Адамның бақыты — пенделікті өтеуінде

Адамның бақыты — пенделікті өтеуінде
Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағала ілім-білімін талдай берсек өте үзақ, бұл кітапқа симас.
Мұншалықты талдаудың өзі жеткілікті болар — егер талапкерге барлық ілім-білімді үйренуге қүштарлық зауқым пайда қылса. Адамдықтың бар бақыты – Хақ тағаланың ілімін үйренбек пен оған ғибадат етіп, пенделігін өтемекте. Себебі уақытымен адам дүниеден өтсе Хақ тағаладан өзге пана болмас. Алладан өзге шара көрсетуші жок, яғни қайтып баратын жер – Хақ тағаланың кеңшелігі ғана. Әр кісінің баяндылығы өз достымен сүйгені құзырында болар, достығы қаншалықты шынайы болса бақыты да одан артық болар. Хақ тағаланың ілімін білмейінше, оның сөздерін толық айтпағанша Алла тағаланың махаббаты оның діліне жайласа алмас. Егер адам не нәрсені дос түтса, оның айтқанын тұгел орындайтыны мәлім жағдай. Сол сөз арқылы жасалған мәмлелер арқылы достығы қалыптасып бекемделе түсер. Бұл жөнінде Алла тағала Дәуіт (а.с): «Сенің дертіңе дауа қылушы және панаң мен болармын. Барлық қол басшың мені білер, менің айтқандарымнан бір сәтте ғапыл қалмағын» деп хабарлапты.
Ал көңіліңдегі көрікті сөз сол сәтте ғана жеңіске жетер – егер пенде тағат пен ғибадатқа бой ұсынып оны міндетіне алып ғибадаттың ләззаты мен азабына шыдағанда ғана пайда болар. Алатын алыс-берісдүние ләззатынан қолын үзсе, сол сияқты шаһуат нәпсісін де тиіп қолын үзген жағдайда күнә істеуден қолын тиса ғана, жеңіске қолы жетер. Ал күнәдан қол тартпақтың мәнісі, көңілін суыту жағдайын пайда қылмақ себебінен болар. Тағат және ғибадатта орнына келтірмектік Хақ тағаланың айтқан соөздерінің жеңіске жеткені болар. Бүл екеуі де Хақ тағаланың махаббатының себебінен. Адамдық бақытының үрығы осылар болар, бүл мағынадан тек жақсылық, қайыр-сақауат, басқада ізгілктер пайда болар. Яғни бүл істер Хақ тағаланың махаббатына тән жағдайлар. Хақ тағала жарлық беріп, Ағла сүресінің 14-15 аятында: «Ол момындарға мағрифатты махаббатты заттан. Олғарыш ұлығы аталатын өте биік дәрежелерден», — деп хабарлаған. Жалпы амал Хақ тағалаға ғибадаттан абзал емес және жалпы дүние ләззатынан қол жию да шарт емес. Өйткені егер адам тағам жемесе өледі. Егер ерле-қатынның қатынасы болмаса ұрпақ көбеймес. Кейбір ләззаттан қол тартқанмен бағзы біреулерін орындауы ләзәм, яғни нәпсісі орта дәрежеде үстағаны жөн. Екі жағынанда құр алақан болмағаны жөн. Адам өзінің ақыл қалауын шын көңілімен іске асырар немесе бір кісіден үйрену арқылы жүзеге шығарар. Сондықтан әуестік қалауы жеңіске жетуінің жалғасы, рухани Хақ тағаланың көңіл көк жиегінде сақтауда болар. Әр бір мұрат-мақсат, нәпсінің – қалауы болар. Ол дүрыс емес нәрсені кісіге дүрысқа ұқсатып көрсетер. Сонымен, сен ықтияр тізгінің әуес қалауының қолына бермегейсің. Мүмкін, бір кісіге тапсырарсың. Ол – халайықтың таңдап алған таза тап-тұйнақтай әулиелер сәлемдемесі іспетті болар. Ал төмен тәртіпсіз шариат және молласымақтар Хақ тағаланы өзі тарапынан таратқысы келер өздерін дақындатуға бейімдер. Пенденің бақыты мен құлшылығы да осыларға ұқсар. Әрбір кісі шариғат талабынан шығып өз ықтиярымен амал қылса қатерден аулақ болмас. Осы бір мағынаны Хақ тағала Талақ сүресінің 1-ші аятында: «Кісі Хақ тағаланың жарлығынан шет шықса, ол ақиқатында өзіне зұлымдық жасар» депті.

 

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *