Көзге аян ілім, сопылық жолының перделері

Көзге аян ілім, сопылық жолының перделері
Жоғарыдағы айтылған тараулардан діл ғаламының шарапаттары мағлұм болды. Сопылық жолынан да хабардар болдың. Енді бұларды білгеннен соң, сырт көзге аян беріп, Тасаууф жолындағы (сопылық) перделерін аңғарған соң – хабарың болсын, көзге анық аян ілім – сопылық жолының пердесі дер. Бұл сөзге таңданбағын, бұл сөз ақиқат шындық. Бұл құрметпен сезім жолы арқылы шұғылданып тереңге шомсаң, әлбетте, перделерді көресін. Ақиқатына келсек, діл мысалы, су-қойма һәуізге ұқсар, оның қалауы бес сезім сияқты бес арыққа ұқсар. Бұл арықтармен һәуіз сияқты көңілге де су кірер. Егер көңіл қалап һәуіз түбінен таза су шықсын десең, оның жолы һәуізге кіретұғын арықтарды бекем байлағын. Оның ішіндегі суды шығарып тастағанда, түбін терең кеулесең таза су шығар. Дәл осыған ұқсас көзге аян ілімдер діл айнасының талабы бойынша бес сезім колымен пайда болар. Мұнымен шұғылданбаса, діл тереңінен ілім бұлағының шығуы мүмкін емес. Сондықтан діл айнасының қалау талабына сай, оның жолы мәлім болатын деректерден хабардар болып, һәуіз-ділдің түбін қиыншылық кетпенімен қазған жағдайда, әлбетте, таза білім бұлағының көзі ашылып, айнасы жақыннан болар. Сонымен көзге аян ілім жолының перделенуінің себебі сол екен, уақытында кісі ақылы, орындалатын жол-жорық және жұртшылықтың көзқарас әдет-ғұрпын толық білсе, оны басшылыққа алса, одан үлкен, басқа ілім жоқ. Егер көңілге ақиқат жағынан көктем гүлдерінің иісі сезілсе, бұл мен білген ілімдерге кереғар деп айтар едім. Бұл сияқты істер негізсіз. Сонымен бұл сияқтыларға ақиқат әр уақытта мәлім бола бермес және орындалуы шарт ақыл, сүннәт және жамағаттың қалыптасқан әдетғұрып аңыздарға негізделген. Соқыр сезімдер, жалпылап айтқанда, халықтық ақиқат қалыбында болып көрініс табар. Бірак, ол шын мәніндегі ақиқат емес және білім деген сол болар, ақиқат сол бір қалыптан бойын тіктер. Сондықтанда ол сыртқы қабықтың ішіндегі маңызы сияқты.

 

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *