Суфян әс-Сәури қалай бағалады?

Суфян әс-Сәури қалай бағалады?

Әбу Заида былай дейді: «Суфянның алдына барған кезімде, оның бас жағында тұрған кітапқа әлсін-әлсін қарап отырғанын көрдім. Одан рұқсат сұрап, оның қандай кітап екенін көргім келді. Қарасам, имам Ағзамның «Раһн»267 кітабы екен.
264 Кәсәри, Танибул-Хатиб, 180-б.
265 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 3-бет.
266 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 3-бет.
267 Өзінің алған қарызын уақытылы төлеп тұратынын растау үшін берешек адамның қарыз берушіге өз қорақопсысын немесе мал мүлкінің бір бөлігін белгілі бір мерзімге дейін, яғни алған қарызынан құтылғанша беруі.

Мен таңдана: «Сізде имам Ағзамның кітабын пайдаланасыз ба?» – дедім. Ол:
«Әттең, оның кітаптарының бәрі болғанда ғой! Ол ғылымның шыңына шыққан адам. Бірақ, біз оны жете бағалай алмай жүрміз», – деген еді».268 Сондықтан да имам Әбу Юсуфтың: «Суфян әс-Сәури имам Ағзамға менен де көбірек ұйыйтын еді», – деген болатын.269
Имам Харис бір күні ас-Самғанидың былай дегенін айтады: «Суфян менің имам ның ілім мәжілісіне қатысып жүргенімді жақсы білетін. Алдына келгенімде ол менен үнемі: «Бүгін қандай мәселе талқыланды?» – деп сұрайтын. Мен оған көтерілген мәселені, оның қалай талқыланып, қандай шешім шығарылғандығын айтқанымда, ол таңданысын жасырмай: «Ізгілік пен ілімнің жолын осы кісі ашты», – дейтін еді».270

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *