Имам Ағзамның басқа имам дардан ерекшеліктері

Имам Ағзамның басқа имам дардан ерекшеліктері

Ол сахабалармен жүздесіп, пайғамбарымыздың «Мені көргендер мен мені көргендерді көргендер және оларды көргендер қандай бақытты» деген сүйіншілі сөзі арналған бақытты жандардың қатарында. Ол «Ғасырлардың ең қайырлысы
– менің ғасырым. Одан кейінгі қайырлысы менен кейінгілердің ғасыры» деген хадисте айтылған мақтаулы шақта дүниеге келген. Ол – алдыңғы қатардағы ғұлама табиғиндердің кезінде ижтиһад жасап, пәтуа берумен айналысқан. Бір риуаятта әйгілі хадис ғалымы Ағмаш қажылыққа барарда Әбу Ханифаға адам жіберіп, қажылық рәсімдерін жазып беруді өтінген. Әрі басқаларға: «Қажылыққа байланысты үкімдерді Әбу Ханифадан үйреніңдер. Себебі, парыздар мен нәпілдерді одан артық білетін ешкім жоқ», – деген.
Замандасы танымал ғалым Амр ибн Динар Әбу Ханифадан хадис риуаят еткен. Тарихта имам Ағзамның шәкірттеріндей шәкірт тәрбиелеген бірде-бір имам болмаған. Имам Уакиғтың жанында бір кісі әдептен аттап: «Әбу Ханифа пәлен мәселеде қателескен», – депті. Сонда Уакиғ әлгі адамның бұл әрекетін қатты сөгіп: «Мұндай сөзді айтқандарға «күдіксіз олар » дегеннен басқа сөз жоқ болар сірә», – деген екен.
Ол ислам ілімдеріне де ерекше маңызға ие фиқһ және ақида ілімінің негізін
206 Мауаһиб ар-Рахман, 141-143-беттер.
207 Мауаһиб ар-Рахман, 160-бет.

қалап, оның жинақталуына, қағаз бетіне түсіп, жүйеленуіне түрткі болған. Оған дейін жүйеленбеген сенім мен шариғатқа байланысты үкімдер ауыздан ауызға таралып келген. Осы қайраткерлігін ғалымдар Әбубәкір Сыддықтың(Алла разы болсын) Құранды жинақтауға бастамашы болуына ұқсатады.
Оның мәзһабы дүниеге кең тарылғаны соншалық басқа мәзһабтар таралмаған шалғай аймақтарға жайылған. Пайғамбарымыздың сүйіншісіне қауышқан әйгілі Осман мемлекетінің сұлтандары да осы мәзһабты ұстанған208.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *