да жау қолына түсіп қырылып қалады да, әлгі қыз, балалары тірі қалып, өсіп-өніп жерге сыймағандықтан маңайындағы бір темірдің қоры бар жартасты мол оттың күшімен ерітіп, жол ашып шығыпты. Соған байланысты бұл тау да Охид, хүүхэд тауы аталыпты, деген еді.
Мұнда жоғарыдағы аталған Эргиний хун дегені еріксіз осыған байланыстырып айтылған /аңыз/ сияқты және де әлі күнге дейін Хун өзені деп аталып келе жатқан өзеннің атауымен солай /Эргиний хун/ аталған болар. Хамниғандар есте жоқ ерте кездерден бері ұрпақтан-ұрпақ жалғастырып сол араны мекен етіп және де әлгіндей аңызды сақтап келгендігін ойласақ, бұл жер еріксіз – хамниған ұлтының тарихы, әрі Шыңғыс қағанның аталарының тарихына ешқандай байланыссыз екені белгілі себепті әрмен қарай назар аударудың қажеті жоқ сияқты.
Шыңғыс қағанның бабасы Бөрте Чыно барша моңғол ұлтынан бөлек текті болмауы сепеті оның шығу тегі туралы айтылатын көптеген деректердің бірерін ғана айтар болсақ, оның ата-тегі – Бөрте Чынодан тарайтын ұрпақтары Алтын ұлысымен соғысып жүрген тұста күннү, сяньби, тобалардың жалғасы саналатын моңғолдың Ляо дейтін Хятан ұлысына қарастылар Алтын ұлысынан бөлініп, өздерінің ата-тегі Шыңғыс қағанның жағына келгендігі – бұлардың әуелден кіндігі үзілмес ағайын туыстар екендігін аңғартады. Және де Шыңғыс қағанның моңғолдары мен Хятан халқының тілі бір болғаны да бұлжымсатай дәлел. Ақиқаты осылай болғандықтан Шыңғыс қағанның кезінің тарихы моңғол ұлтының түгел тарихының бір ширегі ғана екендігі даусыз. Бұдан былай Шыңғыс қағанның траихын сөз еткенде оның бабаларының алғаш тарихта белгілі болған кезеңінен бастаған жөн.
Моңғолдың «Лу. Алтын тобчи», «Құпия шежіре» деген жазбаларында; Батыс теңіз мұхиттарды кешіп келген Бөрте Чыно, Гуа Марал екеуі Бұрхан Халдұн тауына келіп мекендейді. Ол екеуінен Батшаған туды. Батшағанның баласы Тамачи, Тамачидің баласы Қорышар білгі, оның баласы Ұжым Бұрыл, оның баласы Салқачұ, оның баласы екнүден, оның баласы Шыншашы, оның баласы Қаршы, оның баласы Бұрхан Қалдұн319 тауының қойнау жағындағы Ботаған Боғыржының басында Боржығынтай білгі еді. Әйелі Моңғолжың сұлу болатын. Оның туған ұлы Торғалжың бай, әйелі Борықшын сұлу еді. Боралдай, Құбылай деген балалары, Дайыр, Бор деген екі аттары болды.Борықшыннан және Дуа Соқыр, Добу білгі деген екі ұл туады. Дуа соқыр маңдайында жалғыз көзді бола тұра, үш көш жердегіні көретін. Бі күні ағалы-інілі екеуі аң аулап, Бұрхан Қалдұн тауына шықса, сонау орман шетіндегі Түнкелік деген бұлаққа қарай бір топ адам көшіп келе жатады. Соны көрген Дуа соқыр: «Түнкелікке қарай келе жақан көштегі бір күймеде отырған қыздың жүзінен төгілген сәулесі бізге жетіп тұр. Кісіге ұзатылмаған қыз болса, бауырым саған қалыңдыққа сұрайық» — деп Добу білгіні көріп келуге жібереді. Добу білгі жетіп келіп көрсе, шынында көрікті туылған Алаң деген сұлу екен.
Бұл Барғұжың түметтің иесі Қорлардай білгінің әйелі Барғұжың сұлудан туған Алаң сұлу деген еді. Барғұжың төке-нің иесі Барғұдай білгінің де бір сұлу қызы бар еді. Есімі – Барғұжың сұлу, оны Қор түметтің ноянына береді. Ол ноянның есімі Қорлардай білгі. Арық-Ұсұнның жерінде туған қыздың есімі Алаң сұлу болатын.
Қорлардай білгінің мұнда көшіп келе жатқан себебі, Қор түметтің жерінде бұлғын, тиін аулауға тиым салынып, аулағандармен қырғи қабақ болған соң, Бұрхан Халдұн тауында аң-құс мол дегенді естіп, түгел қауымын алып, Бұрхан Халдұн тауының иесі Шіншің бай ұранхайды іздеп келгені еді. Сөйтіп, Қорлардай руы атанады. Добу білгінің Алаң сұлуды қалай алғаны туралы әңгіме осылай болатын. Мұндағы Хорь түмэт дегені – бұраттардың арғы аталары еді. Алаң сұлу Добу білгіге тиген соң, Бүгүнүтей, Белкүнүтей деген екі ұлды болады. Добу білгінің ағасы Дуа соқырдың төрт баласы болған. Дуа соқыр өлгеннен кейін оның төрт ұлы Добу білгіні көре алмай, келеке етіп, өз жөндеріне кетеді де, дөрбөн руы320 аталады. Дөрбөн – дөрбеттің арғы аталары осылар еді. Сонан Добу білгі бөгде біреуден малик Байғұтай дейтін бі кішкентай баланы алып, жалшы етеді. Добу білгі өлгеннен кейін Алаң сұлу тағы да үш балалы болады. Олардың есімін Бұқа қатаған, Бұқашы салжы, Боданшар дейтін еді.Добу білгінің көзі тірісінде туған Бүгүнүтей, Белгүнүтей екеуі өзара әңгіме құрып: «Біздің шешеміз күйеуі жоқ бола тұра мына үш ұлды туды. Үйімізде жалшы бала малик Байғұтайдан өзге бөтен еркек жоқ. Мүмкін сол жалшының балалары ма екен?» — деген кезде екеуінің сөзін шешелері естіп қалады. Сонан көктемнің бір күні Алаң сұлу бес баласын қатар отырғызып, әрқайсысына бір-бір жебеден ұстатып, «Ал, мыналарды сындырыңдар» — дейді. Олар дереу сындырады. Сонсоң бес жебені біріктіріп буып, «Енді мынаны сындырыңдар» — дейді. Оны біреуі де сындыра алмайды. Сонда Алаң сұлу бүй дейді: «Белгүнүтей, Бүгүнүтей екеуің менің мына екі ұлымды кімнен туды, қайдан туды деп күмәнданғандарың дұрыс. Сендер білмейсіңдер, түн сайын бір жарық шығып, құрсағыма сіңгеннен туғандықтан, жалшымен теңестіруге болмайды. Кейін олар қағандар болады» — дейді де, «Сен бес ұл түгелдей бір менің құрсағымнан тудыңдар. Жаңағы бес жебедей жеке-жеке кетсеңдер, кім болса да, оңай сындырады. Ағайынды бесеуің тату болсаңдар – біріктіріп буған бес жебедей, ешкімнің күші жетіп, сындыра алмайды» — деп өсиет қылады. Содан кейін Алаң сұлу да қайтыс болады. Аналары өлген соң ағайынды бесеуі енші бөліседі. Белкүнүтей, Бүкүнүтей, Бұқа қатаған, Бұқашы салжы төртеуі бар малды бөліп еншілейді. Боданшарды бейшара, мақұлық деп, еншіден қағады. Боданшар ағаларының ішкі ойын білген соң, «енді мен мұнда несіне қалам. Кетейін. Өлсем өлермін, өлмесем қалармын» — дейді де, арқасы жауыр шолақ құйрық құла атына мініп, Онон дариясын құлдай жағалап, Балжы аралы деген жерге келіп, шөп күрке тігіп, тұзақ құрып, бір қаршығаны ұстап алады. Оны жақсылап жаратып, құсқа салады. Сонда томпақ біткен томпылдаған үйрек, бұта біткен бұрқыраған қаздың жүніне толып қалады.
Сөйтіп жүргенде бір күні Түнкелік бұлағына321 бір қауым ел көшіп келеді. Боданшар оларға қаршығасымен күнделікті барып, айран, сүт сұрап ішіп, кешкісін шөп күркесіне келіп қонақтап жүреді. Сонан бір күні ағасы Бұқа қатаған Түнкелек бұлағындағы қауымға келіп, інісін сұрастырып жүрген кезде, Боданшар да сол жерге келіп, ағасына еіп, еліне қайтып оралады. Сонан Боданшар ағаларымен ақылдасып, Түнкелек жағасындағы әлгі бір қауым елді жаулап алады. Боданшар солардың арасындағы бір аяғы ауыр келіншекті әйелі ғып алады. Ол жарчұд ұранхайдың адамы екен. Одан туылған баланың атын Жажыртай322 деп қояды. Сол Жажыртайдың баласы Түгүтей, Түгүтейдің баласы Бұрбұлшыру, оның баласы Қарқадан, оның баласы Жамұқа323 еді. Бұлар Жадаран руы324 атанды. Әлгі әйел Боданшарға келгеннен кейін тағы бір ұл туды. Оны Бартай деп атады. Бартайдың баласын Жүткелбөк, Жүткелбөктің баласын Маха мет деп атады. Бұлар Манан барин руы атанды. Бүгүнүтейдің үрпағы Бүгүнүт руы, Белгүнүтейдің ұрпағы Белгүнүт руы атанды. Бұқа қатағанның балалары Қатаған руы Бұқашы салжының балалары Салжұт руы атанды. Боданшардың балалары Боржығын руы болды. Боданшар және бір әйел алып, одан да бір ұл туды. Есімі Бәрім шігіртү Қабыш батыр325 еді. Қабыш батыр әкесіне еріп, Боржығын руына қарады. Қабыштың шешесіне еріп келген бір әйелді Боданшар тоқалдыққа алған еді. Одан туған ұлды Жәуіртай деп атады.Мұның балалары Жәуіртай руы болды. Қабыш батырдың баласы Менен тұдұн еді. Менен тұдұнда жеті ұл болған. Кейбір моңғол тарихтарында; Менен тұдұн қайтыс болған соң, оның әйелі Моғлұң ханым билік ұстайды. Сөйткен шақта ол Жалайыр аймағына қарасты бір топ баланы ойнап жүрген жерінде басып кетіп, жаралайды. Бұған Жалайыр тайпасының басшысы қатты ашуланып, Моғлұңның бар жылқысын айдатып алады. Жылқыларының ізімен қуып барған Моғлұңның алты ұлын жалайырлар түгел өлтіреді. Моғлұң ханымды немере-шөбересімен бірге тірі тұяқ қалдырмай қырып салады.
Сол тұста Моғлұңның кенже ұлы Нашын батыр Барғу ұлысынан қалыңдығын алуға Бағыр батырдың тұңғышы Қайду мен бірге кеткендіктен аман қалады. Сонымен қатар Қайдудың Байшыңқор деген алты жасар баласы жасырынып, аман қалған екен. Қайду мен Нашын батыр екеуі елінде мұндай сорақы жағдайдың болғанын естіп, асығыс келіп, Қайдудың баласы Байшыңқорға қастандық жасамасын деп Барғы жеріне жөнелтіп, Нашын батыр әлгі жауыздарды түгелдей жайпап, жылқысын алып, өзі де Барғы жеріне кетеді.
Сонан Барғы, Чихү екеуімен күш біріктіріп, тозғындаған елін топтастырып алады. Қайдуды хан сайлап, өзі уәзір болады. Барғы дариясының жағасына қала салдырып, дарияның үстіне мықты көпір тұрғызады. Дарияның екі жағындағы төрт аймақ туысқандарын түгелдей жинап, көп қол жинап, Жалайыр аймағын шабуға аттанады. Жалайыр жағы жеңіліске ұшырап, қол астына бағынады. Соның нәтижесінде Қайду хан мен Нашын батырдың ұрпағы саналатын бір тайпа солон-дар бүгінге жеткен, — деп жазады.
Жоғарыда айтылған Менен тұдұнның ұлы Қашы күлік, Қашың, Қашиу. Қашұла, Қаралтай, Қашұң, Нашын батыр жетеуі еді. Күліктің ұлы Қайду үйекен руы болды. Қашыңның ұлы Нойғытай ноян мінезді болғандықтан Ноян руы атанды. Қашиудың ұлын Барулатай дейтін еді. Оның денесі ірі, әрі қомағайлығына сәйкес руын Барулас326 деп атайды. Қашұланың балалары да шетінен қомағай болғандықтан үлкен Барулас, кіші Барулас, білгір Барулас, тотай Барулас деген төрт ру болады. Қаралтайдың ұлы Қашун руы болады.
Қашұңның ұлы Адарқыдай алауыз, өсекшіл еді. Сондықтан оны Адарқын руы атапты. Нашын батырдың балалары Ұрутай, Маңғытай дегендер еді. Ұрут, маңғыт руы болды. Нашын батырдың кейінгі әйелінен Шіжітай, Доғылтай деген екі ұл туған. Бұл екеуі Шіжітай, Доғылтай руы аталды. Қайдудан үш ұл бар еді. Байшыңқор тарпаң Чирқай сері, Шаужын ұрыншақ дейтін.Байшыңқор тарпаңның баласы Тұмбынай шешен деген еді. Чирқай серінің баласы Сеңкүн білге, Сеңкүн білгенің баласы Амбағай хан327 бастағандар Тайчығұт руы атанды. Чирқай сері келінін әмеңгерлікке алып, тағы бір ұл тудырады. Оны Бесүт деп атап, Бесүт руы болдырды. Шаужың ның балалары Оранар, Қоңқотан, Арұлат, Сүнет, Қабтұрас, Кенекес деген алтау еді. Бұлар өз-өзінің аттарымен алты жеке ру атанды. Тұмбынай шешеннің балалары Қабұл хан, Қамсошы екеуі еді. Қамсошының баласы Бүлтеші батыр, оның баласы мерген шешен, Қабұл ханның балалары Оқұнбарқақ, Бартан батыр, Құтұқтұ қоңқақ, Құтұла хан, Құлан батыр, Қадан, Тотай отшығын деген жетеу еді. Оқұнбарқақтың баласы Құтұқтұ жүрке, оның баласы Шешебекі,Тайчығұт деген екеу еді. Бұлар Жүркен руы атанады. Бартан батырдан төрт ұл тараған. Оларды Меңкіті қиян, Некүн тәйжі, Мерген ектей, Есүкей батыр, Дәрітай отчығын328 деп бесеу қылып жазады. Бірақ
«Құпия шежіре» кітабында Мерген ектейдің аты аталмайды.
Құтұқтұ қоңқақтың баласы Бөрібөкті еді. Онон өзенінің аралында болған тойда Шыңғыс қағанның інісі Белгүтейдің иығын шауып тастаған, деп жазады.
Құтула ханның үш ұлы болған. Есімдері Жошы, қырмау, Алтын. Олар үйкет руы атанды. Құлан батырдың баласы Ұлы Шереннің екі құлы болған. Есімдері Бадай, Кішілік деген еді. Бұлар кейіннен Шыңғыс қағанның тұсында дархадтардың нояны болған. Қадан мен Тотайдан ұрпақ қалмаған.
Сонан қалың моңғолды Қабұл хан басқарады. Бұл тұста Алтын ұлысының атақ-даңқы дәуірлеп, дайляо ұлысын күйретіп, Сүн ұлысын жаулап алып, Қаруын батысқа бағыттап, Моңғол ұлысының іргесін жіті көздеп тұрған шағы еді. Осы аралықта түстіктегі Қабұл хан да айтарлықтай күш жиып үлгереді. Алтын ұлысының қағаны Қабұл ханның күш жинап жатқанын ести салысымен дереу өз елшісін аттандырады. Қабұл хан Алтын ұлысының ордасына келіп, қағанға жолығады. Алтын қаған оның ерекше күш-қуатты тұрғанын сезіп, әсте сақтықпен қошеметтеп ас береді. Қабұл хан да алдын ала қапысын табу жолдарын аңдып бағады. Бір күні орда асында Қабұл хан мас болып қалып, байқаусызда Алтын қағанның сақалын сипап жібереді. Мұны байқап қалған орда уәзірлері оны өлтірмек болады. Сөйткен тұста Алтын қаған: «Бұл білместіктің ісі, қылмыс емес», — деп Қабұл ханды өлтіртпей, көптеген сый-сияпатпен еліне аттандырып салады. Алтын ұлысының қолбасшы, уәзірлері Қабұл ханмен тіпті өшігіп, оны қазір құртпасақ, уақыт өткеннен соң, ол бізді құртады деп қағанға уәж айтады. Алтын қаған бастабында алыстан келген адамға жылылық танытып, сый-сияпатпен аттандырса да, бұл жолы уәзірлерінің дегеніне көніп, Қабұл ханның соңынан қуғыншы топты аттандырады. Алтын ұлысының қуғыншылары қуып жеткен тұста, Қабұл ханның түсі қашып, «Сендердің қағандарыңның кеше өз қолымен аттандырған адамын, бүгін қуғыншы арқылы қайта қайыртқаны несі?», — дейді. Мұны естіген Алтын ұлысының елшісі оның қайтпас бітімде тұрғанын сезіп, қайта қайтып кетеді. Арада бір- екі күн өткеннен кейін Алтын ұлысынан тағы бі елшілер келеді. Енді бұлардың ішкі қулықтарын сезген Қабұл хан дереу ұлыс, аймақтарына хабаршы жіберіп, қол жинап Алтын ұлысының елшілерін өлтіреді. Бұны естіген Алтын ұлысының қағаны өзінің сенімді қолбасшысы Ху Шаху дегенді әскерімен аттандырады. Ху Шаху моңғолдың шекарасынан өтісімен- ақ жер білмей ары-бері сандалып, әбден тозады. Осыны білген Қабұл хан әскерімен биік таудың басына бекініс жасап, бақылауға алады. Сонан Ху Шахудың әскерінің азығы таусылып, амалсыздан қайтуға бет алған тұста, оларды қуып жетіп, оп-оңай жайпап салады. Осыдан кейін Қабұл хан Алтын ұлысын өзінің қас жауы деп біліп, ат-көлігін тынықтырып, қарулы әскерін жасақтап, бетпе-бет соғысқа дайындала бастайды. Сойтіп Қабұл хан Алтын ұлысымен соғысып, жиырма жеті әскери бекінісін басып алады. Сонан Алтын ұлысының қағаны Сүн ұлысымен келісім жасап, әскеи көмек алады. Солтүстіктегі Моңғолға онға жуық шабуыл жасайды да, Ху Шахудың аяғын құшудан тайсанып, Қабұл ханмен бітімге келеді. Оның басып алған Ши Бингедегі жиырма жеті бекетін сол қалпында қалдырып, оған қоса жыл сайын көлемді мөлшерде қой, сиыр, астық беріп тұруға уәде етеді. Қабұл ханға Моңғол ұлысының Уәңі329 деген атақ береді. Кейбір тарихшылар Ши Бингені — Керулен өзенінің түстігіндегі жерлердің атауы, деседі.
Бұдан кейін Қабұл хан қайтыс болады. Оның жеті ұлы бола тұра ешқайсысына тағын мұралық етпейді. Тайчығұттың Сеңкүн білгесінің ұлы Амбағайды хан тағына отыруды аманат қылады. Сөйтіп Пмбағай таққа отырады.
Сол тұста Қабұл ханның әйелінің баласы Саяндэшін кенет науқастанып, татар аймағынан бір бақсыны шақыртып қаратады. Келген бақсы баланың науқасына төтеп бере алмай, бала өліп қалады да, бақсыны өлтіреді. Бұны естіген татарлар әскер жасақтап, өш алуға аттанады. Оларға қарсы Қабұл ханның алтыншы ұлы Қадан неше мәрте соғысып, басшыларын өлтіреді. Бұдан соң татарлар іштей кектеніп, сырттай айлаға көшіп, Амбағай ханды алдап, бітім жасасады. Бұған сенген Амбағай хан татарлармен құдандал болып, қызын жеткізіп беруге барғанда олардың жасырын дайындаған әскерлері Амбағай ханды қызымен қоса ұстап алып, оларды Алтын ұлысына апарып береді. Баяғы кегін ойлап, Амбағай ханды ағаш есектің арқасына қадап өлтіреді. Бұдан кейін Қабұл ханның төртінші ұлы Құтұла таққа отырады. Ол әкесінің кегін алу үшін Алтын ұлысына қарсы соғыс ашып, әбден әлсіретеді де, Сол екпінімен татарларды да басып алады.
Татарлар ол кезде Бұйр көлі мен Көлін көлінің екі ортасынан ағатын қазіргі Оршұн өзенінің бойын мекен етеді екен. Татарлар моңғолдың бір тайпасы. Қытайлар моңғолдарды кейбір кезде Дада немесе Дагией деп атаған. Осыдан барып татар деген атау шыққан секілді. Қазірдің өзінде Ішкі Моңғолдың арасында аңшы татар, ақ татар деп аталатын моңғол нәсілділер кездеседі.
Құтұла ханның күш-қуатына сай, атақ даңқы да мықты болды. Бартан батырдың балаларының ішінде Есүкейді Құтұла хандай құрметтегені жоқ еді. Ол Есүкейді: «Бұл баланың ерлігі менен еш кем түспейді», — деп мақтап, хан тағын соған қалдырғысы келетінін білдіреді екен. Есүкейді бала кезінен күш- қуатты, садақ атуға, нысананы көздеуге өте мергенүнемі ауыр садақ, жебе ұстайтын, жай адамдардан өзгеше, аң аулауға да өте шебер болған, деседі. Есүкей бір күні Онон өзенінің бойында аң аулап жүріп, меркіт тайпасының Үлкен Шілету дегені олқұнұт тайпасынан қалыңдық алып келе жатқанында тап болады. Сұлу қалыңдыққа көзі түскен ол дереу үйіне келіп, ағасы Некүн тәйжі мен інісі Дәрітай отшығынды ертіп алып, Үлкен Шілетудің қалыңдығын жолдан тартып алады. Бұл Шыңғыс қағанның шешесі Өгелүн еді.
Құтұла хан Алтын ұлысы мен татарларды жаулап жүрген тұста, Есүкей батыр өз аймағына қарасты адамдарды түгендеп, бірге соғысып, татар аймағын ойсырата жеңіп, оның кейбір басшыларын тірідей ұстап, алып келіпті. Осы кезде Құтұла қайтыс болғанымен Есүкейдің сұсынан шошынған татарлар, қайта соғыс болдрмау үшін, оны бітімге шақырады. Бірақ Есүкей алған бетінен қайтпайды. Татарлармен бітімге келуден бас тартады. Сонан кейін татарлармен қайта соғысып, Төмүчин деген батырын тұтқынға алады. Дәл осы тұста Есүкейдің ханымы Өгелүн шешейден Шыңғыс қаған туады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *