Адал жолмен тапқан дүние иесін табады
Бір күні Әбу Ханифаға бір ауқатты адам келіп, өзіне Алла Тағаланың мал- мүлік бергенін, садақа бергісі келетінін, бірақ берген садақасын алған адамдардың жағдайын бақылап көргенде дұрыс адамдар емес, садақа алуға лайықты болмай шығатынын айтады. Әбу Ханифа өз қалтасынан бірнеше дирһам беріп, оны
182 «Бақара» сүресі, 260
183 Саймари. 23-24-б.
184 Жунди. 60-б. 185 Әбу Захра. 54-б. 186 Саймари. 30-б.
187 Хайсами. 109-б.
таң атпай үйден шыққанда ең бірінші кездескен адамға беруді тапсырады да:
«Қайтып айналып маған кел, сол кезде жауабын беретін болам», – деп жолға салады. Ол айтылған бойынша бірінші кездескен адамға бермекші болады. Бірақ оның бейнесі жағдайы нашар адамға ұқсамайды, киім киісі ауқатты адамдардай көрінеді. Садақаны берсем, ол ашуланып жүре ме деп екі ойлы болады да, ақыры тәуекел деп оған әлгі садақаны береді. Ол басын төмен иіп, садақаны үндемей алып алады. Садақаны алушының қайда баратындығын білу үшін соңына түседі. Бір ескі үйлердің орнына келгенде бір жапырақ етті алып лақтырып жібереді. Мұнысы несі екен деп, сұрамауға шыдамы таусылып, оның жанына келіп мән- жайды сұрайды. Ол басқа елден келіп адасып қалған жолаушы екен. Жолда аштыққа шыдамай бір өлген жануардың етін тауып содан жан шақырады, еттен біраз алады, таңға дейін тағы ішіп-жейтін нәрсе табылмаса, әлгі етті жемекші болады. Сөйтіп әрең дегенде ауыл шетіне ілініп, бір нәрсе табылар деген оймен келе жатқаны екен. Болған істі Әбу Ханифаға келіп айтады. Сонда Әбу Ханифа:
«Есіңде болсын! Жаман жолмен табылған мал-мүлік, дұрыс адамға қол болмайды. Мал-мүлкіңнің ішінде бір арамдық немесе бір күмәнды нәрсе бар. Сондықтан, ол тиісті орнын таппайды. Егер сенің мал-мүлкіңнің бәрі түгел халал жолдан келген болса, менің әлгі ақшам сияқты тиісті орнын табар еді. Өйткені, мен адал жолмен мал табам. Көрдің бе қалай ойламаған жерден лайықты адамға жеткенін. Сен кеше келгенде дәл осылай жауап берсем, саған мұншалықты әсер етпейтін еді»,
– деді.188
188 Кердерлік Ханафи ғұлама, 86-бет.