Фитналы сұрақтардың жауабы

Фитналы сұрақтардың жауабы

Имам Зуфар былай дейді: «Имам Ағзамнан мүминдердің әміршісі Әли мен Мұғауия туралы, олардың арасында орын алған оқиғалар мен қақтығыста қаза болғандарға байланысты сұралғанда, имам : «Алла Тағала мені өз міндеттерім бойынша жауапқа тартады. Олардың істерін менен сұрамайды. Олай болса, ондай сөздерге құмартпаған абзал», – дейтін. Тағы бір сөзінде ол: «Алла Тағала біздің қылышымызды ондай қанға бояудан сақтаған екен, енді біз тілімізді қанға боямайық», – десе, кейде ондай сұрақтар қойылғанда:

«Олар өткен бір үмбеттер, олардың істеген істері өздеріне, сіздердің істеріңіз өздеріңізге тән. Олардың істегендерінен сендер сұралмайсыңдар»464 деген аятты оқумен ғана шектелетін.465
«әр-Рисалада» имам Ағзам сахабалардың арасында орын алған қиын мәселеге қатысты былай деген: «Ал енді пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сахабаларының арасындағы қайшылыққа келер болсақ, олардың жағдайын Алла Тағала бәрінен артық біледі. Сіздің Қыбыла иелеріне қатысты ойыңызда осылай деп ойлаймын. Өйткені, пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сахабаларының арасындағы мәселе – сүннетті, фиқһты жақсы білушілер ғана пікір айта алатындай күрделі. (Діндегі) Бауырыңыз Ато бин Әби Рабахқа (Алла оны рақымына бөлесін!) бұл істі суреттеп бергенімізде ол: «Бұл – пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сахабаларының мәселесі» – деп жауап берген болатын. (Діндегі) Бауырыңыз Нәфиғ та осылай ойлаған бірақ, (Абдулла) Ибн Омардың көзқарасы басқаша еді.
462 «Мәида» сүресі, 8-аят. 463 әл-Алим уәл-мутааллим 464 Бақара сүресі, 134-аят.
465 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 74-бет.

Және Сағид бин Жубайрдың сөзіне сүйенген Сәлім: «Бұл – пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сахабаларының ісі» – деген. (Діндегі) Бауырыңыз Нәфиғ та осы жайлы: «Бұл – Абдулла ибн Омардың (Алла оларға разы болсын) мәселесі» – деген. Бұған қатысты Абдул Кәрім Тауыстан, ол өз кезегінде Ибн Аббасқа (Алла оларға разы болсын) сүйене отырып: «Бұл оның (Абдулла бин Омардың) өзінің мәселесі»466, – деген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *