ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ФИҚҺ ІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ

ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ФИҚҺ ІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ
Шындығында, Әбу Ханифа Ислам тарихында аты әмбе жұртқа танымал көрнекті тұлға. Барлық мұсылман үмбеті оны үлкен ғалым екендігін бірауыздан мойындаған. Имам Зәхәби кітабында «Әбу Ханифа діни мәселелерді терең білуші фақиһ һәм имам …Риуаяттарды үйренуге ерекше мән берген. Осы мақсатта сапарға да жиі шыққан. Фиқһтағы терең мәселелерді зерттеу бойынша алдына жан салмаған рай саласында шоқтығы биік тұлға. Бұл салада адамдар оған тәуелді»189 десе, тағы бір жерінде «Әбу Ханифаның фиқһ пен оның терең мәселелерін талдауда имам екендігін барлығы мойындайды. Бұл – зәредей күмәнсіз ақиқат»190 деген.
Әбу Ханифа фиқһ ілімін қалыптастырып, жүйелеген, фиқһ мәселелерін алғаш бабтарға бөліп, классификация жасаған, парасат-пайымы биік ғұлама. Ол фиқһ негізін қалап, Ислам әлеміне үлкен еңбек сіңірген әрі ұлы танымал ғалымдарды тәрбиелеген. Осыншалықты ілімді берген Алла оны мұсылман үмбетінің бақытына берген. Ас-Самғанидың айтуы бойынша әйгілі хадис ғалымы әл- Ағмаш бір күні имам ға: «Егер білім талаптану арқылы келетін болса, мен сенен әлдеқайда ғалым болар едім. Бірақ, білім – Алланың беретін сыйы»,191 – деген.
Ислам құқық саласы өзіндік тарихи даму кезеңдерін басынан өткізді десек, оған ерекше үлес қосқан тұлғалар көп. Дегенмен имам Ағзамның алатын орны ерекше. Ғұламалардың арасында бұл туралы мынадай бір тамаша сөз айтылады:
«Фиқһ ілімінің дәнін Абдулла ибн Масғуд екті, имам Әлқама өніп шыққан егінді суарды, Ибраһим ан-Нахағи піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны дирменге тартты, имам Әбу Юсуф оны қамыр етіп иеледі, имам Мұхаммед одан нан пісірді. Міне, барлық халық осы күнге дейін имам Ағзам дайындаған ұннан жасалған нанды жеп келеді».192
Әбу Ханифа іліммен терең айналысуымен қатар сауда-саттығын сенімді досы арқылы жүргізіп отырғаны белгілі. Сондықтан, оған тұрмысқа, саудаға байланыс- ты сан алуан сауал қойылған да болатын. Сансыз сауалдарға шариғат өлшемдеріне сай жауап бере білу үшін де ижтихад жасауына тура келген. Әбу Ханифаның фиқһ тармақтарына қатысты жасаған ижтихадтарының көптігі сонша, кейбіреулер оның санының милионнан асып жығылатындығын айтады. Мәселенки, әл- Баберти Мұхаммед ибн Мұхаммед Акмалуддин өзінің «Әл-иная фи шарһил Һидая» атты еңбегінде Әбу Ханифаның ижтихад жасаған мәселелерінің саны бір милион екі жүз жетпіс мыңнан астам екендігін жазған193. Әбу Ханифаның үкім шығарған мәселелерінің саны қанша екені нақты белгісіз. Дегенмен, басқа фиқһ имам дарымен салыстырғанда әлдеқайда артық екендігі рас.
Ол сабағын ерекше тәсілмен жүргізетін. Бір жағынан, өткен-кеткен жағдайларға қатысты үкімдердің жай-жапсары түсіндіріліп жатса, екінші жағынан, төбе көрсеткен оқиғаларға қатысты үкімдердің қалай шығарылуы керектігі сөз болатын. Болып өткен және осы заманғы жағдайларға байланысты үкімдерді түсіндіріп талдау барысында болашақта орын алуы ықтимал мәселелердің де шешімін табуға тырысатын. Сондықтан, оның сабақтарында

189 Зәхәби, Сияру Ағламин-нубәлә, 6-т., 390-б.
190 Бұл да сонда, 6-т., 403-б.
191 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 105 бет.
192 Ә. Дербісәлі, Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа, 6-бет.
193 З.Кәусари, Нукатут-тарифа фит-тахаддус ан рудуди Ибн Әби Шәйба ала Әби Ханифа, Каир, 1945, 5-б.

өткен мен қазіргі шақпен шектеліп қалмай, болашақта бой көрсетуі мүмкін мәселелер де қарастырылып, сол арқылы фиқһтың негізгі қағидалары қаланған еді.
Ханафи мәзһабының құрылып, кең таралуының басты себептерінің бірі
– Әбу Ханифа мен шәкірттері-нің жинақтаған фиқһтық тәжірибелерінің сол кезеңдердің өзінде хатқа түсіп, одан кейін де жалғасын табуында жатқан болатын. Әрине, кейбір пәтуалардың Әбу Ханифаға дейін де, мәселенки, қазы Шурәйх, Ибраһим ән-Нәхәи мен Хаммад ибн Сүлейменнің фиқһтарында кездесетіні ақиқат, десе де, Куфаға телінетін Ирак фиқһының ең алғаш Әбу Ханифа кезеңінде жүйелі түрде хатқа түсе бастағаны белгілі. Профессор М. Хамидуллахтың атап өткендей, әр бір мәселе «Фиқһ академиясы» және «Кодификация тобы» деп аталған қырық адамнан тұратын арнайы топтың талқысына салынған. Бұл алқаға басқа шәкірттер мен халықтың қатысуына рұқсат берілмеген. Әрбіреуінің көзқарасы «ішек қырындысына» дейін талқыланып, пісірілгеннен кейін барып қана үкім шығарылып, жазбаша бекітілген. Сол алқаға қатысқан он кісінің арнайы хатқа түсіруімен ханафи фиқһының үкімдері жинастырылған194. Ибн Әбил Аууам Әсуадтың баяндағанындай, Әбу Ханифаның білім мәжілістерінде әлдебір мәселенің шешіміне қатысты пікірлер талқыға салынар кезде әуелі кезегімен түрлі пікірлер айтылып, жауаптары берілетін. Соңында шәкіреттері Әбу Ханифаға жүгінетін. Әбу Ханифаның жауабы да олардың айтқан жауабынан алыс кетпейтін. Яғни, Әбу Ханифаның көзқарасы көпшіліктің көзқарасына сай келетін.

Фиқһ ілімінегі орны туралы ғалымдардың айтқандары

Надр ибн Шұмайл былай дейді: «Адамдар фиқһ ілімінің не екендігін ұмытып, бұл тұрғыда терең ұйқыға кеткен еді. Әбу Ханифа осы ілімнің бағыт-бағдарын белгілеп, жүйесін құра отырып халықты күшпен оятып алғандай болды».
Суфян ибн Ғуяйна (Алла рақымына бөлесін): «Пайғамбар өмірбаяны мен жүріп өткен жолын білгісі келген адам Мадинаға, қажылық ғибадатының орындалуын толық меңгергісі келген адам Меккеге, ал фиқһ ілімін игеруді көздеген кісі Куфаға баруы керек. Куфада Әбу Ханифаның шәкірттерінен алыстамауы тиіс», – деген.
Абдулла ибн Мүбарак былай дейді: «Ижтиһадқа байланысты мәселелерде имам Малик пен Суфян әс-Сәуридің сөздеріне жүгінуге болады. Алайда, Әбу Ханифа бұл екі кісіден де асқан фақиһ әрі көзқарастары анағұрлым орынды еді. Фиқһ іліміне терең бойлап, ақиқатына жеткен болатын. Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен табылмаған мәселелерге қатысты имам Әбу Ханифаның сөзі хадистің орнына жүретін».
Суфян әс-Сәури «Әбу Ханифадан дәріс алып келе жатырмын» деген кісіге:
«Демек, жер бетіндегі ең фақиһ кісінің алдынан келе жатырсың деген сөз», – десе, тағы бір сөзінде: «Әбу Ханифаға қайшы келетін адамның дәрежесі одан жоғары әрі ілімі тереңірек болуы керек. Бірақ, бұл заманда ондай адам жоқ қой!»
– дейді.195
Ахмад ибн Ханбал (Алла рақымына бөлесін): «Әбу Ханифа тақуалық пен сақтықта,
194 Али Жума, Мадхал иләл-мәзәһибил-фиқһия, «Дәрус-сәләм» баспасы, Каир, 2004, 90-91-б.; Ахмет Өзел, Ханефи мезхеби, Ислам ансиклопедиси, Стамбул, 16-т., 3-б.
195 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Ислаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. 155-156- бет.

ақыретті таңдауға келгенде ешкімнің бағындырмаған биігіне жеткен. Қаншама қысым мен сес көрсетуіне қарамастан Халифа Мансурдың ұсынған Бас қазылық лауазымын қабылдамаған», – дейді.196
Әл-Хатиб әл-Бағдади ислам ғұламаларының былай дегенін жазады:
«Мұсылмандар бес уақыт намаздан кейін Әбу Ханифаға дұға тілеуі керек. Өйткені ол фиқһ ілімі мен сүннетті қорғап қалды». Ол тағы бір сөзінде: «Әбу Ханифаға құрмет көрсете алмайтындардың бір тобы көре алмай іштарлық ететіндер болса, бір тобы надандық пен білместіктің жетегіндегілер. Екінші аталғандардың жағдайы басқаларына қарағанда жеңілдеу. Надандық пен білместіктен құтылып, фиқһ ілімінің дәмін татқысы келетіндер ханафи фиқһ кітаптарын үздіксіз оқуы керек», – дейді.197
Имам Әбу Юсуф былай дейді: «Әке-шешемнен бұрын ұстазым имам Ағзамға Алладан тілек тілеймін. Ол өзі де ата-анасынан бұрын ұстазы Хаммадқа дұға тілеуші еді. Ілім мен көркем мінезділіктен бойымызға не сіңірсек, бәрін содан үйрендік. Өйткені, оның тұла бойы Алла берген ілім мен шынайы құлшылық, жомарттық пен қанағатшылдық секілді Құранда аталатын барлық көркем мінезге тұнып тұрғандай еді. Өзінен алдыңғы буынның салып кеткен ізін өте жақсы жалғап еді. Өкінішке орай, қазір оның ізін дәл солай жалғайтын ешкім жоқ сияқты болып тұрады маған».
Яхия ибн Адам Ағмаштан: «Нұғман ибн Сәбит туралы жағымсыз сөздер айтатындар туралы не дер едіңіз?» – деп сұрағанда ол: «Бұның себебі өте анық. Ғылымның қыры мен сырын табу былай тұрсын, өз айтқанын өзі түсінбейтіндер не айтпайды дейсің? Оған таңданатын несі бар», – деген екен.
Бұл туралы Әсәд ибн Хаким де бір сөзінде: «Әбу Ханифаға құрмет көрсетпегендер – не білімсіздер, не бидғатшылар», – деген.198
Хадис ғұламаларының сенімді өкілі Әбу Асым ән-Нәбил Даххак ибн Мұхаллад: «Мен үшін Әбу Ханифа Ибн Журайжден де фақиһ. Үкім шығаруда одан асқан ешкімді көрмедім», – дейді.199 Абдулмалик ибн Абдулғазиз ибн Журайж – танымал сахабалардан хадис тыңдаған әйгілі фақиһ әрі тәпсірші тәбиғиндардың бірі.200
Осман ибн Аффан ас-Сижистани имам Ағзамның ғұламалар арасындағы жоғары беделін былай еске алады: «Ирақта қаншама ғалым болса да, күрмеуі қиын мәселелерге тап болғанда өз ойларынан ешнәрсе айтпайтын еді. Имам Ағзамның пәтуасына қайшы келіп қалудан қорқатын. Өйткені, имам Ағзам шариғат мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеп, негізгі дереккөзден дәйегін табатын. Бүгінге дейін оның пәтуаларының бірде бірін дәлелсіз деп тапқан ешкім болған емес».
Мұхаммед ибн Мұзаһим Абдулла ибн Мүбарактың былай дегенін айтады:
«Ел халқының ең көп құлшылық ететін ғабиты Абдулла ибн Әбу Рауад болатын. Дүниенің қызығын тәрк ететін заһидтердің ең алды Фудайл ибн Ғияз еді. Ең үлкен ғалым Суфян әс-Сәури болса, шариғат заңын терең меңгерген ең фақиһ имам Ағзам Әбу Ханифа болатын. Одан асқан фақиһ көрмедім».
Абдулла ибн Дәуіт бір сөзінде: «Тақуалық іздесең Суфян ас-Сауриге бар. Ілімнің тереңдігі мен нәзік тұстарын көргің келсе, Әбу Ханифаның соңынан
196 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Ислаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. 158-бет. 197 Мәуаһиб ар-Рахман,159-бет.
198 Мауаһиб ар-Рахман 166-бет.
199 Мауаһиб ар-Рахман 166-бет.
200 ТДВ Ислам энциклопедиясы, İBN CÜREYC, İsmail Cerrahoğlu, ХІХ 405-бет.

ер. Ал, үмбетке сүннет пен фиқһ ілімін үйреткені үшін, имам Ағзамның жолын ұстану мұсылмандарға уәжіп», – деген.201
Әбу Ғубайд (770-839)202 имам аш-Шафиғидың: «Кімде-кім фиқһ ілімін үйренгісі келсе, имам Ағзам мен оның шәкірттерінің соңынан ерсін. Өйткені, басқа адамдардың барлығы фиқһ (ислам құқығы) саласында Әбу Ханифаның бала-шағасы тәрізді», дегенін өз аузынан естіген. Имам аш-Шафиғи «Имам Мұхаммедтен алған іліміне сүйене отырып, бір түйеге жүк боларлық кітап жаздым» деп бекер айтпаса керек.
Омар ибн Хаммад имам Ағзамның шәкірті Әбу Юсуфтың былай дегенін естіген: «Мен үшін Әбу Ханифа мен Ибн Әбу Ләйланың ғылыми мәжілісіне қатысуға құштарлығым соншалық, маған осыдан асқан ұнамды нәрсе жоқ еді. Әбу Ханифаға жететін фақиһты, Ибн Әбу Ләйлаға тең келердей қазы көрмедім».
203
Аты ислам әлеміне танымал Абдулла ибн Мүбарак: «Алла Тағала мені Әбу Ханифа мен Суфян әс-Сәуридің ілімдері арқылы жарылқамағанда, мен көптің қатарында қала берер едім», – деген.204
Хатиб әл-Бағдадидың дерегі бойныша, Исраил ибн Юнус былай дейді: «Әбу Ханифа өте кемелді кісі. Оның сақтау қабілеті өте жоғары. Фиқһқа байланысты хадистерді түгел жаттаған. Әрі ол хадистерден үкім шығарудың тәсілін ешқандай кемшіліксіз, жоғары деңгейде жүйелеген де сол болатын», – деген205.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *