Бұл хадис маған бәрінен қымбат сый болды

Бұл хадис маған бәрінен қымбат сый болды

Ғаурак әл-Куфи былай дейді: «Бір жолы имам Ағзамға арнайы сый- сияпатымды алып, үйінде қонақ болып түстім. Қайтарда маған әкелгенімнің екі есесіндей сыйлық тарту етті. Мен: «Мұншалықты тарту-таралғы беріп, әуре боларыңызды білгенде сыйлық әкелмес едім ғой», – дедім қысылып. Имам :
«Сыйлықты бірінші кім берсе, саупты сол алатынын білмейсің бе? Һайсамның Салихтан жеткізуінше пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сізге біреу жақсылық көрсетсе сендер де оның қарымтасын қайтарыңдар. Сыйлай қоятын ешнәрсе таппасаңдар оны құрметтеп, қошеметтеп жақсы сөз айтыңдар», – деген ғой»
– деді менің көңілімді жұбатып. Мен: «Бұл хадис маған бәрінен қымбат сый болды», – дедім».322
318 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 84-бет.
319 Мауаһиб ар-Рахман, 134-бет.
320 Макана имам Әбу Ханифа фил-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 101-102-бет.
321 Макана имам Әбу Ханифа фил-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 144-бет.
322 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 74-75 бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *