Дүниенің ақиқатын тану

Дүниенің ақиқатын тану
Дүние – мезгіл сипаты. Адамдар – жолға шығулар, олардың жолдары Алла тағаланың кеңдігіне аттанады. Дүние базары – кең байтақ, дала сахара жолдарымен шектесіп жатар. Тек мүсәпірлер ғана ол базарданкеректілерін алады. Дүние мен ақырет екі түрлі қасиетімен ерешеленер. Өлуден ілгерге кееңді дүниені дейді. Ал өлгенннен кейінгі кезеңдң ақырет дейді. Мақсат сол болар, бұл дүниеде ақыретке қажетті заттарды. Дайындап алу болар. Алла адамды әуелде жаратқанда өте қарапайым көптеген кемшіліктермен жаратыпты. Солай болған күнде де уақыты жетіп кемелденуне жағдай жасапты. Әзірет Хақ тағала өзінің кеңдігімен кемелдендіріпті, ол жарылқағандарына да жамалын көрсетушілерден. Адамның ең соңғы бақыт сағадаты да осы болар. Адам көрушілер қатарында бола алмас, қашан көңіл көзі ашылмағанша, ішкі жан дүниесінің көзі ашылмай, Хақ тағаланың жамалын көре алмас. Сол сияқты ілім-білімін де көре алмайды. Ал ілім-білім – Алла тағаланың дидарын көрудің кілті. Хақ тағаланың ғажайып жаратылысымен кемдекем ұшырайтын күшіті құдіретін көрудің құлыбын ашып берер. Алла тағаланың жарату тәртібінің кілті бес сезім қалауында болар. Тән қалауы – адамдағы ажырамайтын қалыпты жағдай су мен топыраққа байланысты. Сондықтан су мен топыраққа түсіпті. Ал бұл ғаламнан керек-жарақты заттарын дайындап, өз жаратылысын тану мен қалау жолы өнерімен Алланы тану арқылы, Хақ тағала ілім –білімін бойына дарытар. Қалау сезімі – адам тәнінің дос-жараны, қорғашысытірлігінің белгісі де. Уақыты жетіп қалау қасиетінен айрылса ақыретке барғаны болар. Ал адамның дүниелік болмысының себебі осыларға сабақтасатыны баяндалады. Адамның дүниде болуы екі түрлі жағдайға қажетті. Бірі – діл. Ал діл талаптары – Хақ тағаланың ілім-біліміне құштарлығында. Таратыңқырап айтсақ, әр нәрсенің дәм-тұзы өз кезегінде қажетіне лайықты болар. Бұл жағдай жоғарыда баяндалды. Ділдің жойылуы себебі сол болар Хақ тағаланың өзге нәрселермен достасуға бет бұрар болса, тәнді сақтау діл үшін қажет. Тән – пәни-өткінші, діл – мәңгі-бақи болар. Сонымен тән ділге, қажылардың түйесіне ұқсау деуге болады. қажылар қажылық жолында сапарда жүргенде қажет болғандықтан түйелерге су, пішен, басқа да жетіп алса, ол бейнеттер естен шығып кетер. Ал түйелерді бағу, қажетті жағдайлардың бірі еді. Уақыттымен әр қажетті жағдайларға көңіл бөлінбесе кеуен тобынанажырап қалып адасып опат болуы сөзсіз жағдай. Дәл осыған ұқсас адам да денесін тәрбиелеуге көңіл бөліп қарамаса, қажетті қару жарақтарынан жұрдай болып, ақырет бақытынан марқұм қалар. Дене – бұл дүниеде үш нәрсені қажет етпеуі мүмкін емес: жемек, кимек, және мекен-жай. Ішпек-жемектік – тағат-ғибадат қылу үшінқуат пайда қылар. Ал киім денеңді сақтауға қажет, мекен-жай ыстық-суықтан сақтап басыңа пана болар. Сонымен адамға дүниеде бұлардан қажетті зәрулер кем болар. Бәлкім дүниенің негізгі қажеттілері де осылар болар. Ал ділдің ең қажеттісі – Хақ тағаланың ілім білімі болар. Егер бұдан айырылса, жоғалғаны жеуге болады. дегенмен Хақ тағала адам денесіне шаһуат құштарлығын пайда қылыпты, оның қалауы әрдайым мазалы тамақ ішпек-жемек, жеңіл әдемі киінбек және үй салуды талап етер. Ал дене болса, рухының қызметкері қашан өлгенінше шаһуатты бойында сақтар. Шариатты Пайғамбар Әлейһус салам сөздерімен жіберді. Шариаттың негізгі шарттарын сақтауға ықтияттық жасау қажет. Алайда бұл шаһуат шабытын адам денесіне жас сәбилік шағында пайда болғандықтан ақыл мен шариғатқа көсемдік жасады. Сондықтан адамда бар қымбатын тағам және киім, үй-жайға жұмсады.
Осымен сен дүние, ақырет ақиқатымен дүниелік талаптардың (қажеттіліктердің) бәрін таныдың. Енді дүниеде бұтақталуын және шүбәлі жерлерін танып ал.

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *