Амал иманның бір бөлігі ме?

Амал иманның бір бөлігі ме?

Анығында, Әбу Ханифа амалды иманның талабы ретінде емес, оны иманнан бөлек қарастырғаны белгілі. Әбу Ханифа бойынша амал иманнан кейін келеді. Адам намаз оқып, ораза ұстағандығы үшін Аллаға және пайғамбарына иланбайды, қайта Аллаға және пайғамбарына сенгендіктен құлшылық етеді. Құранда да алдымен иман ету, содан кейін барып амал ету мәселесінің айтылуы да амалдың иманнан бөлек екендігін көрсетеді427. Хайыз бен нифас жағдайларында әйелдердің кейбір парыздардан босатылуы да осы мәселеге дәлел. Өйткені, мұндай күйдегі әйелдер құлшылық жасамағанына қарамастан, мұсылман болып қала береді.
Әбу Ханифа бойынша күнә істеу мүминді иманнан ажыратпайды. Өйткені, Құранда зина жасап, кісі өлтіргенді имансыз демеген, бір түйір жақсылық жасаушыға да сауабы берілетіндігі білдірілген. Әзірет Али де өзіне қарсы соғысқан Шамдықтардың мүмин екендігін айтқан. Егер күнә жасау адамды діннен шығаратын болса, ширктен кейінгі күнәның ең үлкені кісі өлтірушіні хазірет Али кәпір деп атаған болар еді. Бұл бір жағы сахабалардың да осы мәселеге деген көзқарасын ұқтыруда428. Олай болса, күнәкар адам да мүмин ретінде қабылдануы тиіс, ал күнәсіне ақыретте жауап беру мәселесі – Алла Тағаланың еркіндегі іс. Қаласа, жазалайды, қаласа, кешіреді. Осыған орай, тек пайғамбарлар мен насстарда үкімі айқын айтылғандардың ғана тікелей жұмаққа баратындығын айтуға болады429. Енді осы мәселені имам Ағзамның өз аузынан тыңдасақ. Ол
«Уасияда» былай дейді:
«Иман дегеніміз – тілмен айтып, жүрекпен бекіту. Жалғыз тілмен ғана айту, иманның кәміл болуы үшін жеткіліксіз. Егер тілмен айтудың бір өзі кәміл (толыққанды) иман болса, екіжүзділердің барлығы момын саналар еді. Сол сияқты
426 Беязизаде, 131-132-б.
427 «Мәида», сүресі, 9-аят; «Мүмин» сүресі, 40-аят.
428 Әбулхайр, Ақидатул-Ислам уәл-имам әл-Матуриди, 190-б.
429 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-мутааллим, 18-б. Матуриди, Китабут-таухид, 615- 616-б.

Алланы ғана танып қою да иманның толыққанды кемеліне келуі үшін жеткіліксіз. Өйткені, танып қана қою толыққанды иман болса, онда Кітап иелерінің (христиан мен иудилер) бәрі да момын саналар еді. Екіжүзділер жайында Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Сондай-ақ Алла Тағала расында екі жүзділердің мүлдем өтірікші екендігіне куәлік етеді»430, – деп бұйырады. Сондай-ақ, Кітап иелері жайында Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Өздеріне кітап бергендеріміз Оны (Мұхаммедті) ұлдарын танығандай таниды»431 , – деп бұйырады.
Иман көбеймейді де, азаймайды. Өйткені, иман азайса – күпірліктің артқаны. Ал көбейсе – күпірліктің азайғанын білдіреді. Ал енді бір адамның бір уақытта момын әрі имансыз (кәпір) болуы мүмкүн емес. Момын ғана шынайы момын, ал дінсіз тек қана дінсіз бола алады. Күпірлікте күман болмағаны сияқты, иманда да күмән болмайды. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Міне солар, шынайы момындар»432, – десе мына бір аятта: «Міне олар анық кәпірлер»433, – деп
бұйырады. Сонымен қатар, Хақ Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)
үмбетіндегі күнәһарлардың барлығы мұсылман, олар кәпір емес.
Құлшылық иманның бір бөлігі емес, сол секілді иман да құлшылықтан емес. Бұған дәлел, кей жағдайда момынның мойнынан құлшылық жасау түсіріледі (яғни орындау міндет болмай қалады), бірақ, «Одан иман түседі» деп айтылмайды. Мысалы, етеккірі келген әйелден Алла Тағала намаз оқуды алып тастады, бірақ «Одан иманды түсірді, иманды тастауға бұйырды деп айтуға болмайды. Шын мәнінде Хақ Тағала оған (етеккірі келеген әйелге) «оразаңды тоқтат, кейін өтейсің» деді емес пе? Алайда, «иманыңды қоя тұр, кейін өтеп бересің» деп айта алмаймыз. Сол секілді, кедейге зекет беру міндетті емес» дей алғанымызбен, ендеше оған иман келтірмесең де болады деу дұрыс емес434.
Алла Тағала парыз етілген нәрселерді мүминдерге дінді мойындағаннан кейін ғана (орындауды) әмір еткен. Хақ тағала: «Иман келтірген құлдарыма:
«Намаздарын толық оқысын», – деп айт»435, «Әй, иман келтіргендер, сендерге қысас парыз етілді..»436, «Әй, иман келтіргендер, Алла Тағаланы көп еске алыңдар!»437, – деген аяттар мен осы мәндес басқа да аяттар аталған мәселені айқындауда. Егер парыз етілген нәрселер иман саналса, онда ол істерді жасамай тұрып Алла оларды муъминдер деп атамас еді. Хақ тағала иман мен іс-әрекеттерді (парыз етілген құлшылықтарды) бір-бірінен бөлек қарастырған. Осы орайда Алла Тағала: «Иман келтіргендер және ізгі амал жасағандар»438,
– деген және мына аятта: «Олай емес, кім жүзін Аллаға бұрып, жақсылық жасайтын болса»439, яғни (жақсылық жасап) иман келтірсе деген. Тағы да:
430 «Мұнфиқун» сүресі, 1-аят. 431 «Барақа» сүресі, 146-аят. 432 «Әнфәл» сүресі, 4-аят.
433 «Ниса» сүресі, 151-аят.
434 әл-Уасия
435 «Ибрахим» сүресі, 31-аят. 436 «Бақара» сүресі, 178-аят. 437 «Ахзаб» сүресі, 41-аят. 438 «Асыр» сүресі, 2-аят.
439 «Бақара» сүресі, 112-аят.

«Ал кім муъмин ретінде ақыретті қаласа және сол үшін тырысса..»440,– деген. Осылайша иман мен іс-әрекеттерді бір-бірінен бөлек еткен. Демек, мұсылмандар Аллаға имандары болғандықтан намаз оқиды, ораза ұстайды, қажылыққа барады және Алланы еске алады. Әйтпесе, намаз оқып, ораза ұстап және қажылыққа барғандығы үшін Аллаға иман келтірмейді. Бұл олардың әуелі иман келтіргендіктерін, сосын барып құлшылық жасағандықтарын көрсетеді. Олардың имандары парыздарды орындағандықтан емес, керісінше парыздарды орындаулары имандарына қатысты жүзеге асқан441.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *