Имам Ағзам Әбу Ханифаның асыл қасиеттері туралы жазылған әдебиеттер (манақибтар)

Имам Ағзам Әбу Ханифаның асыл қасиеттері туралы жазылған әдебиеттер (манақибтар)

Ханафи мәзһабының дамуы мен таралуы барысында имам Әбу Ханифаның өмірі мен оның ізгі қасиеттерін қамтитын еңбектер өте көп жазылған. Катиб Челеби өзінің «Кашф аз-Зунун» атты еңбегінде осындай әдебиеттердің отызға жуығын атап өтеді. Кейінгі кезде де осы тақырыпта жазылған кітаптар аз емес. Солардың арасынан зерттеушілер үшін басты дерек ретінде саналатын имам Ағзам Әбу Ханифаның асыл қасиеттерін баяндайтын еңбектердің ең негізгілерін атап өтпекпіз.
Басылып шыққан әдебиеттер қатарында:
1. Әбу Юсуф Яқуб ибн Ибраһим әл-Ансаридың (?-799) «Ихтилафу Әби Ханифа уә Ибн Әби Лайла» атты еңбегі 1938 жылы Каирде басылған.
2. Әбу Бакр ибн Әбу Шайбаның (?-850) «Рудуд ала Әби Ханифа» атты еңбегі. Мұхаммед Заһид әл-Кәусари баспаға дайындауымен 1941 жылы Каирде басылған.
3. Хусайн ибн Али ас-Саймаридың (?-1045) «Ахбару Әби Ханифа уә асхабиһ» атты еңбегі. 1974 жылы Хайдарабадта, 1976 жылы Бейрутта басылған.
4. Ибн Абдулбарр ан-Намари әл-Қуртуби әл-Маликидың (979-1071) «әл- Интиқа фи фадаил ас-саласа әл-аимма әл-фуқаһа» атты еңбегі. 290
5. Муаффақ ибн Ахмад әл-Макки әл-Хорезмидың (1092-1173) «Манақиб Әби Ханифа» атты еңбегі. 1904 және 1908 жылдары Хайдарабадта, 1981 жылы Бейрутта басылған.
6. Хафизуддин Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Баззази әл-Кердери (1092-
287 Хашим Шаһин. Манақибнаме, TDV İslam ansiklopedisi, 29-том. 112-113 бет.
288 Нежат Тосун. Ахмет Ясауинин менакиби, Ислам зерттеулері журналы, ІІІ-том, 73- 81 бет, Стамбұл, 1988.
289 ТДВ Ислам энциклопедиясы, Ебу Ханифе, Али Бардакоғлу, ХХІХ-том, 112-114- бет.
290 ТДВ Ислам энциклопедиясы, Ебу Ханифе, Али Бардакоғлу, х-том, 145-бет.

1173) «Манақиб Әби Ханифа» атты еңбегі. 1904 және 1908 жылдары Хайдарабадта басылған.
7. Иса ибн Әбу Бакр ибн Әюбтың (?-1227қ.) «ас-Сахм әл-мусиб фи рад ала әл-Хатиб» атты еңбегі. 1932 жылы Каирде басылған. «Китаб ар-рад ала Әби Бакр әл-Хатиб әл-Бағдади» деген атпен 1985 жылы Бейрутта басылған.
8. Сибт ибн әл-Жаузидың (?-1256) «әл-Интисар уа ат-таржих ли мәхһаб ас-сахих» атты еңбегі. Мұхаммед Заһид әл-Каусаридың дайындауымен 1941 жылы Каирде басылған.
9. Аз-Заһабидың (1275-1348) «Манақиб Әби Ханифа уа сахибайһ» атты еңбегі. 1947 жылы Каирде басылған.
10. Әл-Баззази әл-Кердеридің (?-1424) «Манақиб имам Ағзам Әби Ханифа» атты еңбегі. әл-Маккидың еңбегімен бірге 1904 жылы Хайдарабадта, 1981 жылы Бейрутта басылған. Мұхаммед ибн Омар әл-Халаби Осман түрікшесіне аударған. Қолжазба нұсқалары Түркия кітапханаларында сақталған.
11. Ас-Суютидың (1445-1505) «Тәбииз ас-сахифа фи манақиб имам Әби Ханифа» атты еңбегі. 1900 және 1916 жылдары Хайдарабадта басылған.
12. Мұхаммед ибн Юсуф аш-Шамидың (?-1536 қ.) «Уқуд әл-Жұман фи манақиб Әби Ханифа ан-Нұғман» атты еңбегі 1979 жылы Меккеде басылған.
13. Ибн Хажар әл-Һайтамидың (1504-1566) «Хайрат әл-хисән фи манақиб ан-Нұғман» атты еңбегі. 1887, 1894, 1908 жылдары Каирде, 1983 жылы Бейрутта басылған.
14. Али әл-Қаридың «Манақиб имам Ағзам» аты еңбегі 1332 (1914) жылы Хайдар абатта басылған.
15. Мұхаммед Мұртаза аз-Забидидың «Уқуду әл-жауаһир әл-мунифа фи әдиллә мәзһаб имам Әби Ханифа» атты еңбегі, 1873 жылы Александрияда, 1892 жылы Стамбұлда басылған.
16. Нұриддин Мұстафа ибн Мұхаммед Әмин әл-Хусейни, «әл-Маталиб әл- мунифа фи забби ан имам Әби Ханифа», Бағдат, 1990 жыл.
17. Мұхаммед Заһид әл-Кәусәридың «ән-Нуқта ат-Тағрифа фи тахаддус ан рудуд ибн Әби Шайба ала Әби Ханифа» атты еңбегі Каирде 1946 жылы, «Ақуам әл-масалик фи бахси риуаяти Мәлик ан Әби Ханифа» деген еңбегі 1941 жылы Каирде «Тәнбиһ әл-Хатиб ала ма сақаһу фи таржамати Әби Ханифа мин әл- Аказиб» деген еңбегі 1942 жылы Каирде, 1981 жылы Бейрутта басылған.
18. Абдуләууәл әл-Канпури, «ан-Науадир әл-мунифа би Манақиб әл-имам Әби Ханифа» 1893 жылы Канпурда басылған.
19. Мұхаммед Али ибн Ғулам Мұхаммедтің «әл-Жауаһир әл-арбаға» 1856 жылы Үндістанда басылған. Бұл еңбек парсы тілінде жарық көрген.
20. Абдулқуддус әл-Қадири әл-Бенгалуридың «Тазкират ан-Нуғман» атты еңбегі 1894 жылы Бенгалурда басылған.
21. Ахмад Рашид Паша, имам Ағзамның сияси Тержумеи хали 1910 жылы Стамбұлда басылған.
22. Шамсуддин Сиуаси, «Манақиб имам Ағзам» (дастан), Стамбұл 1874 жылы Стамбұлда басылған.
23. Зафар Ахмад ат-Таханауи, «Әбу Ханифа уа асхаб әл-мухаддисун». Иғлаус-сунан атты еңбегінің 1-томына енген.
Қолжазба күйінде сақталғандары да жетерлік. Дегенмен кең таралып, көп нұсқасы сақталғандарының арасынан мына еңбектерді атап өтуге болады:
1. Абдулла ибн Хусейн ән-Насихи, «әл-Мухталаф байна Әби Ханифа уа аш-Шафиғи».

2. Әбу Исхақ аш-Ширази, «әл-Мухтасар фи мухталаф фиһи Әби Ханифа уа аш-Шафиғи».
3. Әбул-Фадл Бакр ибн Мұхаммед аз-Заранжири, «Манақиб Әби Ханифа».
4. Садруддин Муаффақ ибн Мұхаммед әл-Хасси, «әл-Ибана фи ар-рад ала ман шаннаға ала Әби Ханифа».
5. Шамс әл-әимма әл-Кердери, «Жамғ әл-Манақиб уа әл-манғ әл-масалиб».
6. Абдулғазиз әл-Бұхари, «Рисала фи тахтиғат әл-имам әл-Ғазали Әба Ханифа».
7. Бабарти, «ан-Нуқат аз-зарифа фи таржих мазһаб Әби Ханифа».
8. Әбул-Қасым Абдулғалим ибн Абу Қасым, «Қалаид ад-дурар уа әл-иқян фи манақиб Әби Ханифа ан-Нуғман».
9. Али әл-Қари, «Рисала фи ар-рад ала ман зайяфа мазһаб Әби Ханифа». Бұл еңбек имам әл-Харамайн әл-Жуайнидың Ханафи мәзһабын сынауына қатысты жауап ретінде жазылған.
10. Шаһабуддин Ахмад ибн Мұхаммед әл-Хамауи, «Тазһиб ас-сахифа би нусрати әл-имам Әби Ханифа».
11. Абу Жағфар Ахмад ибн Абдулла аш-Ширази, «Рисала фи әл-жауаю әл- иғтиразат әл-мухалифин ли Әби Ханифа».
12. Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Билал, «Рисала фи таржих ма заһаба илайһи Әби Ханифа».
13. Ибраһим ибн Хусейн ибн Ахмад Пирзада, «Рисала фи мәзһаб әл-Имам».
14. Мұстақимзада Сүлеймен Сағдуддин ибн Мұхаммед, «Манақиб имам Ағзам».
15. Әбул-Аббас Ахмад ибн Салт әл-Химмани, «Фасл фи манақиб Әби Ханифа». Бұл еңбек – Әбу Ханифа туралы жазылған ең алғашқы манақиб деп есетелінеді.
16. Атиқ ибн Даут әл-Ямани, «Китаб әл-Баян уал-Бұрһан фи жумалин мин фазаил имам Ағзам».
17. Хатиб әл-Бағдади, «Манақиб әл-Имам Ағзам».
18. Әбул-Хасан ад-Динуари, «Манақиб Әби Ханифа уа асхабиһ».
19. Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Нақиб, «Манақиб имам Әби Ханифа».
20. Әбу Лайс Мұхаррам ибн Мұхаммед аз-Зайлағи, «Манақиб Әби Ханифа уа сахибайһ Әби Юсуф уа Мұхаммед».
21. Нұх ибн Мұстафа ар-Руми, «ад-Дурар әл-мұназзам фи манақиб имам Ағзам».
22. Абдулғафур ибн Хусайн ибн Али әл-Әлмағи, «Манақиб Әби Ханифа».
Жоғарыдағы әдебиеттердің жазылған кезеңдеріне қарап отырсақ манақиб еңбектерінің жарық көруі сонау имам Ағзамның заманынан бері үзілмей жалғасып келе жатқанын көреміз. Осы үрдіс соңғы кезеңдер де жалғасқандығын мына еңбектерден байқауға болады:
1. Сейд Афифи, «Хаяту имам Әби Ханифа», Каир. 1931 ж.
2. Абдулхалим әл-Жунди, «Әбу Ханифа батал әл-хуррия уа ат-тасамух фи әл-ислам», Каир, 1945ж.
3. Мұхаммед Әбу Заһра, «Әбу Ханифа хаятуһу уа асруһу уа фиқһуһу», Каир, 1947ж, 1965ж.
4. Мұхаммед Юсуф, «Әбу Ханифа уа қиям әл-инсания», Каир, 1957.
5. Мұхаммед Шибили Нұғмани, «Сират ан-Нұғман», Урду тілінде. Нию Дели, 1988 ж.

6. Омар ибн Исхақ әл-Һинди, «әл-Ғуррат әл-мунифа фи тахқиқ әл-имам Әби Ханифа», Бейрут. 1986.
7. Мұхаммад Рида әл-Хакими, «Levle’s-senetân le-heleke’n-Nu’mân». 1985.
8. Хатиб Ахмад Кирнауи, «Әбу Ханифа уа асхабуһ», Бейрут, 1989.
9. Уаһби Сүлеймен Ғауажи, «Әбу Ханифа ан-Нуғман имам әимма әл- фуқаһа», Дамаск 1987.
10. Ғинаятулла Иблағ, «әл-Имам әл-Ағзам Әбу Ханифа әл-Мутакаллим», Каир, 1987ж.
11. Мұстафа аш-Шакға, «әл-Имам әл-Ағзам Әбу Ханифа ан-Нуғман», Каир, Бейрут 1983.
Сондай-ақ, Араб елдері мен Түркияда да осы тақырыпта бірқатар диссертациялар қорғалған. Айта кететін бір нәрсе, тарихи деректерде аталып, қолжазба қорлары мен кітапханаларда нұсқалары сақталмаған көптеген әдебиеттер бар.291

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *