Сәләфқа тіл тигізбейтін

Сәләфқа тіл тигізбейтін

Әбу Ханифа Меккеге әр сапарында Ата ибн Әбу Рабахпен жолығып тұратын. Ең алғаш мәрте жолыққан кезде араларында мынадай әңгіме өрбіген. Ата одан:
– Сен қайдан боласың? – деп сұрайды. Әбу Ханифа:
– Куфа қаласынанмын.
– Ә-ә, әртүрлі дінді ұстанып, сан алуан топтарға бөлінген жерден де!
– Иә, сол жерден.
– Қай топтансың?
– Мен сәләфқа (сахабалар мен табиғиндер) тіл тигізбейтін, тағдырға сенетін, біреуді күнә істегені үшін кәпір санамайтын топтанмын, – деп жауап берген екен467. Ілімінің тереңдігі мен тақуалығына тәнті болған Әбу Ханифа
«Атадан артық адам көрген емеспін»468 деген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *