Имам Малик Әбу Ханифаны қалай бағалаған

Имам Малик Әбу Ханифаны қалай бағалаған

Мадинада пайғамбар мешітінде, Халифа Омар (р.ғ.) кезінде үмбеттің мәселелерін талқылап шешкен құтты орында жылдар бойы дәріс оқыған әйгілі ғалым, Мәлики мәзһабының негізін қалаған имам Мәликтен (712-795) ілім алып жүрген имам Шафи (767-820) бір күні «Сіз Әбу Ханифаны көрдіңіз бе?» – деп сұрайды. Сонда имам Мәлик жауап ретінде былай дейді: «Ол мына бағананы (жанында тұрған бағананы нұсқап) алтын десе, сөзіне сендіріп, дәлелдей алатындай дарын иесі еді». Кейбір хадистанушы ғалымдар арасында имам Мәликтің осы сөзіне бола, «Бұл сөзімен өзінің сенімділігін жоғалтты. Имам Мәликтей тұлғаның бұлай айтуы орынсыз», – деп қарсылық білдірушілер болған. Көптеген хадистанушы ғалымдар осыған байланысты мынадай жауаптар берген:
«Мұндай сөздер көркем әдебиетте, бейнелеу өнерінде қолданылады. Тіпті, Құран Кәрімде Алла Тағала: «Түйені иненің көзінен өткізбейінше олар (кәпірлер) жаннатқа кірмейді (мұсылман болып, сенбейді)», – деген.273 Міне сондықтан ол Әбу Ханифаның асқан даналығын бағалап, әдебиеттік тіл қолданған. Имам Мәликтің сенімділігін жоятындай ештеңе жоқ. Ол өте ұстамды ғалым».274

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *