Ибн Касирдің айтундағы имам Ағзам

Ибн Касирдің айтундағы имам Ағзам

Хафиз Ибн Кәсир деген атпен танылған әйгілі ғалым Әбул-Фида Исмил ибн Омар ибн Кәсир «әл-Бидая уа ан-ниһая» атты көлемді еңбегінде хижраның 150 жылы қайтыс болған кісілерді айта келіп, Әбу Ханифа туралы былай дейді:
«Имам Ағзам да осы жылы қайтыс болды. Оның шын аты Нұғман ибн Сәбит еді. ат-Тайм тайпасынан шыққан. Куфада ғұмыр кешкен ол – ислам имам дарының алды, Ирак аймағының фақиһы, мәзһаб имам дарының бірі болған. Мәзһаб имам дарының арасында ең алғаш қайтыс болған сол кісі еді. Өйткені ол сахабалардың көзін көрген. Әнәс ибн Мәликті және бірнеше сахабаны көргендігі айтылады. Кейбіреулер оның жеті сахабадан хадис риуаят еткендігі жайлы дерек келтіреді.
Әл-Хакам, Хаммад ибн Әбу Сүлеймен, Сәләма ибн Кухайл, Амир аш-Шағби, Икрима, Ата, Қатада, аз-Зуһри, Ибн Омардан азаттық алған Нафи, Яхя ибн Сағид әл-Ансари және Әбу Исхақ ас-Сәбиғи қатарлы көптеген ғалым табиғиндерден хадис риуаят еткен.
Әбу Ханифаның ұлы (Хаммад) Ибраһим ибн Тахман, Исхақ ибн Юсуф әл- Азрақ, Қазы Әсәд ибн Амр, Хасан ибн Зияд әл-Лулу, Хамза аз-Зайяд, Дауут ат- Таи, Зуфар, Абдурразақ, Әбу Нұғай, Мұхаммед ибн Хасан аш-Шайбани, Хушайм, Уакиғ ибн әл-Жаррах, Қазы Әбу Юсуф бастаған бір топ ғалым Әбу Ханифадан хадис риуаят еткен».277
Аты ислам әлеміне танымал Абдулла ибн Мүбарак: «Алла Тағала мені Әбу Ханифа мен Суфян әс-Сәуридің ілімдері арқылы жарылқамағанда, мен көптің қатарында қала берер едім», – деген.278

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *