Имам Ағзам үкім шығаруда сахабалардың сөзі мен ісіне көбірек жүгінетін

Үкім шығаруда сахабалардың сөзі мен ісіне көбірек жүгінетін

Фиқһ ғалымдарының анықтамасы бойынша сахаба – пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көзін көрген, оған иман келтірген және онымен көп уақыт бірге болған достарына берілетін атау232. Осы анықтамаға орай әділетті төрт халифа, пайғамбарымыздың жұбайлары, Әбу Хұрайра, Абдуллаһ ибн Мәсғұд, Абдуллаһ ибн Аббас, Зәйд ибн Сәбит секілді Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Мұстафаға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) иман келтіріп, онымен ұзақ уақыт бірге болған, іс-қимылдарын, ғибратты ғұмырына куә болған, сөздерін көкейлеріне тоқып, ізгі қасиеттерін бойларына сіңірген мұндай адамдар сахаба233 деп аталады.
Сахабалар – пайғамбарымыздың көзін көрген, оған ең жақын адамдар.
226 әз-Зәхәби, Манақиб, 24-б.
227 «Тур» сүресі, 27-аят
228 Сәймиари, Ахбару Әби Ханифа уә асхабиһи, 43 б
229 Сәймиари, Ахбару Әби Ханифа уә асхабиһи, 43-б.; әз-Зәхәби, Манақиб, 23-б.
230 Мауаһиб ар-Рахман 182-бет.
231 Әбу Захра, Әбу Ханифа 266-б.
232 Хадис мамандарының анықтамасы бойынша, олардың пайғамбарымызбен ұзақ уақыт бірге болуы шарт емес. Пайғамбарымызды бір рет көріп, оған иман келтірген кісілерді сахаба деп атаған. Кейбір фиқһ ғалымдары да осы көзқарасты қолдағанымен, көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша мұндай кісі сахаба болып саналмайды. Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі, 53-60-б.
233 Араб тіліндегі жекеше түрі сахаби, көпше түрі сахаба. Тілімізде сахаба деу әдетке айналғандықтан жекеше түрдегі сахаби сөзінің орнына көпше түр формасындағы сахаба сөзін жекеше түрді білдіру мақсатында алдық.

Олар – пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге болып, уахидің түскеніне куәлік етіп, шариғаттың негізгі мақсаттарын ең жақсы түсінгендер. Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадисінен кейін ең сенімді сөздер соларға тән. Олардың қияспен амал еткен қандай да бір көзқарасы біздің тереңнен толғап, алыстан сермеген ойымыздан артық. Өйткені, сахабалар – Ислам фиқһын кеңінен таратқан ең алғашқы ұстаздар. Олар – жер әлемге Ислам нұрын шашқан жұлдыздар шоғыры. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалар жайында: «Сахабаларым аспандағы жол көрсететін жұлдыздар іспетті. Олардың қайсыбіріне ілессеңдер, хақ жолын табасыңдар»234 – деп, олардың тура жолда болатындықтарын қадап айтып кеткен. Және басқа бір хадисінде «Ғасырлардың ең жақсысы – менің ғасырым» деп өз ғасырында өмір сүрген иманды сахабалардың дәрежесінің жоғары екендігін білідірген.
Құран аятында Алла Тағала «Мұһажирлер мен ансарлардан алғашқы иман келтіргендерге және жақсылықта оларға ергендерден Алла разы болды»235 деген. Алла Тағала мұһажирлер мен ансарларды және оларға ергендерді мақтап, мадақтауда.
Сахабалар жайында имам Шафиғи бір сөзінде: «Олар ілімде, тақуалықта, ижтихадта, ақылда және барлық жағынан дәрежелері жоғары. Олардың көзқарастары біздің көзқарастарымыздан абзал»236, – деген.
Имам Әбу Ханифаның сахабалар көзқарастарын алып, солардың айтқан өлшемдерінің шеңберінен шықпай жүруі, оларға сеніп, құрмет етуі үкімдерінің тек қана өз ойынан шықпағандығын көрсетеді.
Имам Ағзам Әбу Ханифа діни үкім шығаруға қатысты өз сөзінде: «Мен ең әуелі Алланың кітабымен, сосын пайғамбарымыздың сүннетімен амал етемін. Одан кейін әуелі сахабалардың келіспеген тоқтамдарынан бұрын бірауыздан келісімін берген байламдарына үңілемін. Содан кейін барып қана қияс жасаймын»237 деген Әбу Ханифа осы дәстүрден ауытқымаған, дәлелдерге ерекше мән берген, діни мәселелерге үлкен жауапкершілікпен қараған мүжтәхид болатын.
Осылайша, Әбу Ханифа сахабалардың сөздерін дәлел деп тапқан. Әрине, сахабалардың бәрінің дәрежесі бірдей емес еді. Олардың арасында дінді терең меңгеріп, үкім шығаруда ерекше қабілеттерімен танылғандары да бар еді.
Осыған орай, фиқһ ғалымдары сахабалардан келіп жеткен пәтуалардың Құран, сүннет, ижма мен қияс секілді діни үкімнің негізі саналып-саналмайтындығына қатысты түрлі пікір білдірген. Жалпы, рай және ижтихад жасау арқылы анықтауға келмейтін мәселелерде оның дәлелге саналып, онымен амал ету қажеттігіне барлық ғалымдар келіскен238.
Үмбеттің ортақ ше

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *