Мұсылманды күпірлікпен айыптау (тәкфир)
Әбу Ханифа бойынша, адамдар өз сөздеріне қарай, ғибадат түрлеріне және діни рәміз болып табылатын киім киістеріне қарай кәпірге саналатын456. Мүмин екенін айтумен қатар, иләһи сипаттарды жоққа шығаратын немесе жаратылыстардың сипаттарына ұқсататын, тағдырға сенбейтін, Құранда ашық белгіленген үкімдерді мойындамаған, күнә істеуді халал санаған, Құранның бір әрпін болса да мойындамаған адам кәпір болып табылады. Алайда, Құранды тәпсір немесе тәуил (жорамал жасап түсіндіру) жасау арқылы үкім шығаратын немесе пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тән деп айтылатын хадистерде келген кейбір сенім негіздерін қабылдамаған адамды кәпір санауға
452 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 156-157-б.
453 Ибн Хиббан, Китабул-мәжрухин, 3-т., 15-б.
454 Фиқһул-әкбар, 9-б. Хайдарабад басылымы
455 А. Өзтүрік, имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве есерлери, Шәмил баспасы, Стамбул, 2010, 114-б.
456 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-мутааллим, 24-б.
болмайды457. Әбу Ханифаның «әл-Фиқһул-әкбар» кітабында осыған сай мынадай сөз бар: «Мейлі үлкен күнә істесе де, ол істеген үлкен күнәсін халал санамайынша, оны кәпір деп айта алмаймыз. Мұсылман деген атты одан алып тастай алмаймыз. Біз оны мүмін деп атаймыз». Олай болса, кәлима шәһадат айтып жүрген мұсылманның ең үлкен қателігі – күнә ісі үшін мұсылман бауырын діннен шығарып, оны кәпір санауы.
Мына төмендегі оқиға имам Ағзамның иман түсінігінің қандай болғанын көрсетеді. Бір күні Әбу Ханифа мешітте отырғанда «Күнә жасаған мұсылман кәпір болып мәңгілік тозаққа түседі, мұсылман саналмайды» дейтін харижиттердің458 бірі қаруын асынып, баса-көктеп Әбу Ханифаның үстіне кіріп келеді де былай дейді:
– Мешіттің алдында екі мәйіт жатыр. Бірі арақтан өлген ер кісінікі, екіншісі зина жасаған әйелдікі. Жүкті болып қалғанын білгеннен кейін асылып қалған. Бұл екеуіне қатысты не айтасыз?
Әбу Ханифа олардан:
– Бұл екеуі иудей ме? – деп сұрайды.
– Жоқ, – дейді харижит.
– Христиан ба?
– Жоқ.
– Пұтқа табына ма?
– Жоқ.
– Сонда қай үмбеттен?
– «Алла Тағаладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» дейтін өзіміздің мұсылман, – деп жауап берген харижитке:
– Куәлік кәлимасы иманның қаншасын құрайды? Үштен бірі, төрттен бірі, мүмкін бестен бірі шығар? – деп сұрайды.
– Иманның үштен, төрттен, бестен бірі болмайды. Иман біртұтас, ол бөлінбейді.
– Иманның қаншасы сонда?
– Тұтасы.
– Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың мұсылман екенін айттыңдар, – деп Әбу Ханифа өз ауыздарымен олардың мұсылман екенін айтқызады. Артынша жауап таба алмаған Харижиттер:
– Сен мұны қой. Олар жаннаттық па, әлде жәһәннәмдық па? – деп, Әбу Ханифаны сүріндірмек боп бастырмалай береді.
– Бұл жайында айтарым мынау, – дейді имам Ағзам саспастан, – Ибраһим (а.с.) бұл екеуінен де зор күнә істеген қауымы үшін Алладан: «Уа, Алла Тағалам! Маған мойынсұнғандар менен. Маған қарсы шыққандарға Сен кешірімді әрі рақымдысың»459 – деп кешірім тілеген. Иса пайғамбар (а.с.) да:
«Уа, Алла Тағалам! Егер оларды азапқа салсаң, олар Сенің құлдарың. Егер кешірсең, Сен мейірбан әрі рақымдысың»460, – демеп пе еді. Сендерге оларды соншама айыптайтындай не көрінді? – деген екен. Осылайша, Әбу Ханифа оларға мәселенің шешімін Құран кәрімнің дәлелдерімен егжей-тегжейлі түсіндіріп береді. Орынды уәжге жығылған харижиттер қаруларын тастап, кейін қайтты461.
457 Әбу Ханифа, әл-Фықхул-әбсат, 37-38 б. Баязизаде, сонда. 105-106, 149, 200,
278, 307-б.
458 Ислам дініндегі шектен шыққан ағым
459 «Ибраһим» сүресі, 36-аят 460 «Маида» сүресі, 118-аят 461 Әбу Захра, 36-б.